Айнұр сұлулық салонын ашты. Оның салонында үш жұмыс орны бар, оның екеуі шаштараз және визажист. Маникюр шеберіне қажеттілік бар. Екі жұмыс орны үй-жайды жалға алу шығындарын жабады, бірақ Айнұр клиенттердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, бұл келушілердің біртіндеп кетуіне әкеледі. Айнұр ынтымақтастықты талқылау үшін танымал маникюр шеберімен кездеседі.
Айнұрдың ұстанымы: басқа шеберлердің құнына ұқсас құны бойынша ұзақ мерзімді негізде орынды жалға беру қажет,себебі жаңа клиенттердің келуіне қажеттілік бар.
Маникюр шеберінің ұстанымы: жұмыс орнына қажеттілік бар, бірақ бастапқы капитал жоқ. Орынды тегін алғысы келеді, себебі өзінің клиенттік базасы және ең жақсы шебер деген атағы бар.
Топта жұмыс істей отырып, Айнұр және маникюр шебері қабылданған шешімге риза болатын келіссөздер стратегиясын әзірлеңіз. Мұндай келіссөздердің стратегиясы мен қорытындысын сипаттаңыз. Өз таңдауыңызды негіздеңіз.
2-тапсырма
Интернет-технологияларды өте жақсы білмейтін адам өз интернет-дүкеніне арналған сайтқа тапсырыс беру ниетімен сайттарды жасау жөніндегі кәсіби студия ресурсына барады. Әзірлеушілер тапсырыс берушінің талаптарын тыңдайды, оған ең қолайлы нұсқаны таңдайды және бағасын айтады. Тапсырыс беруші риза, мәміле жасалады, алдын ала төлем жасалады. Бірақ біршама уақыттан соң тапсырыс беруші Интернет кеңістігін "аралай" бастайды және кездейсоқ интернет-дүкенге арналған сайтты екі сағатта және мүлдем тегін жасауға болатынын анықтайды Нәтижесінде тапсырыс беруші оны алдап, қалтасын қақты деп санап байбаламға салынады. Әзірлеушіге алдын ала төлем жасаған тапсырыс беруші өз ақшасын қайтаруға шешім қабылдайды. Ол мамандары өзіне сайт жасайтын компанияға телефон соғып, өз шағымын айтады. Әзірлеушілер тапсырыс берушінің арынына қарсы келе алмай, оған ақшасын қайтарады.
Келіссөздердің қандай стратегиясы таңдалғанын анықтаңыз.