Флори-Хаггинстің полимер ерітінділері теориясы. Полимерлер ерітінділері туралы алғашқы Флори-Хаггинс теориясы ХХ ғасырдың 40-50 жылдары жасалынды. Бұл теория полимер ерітінділерінің физикалық мәнін анықтауда үлкен рөл атқарды және кейбір қағидалары осы кезге дейін өз күшін жойған жоқ.
Флори-Хаггинс теориясы квазикристалдық тор моделіне жасалынды. 6.5-суретте екі компонентті ерітіндіге арналған үлгі көрсетілген.
Теория мынадай қағидаларға сүйенген:
макромолекуланың барлығы иілгіш және олардың шамалары бірдей;
еру атермиялық, яғни ∆H = 0;
квазикристалдық тор n0 ұяшықтан тұрады, әр ұяшыққа еріткіштің бір молекуласы немесе еріткіш молекуласымен орын алмаса алатын тізбектің бір үзіндісі (сегменті) орналасады: жылулық қозғалыстың әсерінен сегмент еріткіш молекуласымен немесе басқа сегментпен ауыса алады;
6.5-сурет. Төмен молекулалық (а) және полимерлер (б) ерітінділері үшін квазикристалдық тор моделі.1- тор түйіндері; 2- еріткіш молекулалары; 3-еріген төмен молекулалық заттардың молекулалары; 4-полимер молекулаларының сегменттері. I- концентрация төмен; II- концентрация жоғары
жүйеде еріткіштің n молекуласы және полимердің N тізбегі бар, әр тізбек r үзінділерден тұрады, яғни n0= n+rN;
Теорияны өте сұйытылған ерітінділерге қолдануға болмайды,
себебі макромолекула шумақтары мұндай ерітінділерде бір-бірінен бөлініп тұрады. Сондықтан оны шумақтар бір-бірімен жанасқан жартылай сұйытылған ерітінділерге қолдануға болады.
Еріткіш молекулалары мен полимер макромолекулаларының мөлшерлері бір-бірінен алшақ екенін және тізбектегі сегменттердің бір-бірімен байланысқанын ескере отырып, Флори және Хаггинс иілгіш тізбекті полимердің атермиялық ерітіндісі комбинаториалды (геометриялық) араласу энтропиясын былай өрнектеді:
Sap R N1 ln1 N2 ln 2
Sap R n1 ln1 n2 ln 2
(6.10)
(6.11)
мұнда N1 және N2 − еріткіштің және полимердің молекулалар саны, φ 1 және φ 2 − еріткіш пен полимердің көлемдік үлесі; n1 және n2 − компоненттердің моль саны; R – универсал газ тұрақтысы.
Полимер ерігенде еркін энергия кемиді, яғни Gap ар Т Sap.
Егер еру атермиялық болса, 0 , онда еркін энергияның өзгеруі былай анықталады:
Gap Т Sap RT n1 ln1 n2 ln2
(6.12)
Vap 0 , ал полимер мен еріткіштің арасында әрекеттесу болғандық- тан араласу энтропиясының мәнінде де ауытқу байқалады. Осы әрекеттесуді есептеу үшін соңғы теңдеуге қосымша қосынды қосамыз. Оны өлшемсіз параметр χ деп белгілейміз. Оны әрекеттесу пара- метрі немесе Флори-Хаггинс параметрі дейді. Ол макромолекуланың еріткішпен әрекеттескенде Гиббс энергиясына энтальпияның және энтропияның қосқан үлесін көрсетеді:
Gap RT n1 ln1 n2 ln2 n12
(6.13)
Бұл теңдеу полимерлердің еру мүмкіндігін анықтайды. Полимер мен еріткіш арасындағы әрекеттесу параметрі χ ерітінділердің және полимерлер қоспасының термодинамикалық қасиеттерін көрсетеді. 6.2-кестеде кейбір жүйелер үшін χ мәндері келтірілген:
6.2- кесте. Кейбір полимер-еріткіш жүйелер үшін термодинами- калық әрекеттесу параметрлері (20-250С)
Достарыңызбен бөлісу: |