Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет84/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Топтық тапсырма.


Тапсырманы орындау уақыты: 20 минут.
1-қадам. «Хоббиіңді кәсіпке айналдыр немесе жақсы көрген ісіңмен айналыс» тақырыбына жазылған мақаланы негізгі тәсілдері бойынша талдаңыздар.
2-қадам. Оқушылардың мақала жазу дағдысын жетілдіруге арналған тапсырма әзірлеңіз.
Оқу мақсаты: 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау


Мақала
Хоббиіңді кәсіпке айналдыр немесе жақсы көрген ісіңмен айналыс
Адам өзінің мамандығын сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне байланысты таңдайды. Сыртқы факторларға сырттан келген ықпалдарды жатқызуға болады. Мысалы, ата-анасының ықпалы, әлеуметтік жағдайлар, қаржы мәселесі және т.б.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер мамандықты емес, грантқа түсуді көздейді. Нәтижесінде адам өзін қызықтырмайтын маман иесіне айналады. Студенттерден оқуға немқұрайлы қарау себебін сұрағанда, көпшілігі мамандықты өзінің ұнатып таңдамағандығын алға тартты. Кейінгі кездерде ата-аналар балаларын өздерінің жағдайлары келетін мамандыққа әкеліп түсіреді, кейбірі талапкердің пікірімен санаспайды. Талапкерлердің өздері қандай мамандықты таңдайтындықтарын білмейді.
Ішкі фактор – бұл адамның ішкі жан дүниесінің қалауымен жасаған таңдауы.
Адам мамандықты өзінің қызығуымен таңдайды. Бұндай жағдайда таңдаған мамандық оны қызықтырады. Apple компаниясының негізін қалаған Стив Джобсс: «Ұлы істерді жасаудың жалғыз жолы – жұмысыңды жақсы көріп істеу», – деп атап өтеді.
Психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша, адам өзінің жақсы көрген ісімен айналысу керектігін былай көрсеткен:
1)шаршамайды,жалықпайды;
2)сол саладағы ізденісі тоқтамайды;
3) дамудың жоғары деңгейлеріне жетеді және оны жоғары деңгейде орындайды.

Ісін жақсы көрген адам үшін ең бірінші кезекте жұмысына төленетін жалақы емес, сол жұмысын жасағаны маңызды болып табылады. Сол себепті бұндай адамда өзінің бәсекелестерін жеңіп шығу мүмкіндіктері мол.
Адам өзіне лайықты мамандықты таңдау үшін төмендегідей әдістер ұсынылады:
1) кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған тестілеуден өту;
2) саланың адамдарымен ақылдасу;
3) өзіндегі бастапқы мамандықты түрлендіру;
4) өзін қызықтырған мамандық туралы ақпарат жинау;
5) бала кездегі арманын еске түсіру, себебі балалық шақта ешбір сыртқы фактор әсер ете қоймайды.

Осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолдану арқылы таңдайтын мамандықтар тізімін қысқартуға болады.
Таңдалған мамандықтың дұрыстығының екі белгісі бар:

  1. істің жеңіл, тез әрі қатесіз орындалуы;

  2. істі орындаудан шаршамау, керісінше, сол істен рахаттану, рухани жақсы әсер қалдыру.

Практика адамның таңдаған мамандығының дұрыс немесе бұрыс екендігін айғақтайды.
Қорыта айтқанда, адамдар өзінің табиғатына сай мамандықты таңдайды. Мамандықты дұрыс таңдау – өз ісінің шебері болып қалыптасуына негізі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет