Дәріс 12. Тақырыбы: Жер мәселесі. Мақсаты


Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы



бет3/10
Дата19.04.2023
өлшемі77,68 Kb.
#84101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы. ХIХ ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанда өнеркəсіп өндірісі өмірге келді. Алғашқы кезде Қазақстанда негізінен өнеркəсіптің екі саласы жəне жергілікті жерде шикізаттарды өңдеу саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші, кен-зауыт өнеркəсіптері, сондай-ақ ауыл шаруашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркəсіп. Тау-кен өнеркəсібі Алтайда жəне Орталық Қазақстанда дамыды. Кен орындары жеке кəсіпкерлерге сатылды. Қазба байлықтары мол кен орындары қазақтардан аса арзан бағамен сатып алынды. Мысалы, қазақ байлары көпес Ушаковқа Қарағанды тас көмір кен орнын небəрі 255 сомға, ал Жезқазған мыс кен орнын 100 сомға сатты.
Бұл кен орындары жыртқыштықпен игеріле бастады. Олардың негізінде Спасск-Воскресен жəне Успен мыс кеніштері құрылды. Солармен қатар көпес Поповтың күміс-қорғасын балқыту кəсіпорындары да жұмыс істеді.
1898 жылы Воскресенск Кен-өнеркəсіп қоғамы құрылды. Оның мақсаты Павлодардан Балқашқа дейінгі далалық аймақтағы тас көмір мен мыс рудаларын өндіру болды. ХIХ ғасырдың аяғына қарай мыс өндіруден Қазақстан Орал мен Кавказдан кейінгі орынға шықты.
Патша үкіметі алтын өндіруге баса назар аударды. ХIХ ғасырдың 70-80 жылдарында бұл сала қарқынды дамып, жаңа кен оындары іске қосылды. Мысалы, 1879 жылы Өскемен, Зайсан уездерінде ғана 73 кен орындары ашылып, жұмыс істей бастады. 1884-1904 жылдар аралығында бұл аймақта тағы да 137 жеке меншік кен орындары ашылды. Жалпы 1882-1892 жылдар арлығында Қазақстанда алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті.
Тұз өндірісі де дамыды. Тұз тек жергілікті қажеттерді өтеу үшін ғана емес, сонымен қатар өлкеден тыс жерлерге сату үшін де өндірілді. Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек тұз кəсіпшіліктері, өлкенің солтүстік-батысындағы Коряков, Поволжье, Қарабас тұз кəсіпшіліктері жұмысшылар саны көп əрі ірі капиталистік кəсіпорындарға айналды.
Мал шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кəсіпорындар негізінен Ақмола жəне Семей облыстарында пайда болды. 1888 жылы Семей облысында 63 «зауыт» - 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашытатын жəне басқа да 4 зауыттар болып, оларда 262 жұмысшы істеген, жалпы шығарған өнімдері 230 147 сомға жеткен.
1886-1895 жылдар аралығында ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кəсіпорындар саны 1086-дан 2124-ке дейін өскен.
Жалпы алғанда, ХIХ ғасырдың аяғында Қазақстан өнеркəсібі Орталық Ресейдегі капиталистік өнеркəсіппен салыстырғанда əлдеқайда баяу дамыды.
Қазақстан негізінен шикізаттың арзан көзі ретінде қарастырылды. Бұл жерлерде ескі техника қолданылды, өнім сапасы төмен болды. Жалдамалы жұмысшылардың басым көпшілігін кедейленген қазақ шаруалары құрады, олар аса ауыр жағдайда жұмыс істеуге мəжбүр болды.
Өнеркəсіптің даму үрдісі өлкеде қатынас- жол мəселелерін шешуді талап етті. Транссібір темір жолының салынуының зор маңызы болды. Енді тасылатын тауарлар көлемі артты. ХIХ ғасырдың аяғында құрылысы басталған Орынбор- Ташкент темір жолы Қазақстанның оңтүстігін еуропалық Ресеймен жалғастыратын болды. ХIХ ғасырдың ортасынан бастап өлкеде сауда-саттық тез дами бастады.
Қажетті өнеркəсіп тауарлары Ірбіт, Нижегород жəрмеңкелерінен де əкелінді. Өлкенің өз ішінде де жəрмеңкелер маңызды рөл атқара бастады. Семей облысындағы Қоянды жəрмеңкесіне көпестер Орта Азия, Қытай, Шығыс Түркістаннан келетін болды. ХХ ғасырдың басында мұндағы сауда айналымы 4 млн. сомды құрады.
Қазақстанның Монғолия жəне Шыңжаңмен шекаралас болуы шет елдермен сауда жасауға кең мүмкіндік ашты. 1860 жылы Ургада (Улан-Батор) орыстың тұңғыш коммерциялық фирмасы құрылып, Үлбі, Алтай, Бұқтырма сияқты қыстақтар арқылы Өскемен көпестері байланыс орнатты.
Қытаймен сауданың дамуына аумақтың шектестігімен бірге 1881 жылы Цин империясы мен Ресей арасындағы Петербург шартына қол қою игі ықпал жасады.. Верный, Семей, Зайсан қалалары мен қоныстары, сондай-ақ Қатон-Қарағай, Қорғас жəне басқалары сияқты кеден пункттері бұрынғысынша сауда орталықтары ретінде маңызын сақтап қалды. Қытайдан тері, жүн, кесек күміс жəне əсіресе шай көп тасылды. Сауда айналымы жылдан жылға артып отырды. Мысалы, 1895 жылы Зайсан кедені арқылы -315 475 сом 64 тиын, Алқабек арқылы – 119 203 сом, Қатон-Қарағай арқылы – 42 666 сом; барлығы – 560 206 сом 25 тиынға қытайдың түрлі тауарлары əкелініп; ал осы мекендер арқылы 607 554 сом 45 тиынның тауары Қытайға апарылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет