Бидайдыњ біртектілігін аныќтау



бет12/25
Дата21.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#85365
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
file-10345 (6)

Бақылау сұрақтары:

  1. Сұйықтардың тұтқырлық коэффициенті нені білдіреді ?

  1. Кинематикалық тұтқырлық коэффициенті қалай анықталады ?

  1. Вискозиметрдің қандай түрлерін білесіздер ?

  2. Тұтқырлық коэффиенті қандай факторларға тәуелді ?

9 лабораториялық жұмыс.
ПП-2 приборында тартылған еттің құрылым -механикалық көрсеткіштерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: жартылай автоматты ПП-2 пенетрометрдің жұмысымен танысу және онда тартылған өнімдердің шекті ығысу күшін (ШЫК) өлшеу.


Құрал-жабдықтар: ПП-2 приборы, қаңылтыр қалбыр, күрекше, секундамер, термометр.
Тартылған, ұсақталған ет өнімдерінің құрылымын сипаттау үшін негізгі өлшем ретінде шекті ығысу күші (ШЫК) (предельное напряжение сдвига) (ПНС) алынған. Оны жартылай автоматты пенетрометрде (3-сурет) академик П.А. Ребиндердің тәсілімен өлшеп, төмендегі формуламен анықтайды:
;
мұнда: K=2,14-конус тұрақтысы, н/кг;
m - конус пен штанганың салмағы, кг; (75 г)
h - конустың бату тереңдігі, м.
3-сурет Жартылай автоматы пенетрометр


Жартылай автоматтар пенетрометр (3-сурет) корпустан І, оның ішіндегі штоктан (2), цилиндр (4) мен поршеньнан (5) тұрады. Цилиндрде поршень қозғалғанда ауа кіріп, шығып тұратын тесіктер (6) бар. Индентор жоғары нүктеде ұстап тұратын тетіктің құлақшасы (7) және бекіткіші (8) бар. Индентордың қозғалысын тіркейтін механизм өсте екі айнала алтын цилиндрлерден (9) және (10) тұрады.


Цилиндр (9) қарсы салмағы (13) бар (12) жіпше арқылы штокпен (2) байланысқан. Жіпше (12) штоктағы саусақты ілгішке (14) кіреді. Цилиндр (9) серпімді магниттен жасалған пластинамен (15) жабдықталған. Цилиндрге (9) есептеу шкаласында (17) индентордың бату шамасын көрсететін стрелка (16), электромагнит (18) бекітілген.
Индентор (3) зерттелетін өнімге тигенде, электр тізбегі тұйықталып, электромагнит (18) пластинаға (15) әсер етеді. Сонымен қатар, электромагнит цилиндр (10) арқылы стрелканың өз орнына қайтуына себеп болады.
Қондырғы электр өткізгіш материалдан жасалған өнім салатын табақшамен (19), түйісу пластинасымен (20) және тұрақты тоқты күшейткішпен (9) жабдықталған.
Жартылай автоматты пенотрометр былай жұмыс істейді. Оны тоққа қосып, күшейткішке (21) кернеу береді. Зерттелетін шұжық фаршын табақшаға (19) салып, түйісу пластинасының (20) үстіне , дәл индентордың (3) астына қояды. Содан соң бекіткішті (8) жібереді. Сол кезде индентор (3) өз салмағының күшімен штокпен (2) бірге төмен жылжиды, оның жылдамдығы, цилиндрге (4) тесіктер (6) арқылы кіретін ауаға байланысты, тежеледі. Осы мезгілде жіпше (12) арқылы цилиндр (2) бұрыла бастайды. Индентор (3) зерттелетін фаршқа тиген кезде тұрақты тоқ күшейткішімен (21) электр тізбесі тұйықталып, электромагнитке (18) тоқ беріледі. Осының нәтижесінде ол өзі пластинаны тартып, (9) және (10) цилиндрді біріктіріп және индентор фаршқа кірген сайын оларды бұрады. Осының әсерінен стрелка (16) жылжып, есептеу шкаласында өлшеу соңында іздеген шаманы көрсетеді.
Инденторды (3) жоғары нүктесіне қайтарып, бекіту құлақша (7) мен бекіткіштің (9) көмегімен іске асырылады. Бұл кезде электр тізбесі ажырап, электромагнит тоқсызданады, ал пластина (15) серпімділік кішінің әсерінен өз орнына қайтады, цилиндрдің (10) салмағының күшімен стрелка бастапқы орнына келеді.
Үлгіні дайындау тәсілі. Зерттелетін фаршты электр өткізгіш материалдан жасаған цилиндрлік ыдысқа (қалбырға) салып, күрекшемен тығыздайды. Фарштың ішінде бос кеңістік болуға тиіс емес, беті тегіс болу керек.
Өлшеу тәсілі. Прибор тегіс жерге қойылады. Фарш салынған ыдыс түйісу пластинасына конус ұшының астына қойылады. Бекіткішті ағытып, конусты штанга мен бірге бос жібереді. Осы мезетте секундомерде тәжірибенің басталу мезеті белгіленеді. Конус фаршқа кірген сайын түйісу ауданы үлкейіп, бату жылдамдығы нөлге тең болғанша азаяды. Конустың батуы 100 с ішінде аяқталады деп есептеледі, өйткені одан кейінгі бату тереңдігі өте аз болғандықтан есептелмейді.
ШЫК көрсеткішін әр 15 мин сайын фарштың температурасына байланысты өлшейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет