Бидайдыњ біртектілігін аныќтау



бет13/25
Дата21.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#85365
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
file-10345 (6)

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұсақталған өнімдердің ШЫК қалай анықтайды және ол нені көрсетеді?

  2. ПП-2 приборының жұмысын түсіндіріңіз.

  3. ШЫК қандай факторларға байланысты?

  4. Температура мен ШЫК арасында қандай байланыс бар?

10 Лабораториялық жұмыс.


Әр түрлі факторлардың еттің жұмсақтылығына әсері.


Жұмыстың мақсаты-еттің жұмсақтылығына әртүрлі факторлардың әсерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: торзиондық таразы, секундомер, 1кг жүк, күлсіз, диаметрі 8-11 см фильтрлер, мөлшері 11х11х1 см плексиглас пластинасы, диаметрі 2 см полиэтилен дөңгелектер, химиялық қарындаш.
Еттің жұмсақтығы Еттің жұмсақтығы оның компрессиялық қасиеттеріне жатады және өстік қысу кезінде пайда болады. Мұнда өнімнің үлгісіне түскен қысымның рөлі маңызды. Өнімге түскен қысымның әсерінен көлемдік деформация пайда болады.
Еттің жұмсақтығын пресстеу тәсілімен анықтайды. Тәсіл 1 кг жүктен 10 мин уақыт престелген еттің ауданын табуға негізделген.
Еттің жұмсақтығы малдың түріне, қоңдылығына, еттің морфологиялық құрамына байланысты. Ол технологиялық өңдеу кезінде, мысалы, тұздау, пісіру, жылу мен өңдеу кезінде өзгереді.
Анықтау тәсілі. Анықтау алдында мөлшері 8-11 күлсіз фильтрлердің ылғалдылығын 8-9% -ке түсіреді. Ол үшін фильтрлерді үш сағат эксикаторда хлорлы калийдің қанық ертіндісінің үстінде ұстайды.
Зерттеу алдында фильтрді көлемі 11х11х1см плексиглас пластинаға салады.
Фарштың 0,3 г өлшемін, полиэтилен дөңгелекке салып, торзиондық таразыда өлшеп алып, оны дөңгелектің астында қалатындай етіп, фильтр қағазға салады. Өлшемнің үстіне осындай пластинка салып, оған салмағы 1 кг жүк қойып 10 мин уақыт ұстайды. Содан соң фильтрді өлшем мен жүктен босатып, химиялық қарандашпен жанышталған еттің контурын сызады. Планиметрдің көмегімен немесе орташа диаметрі бойынша еттің ауданын /см2/ анықтайды.
Жұмысты орындау тәртібі
Тұтас және тартылған еттің жұмсақтығын анықтау үшін олардан 0,3г өлшемнен алады да, үстіде жазылған тәсіл бойынша жұмсақтығын анықтайды.
Еттің 5-10 г кесектерін 10,15,20,25 %-тік тұз ертінділерінде 1 сағ ұстайды. Содан кейін кесектерден 0,3 г өлшемді алып, еттің жұмсақтығын анықтайды.
Қорытынды бойынша еттің жұмсақтығының тұз ертіндісінің концентрациясына тәуелділігінің графигін салу керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Еттің жұмсақтығы деген не?

  2. Еттің жұмасқтығын қандай тәсілмен анықтайды

  3. Еттің жұмсақтығы қандай факторларға байланысты?

1 тәжірибелік жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет