«Білім беру психологиясы»


ДӘРІС 11. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ



бет18/24
Дата13.02.2022
өлшемі49,63 Kb.
#25374
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
ДӘРІС 11. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Мектепке психологиялық дайындық-бұл үлкен мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуының жүйелік сипаттамасы, оған оқу іс-әрекетін орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қабілеттер мен қасиеттерді қалыптастыру, сонымен қатар оқушының әлеуметтік позициясын қабылдау кіреді. бұл баланың психологиялық даму деңгейі (6-7 жас), тобында оқу жағдайында мектеп оқу бағдарламасын игеру үшін қажет және жеткілікті

Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.

Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау.

Баланың танымдық қызығушылығын білу- бала жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.

Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?

Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрсенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.

Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды. Баланың сұрақтары болмаған жерде дүниені тану да, даму да болмайды.

Сондықтан да баланың білуге құштар жүрегінен шыққан әр сұраққа мұқият қарап, ойланып жауап беру мағызды. . Бала сұрақ берген сәтте оған ұзын-сонар жауап айтудың қажеті жоқ, оның ұғымына сай қысқа әрі нұсқа жауап беруге болады. Сұраққа жауап бере отырып, баланы ойлануға жетелеу керек. Шама келсе, баланы өзін қызықтыратын сұрақтарға жауапты сөздіктерден, балалар энциклопедиясынан іздену арқылы табуға жетуіне тәрбиелеу керек. Бала өзін қоршаған ортамен белсенді байланысқа түскенде ғана «Неге бұлай? Бұл қалай? Неліктен? Не себептен?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Мұндай кездерде ата-ана баланың дамуына ықпал ететін, ол үшін жаңалық болып ашылатын сан алуан әрекет түрлерін ойластырғаны, ұйымдастырғаны жөн. Сол арқылы бала өзін тұлға ретінде таниды, өзі үшін маңызды жаңалық ашады. Ата-ана баласын табиғат аясына, хайуанаттар бағына, саябаққа ертіп апару арқылы олардың дамуын белгілі бір танымдық мақсатқа бағыттайды. Сонымен қатар ол баланы салыстыруға, талдауға, қорытуға, ой түюге итермелейді.

Психологтар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін келесі жағдайларды бөліп көрсетеді:

1.Бала дамуында ерекше сезімтал, әсершіл кезең деп шамамен 3-тен 12 жас аралығы саналады. Сондықтан баланың ақыл-парасат дамуының кемелдігі үшін осы кезеңді босқа өткізбей, толыққанды қолдана білу керек.

2.Баланың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде болады. Осы қабілеттерінің дамуы үшін оның оқуға деген ұмтылысы, білуге деген талпынысы басты орынға шығады.

3.Тәрбиенің тең құқылы жүйесі. Ата-ананың балаға үстемдік жасауы, өз айтқандарын істетеіп, баланың ішкі пікірін есепке алмауы, санаспауы, баланың толыққанды дамуын тежеуші бірден-бір фактор болып табылады.

4.Баланы интеллектуалдық тапсырмалар мен жаттығулар орындауға үйретіңіз. Бірақ баланың еркінен тыс мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Керісінше, оның қызығушылығын жойып, белсенділігін тежейді.

5.Өз бетінше оқу. Бала 9 жасына дейін өз бетімен кітап оқып үйренсе, бұл баланың дамуын ары қарай ұштап дамыта түспек.

6.Өзін жоғары бағалау. Бала өзін, өз қабілеттерін жоғары бағаласа ғана, мақсат еткен, қолға алған кез-келген істе сенімді болады.

7.Бала белгілі бір табысқа қол жеткізген жағдайда ғана өзін-өзі бағалай бастайды. Сондықтан да баланы табысқа, жетістікке жетелейтін жағдай жасауға ұмтылу керек.

8.Баласының интеллектуалдық дамуын, зейінінің өсуін қадағалап отыратын, кітап оқығанды жақсы көретін отбасында баланың дамуы жедел жүреді.

Алты жастағы балаларды оқытуда ойын оқыту әдіс ретінде ерекше орын алады. Осы жастағы балаларға тән мінез-құлық: ойынға деген қызығушылығының артуы, мінез-құлық еріктілігінің жетіспеушілігі, көрнекілік-бейнелік ойлауы. Сондықтан балаларды дамытуда танымдық мазмұны бар ойын элементтерін қолдану өте тиімді болады. Осындай элементтер болып: ойын сюжеті, рөлдерді бөлу, берілген мақсатқа жету және арнайы ережелерді орындау үшін ұтысты ойын элементтерін пайдалану. Аталған әдіс-тәсілдерді тәжірибелік іс-әрекетте күнделікті қолдану





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет