3-мәтін ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА ЖАУАП НОТАСЫ Қырғызстан тарабының нотасы: "Достық қатынастағы Қазақстан басшысының Қырғызстанның ішкі ісіне араласпайтыны туралы мәлімдемесіне қарамастан, оның сөзі Қазақстан тарабының болашақ президентке қатысты басымдығын айқын білдіреді. Осылайша, қырғыз тарабы аталған сөзді, сонымен бірге Қазақстан жағының бұл кездесу жайлы кеңінен жариялауын Қырғызстан халқының таңдауына ықпал етуге және Қырғызстанның ішкі ісіне араласуға тырысу деп бағалайды" .
Қазақстан тарабының жауап нотасы: "…Қазақстандық тарап биылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз республикасының президенттігіне үміткер кандидаттардың бірімен болған кездесуіне орай, Қырғыз республикасының сыртқы істер министрлігінің әрекетіне қатты таңданыс білдіреді. Мемлекет басшысының әртүрлі елдердің көрнекті саяси қайраткерлерімен және саяси партиялардың басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады және халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді. Бұл ретте мұндай іс-шаралар ашық, транспарентті сипатта өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады. Мәселен, ү.ж. 14 тамызда Астанада Мемлекет басшысы Қырғыз республикасының президенттігіне кандидаттардың бірі, бұрынғы Премьер-Министр С. Жээнбековпен осындай екі жақты кездесу өткізді".
4-мәтін Бүгінгі таңдағы жеке тұлғаны тануға бағытталған ұмтылыс ғылыми көзқарастардың жаңаруының негізгі мақсаты болып, көптеген ғылымдардың нысанасына айналып отырғанына ғылыми әдебиеттерді саралау барысында көз жеткіземіз. Тіл білімі нысанына «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы тұлға ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалды. Антропоөзектік парадигмада «тілдік тұлға» түсінігінің, анықтамасының пайда болуы, оны зерттеу қағидасы мен теориясы орыс тіл білімінде жасалғанымен, «тіл және тұлға» мәселесі, тілдің қызметі мен өмір сүруін оны тұтынушы тұлғамен байланыста зерттеу идеясы тіл білімінде барлық кезеңдерде де болды.
5-мәтін Абайы жоқ, Жамбылы жоқ, Мұхтары жоқ ел шын бақытсыз болар еді. Не деген әділетсіздік: тұлпарды тұсап қояды да, «ал, шап!» дейді. Депутаттар орысшаға жүйрік дейді, қазақшаға күйбіктейді. Мемлекет басшыларынан бастап, жергілікті әкімтайға дейін қазақша сөйлемесе, бұл тілде ресми құжаттар жүргізілмесе, оның несі мемлекеттік тіл?