Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет44/54
Дата08.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#48508
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
4.Спиннің ашылуы
1925 жылы спиннің жаңа ұғымының кірпіші қаланды. Бұл ұғымды Лейденде Эренфест қолында жұмыс жүргізген Уленбек және Гаудсмит енгізген . Ол уақытқа дейін В.Паули өзінің атымен аталған тыйым салу принцпінің құрылымы бар жұмысын жариялады.Ол электронның кванттық жағдайы 4 кванттық санмен сәйкес келеді. Еңбегі 1925 жылдың күзінде «Zei-fur Ph» еңбегінде жарияланды. Паули электронның кванттық жағдайы 4 кванттық санмен:
бас кванттық сан n
азимуттық кванттық сан n
2 магниттік сан m1 және m2 сәйкес келеді.
Гаудсмит Паулидің жұмысын Үленбекке айтады. Үленбек оны естіп өз ойын жеткізеді. Ол электронның спин ашылуына сәйкес келетін тағы бостық деңгейі бар деді. Эренфест Үленбектің және Гаутсмиттің еңбектерін « Die Nat»-де жариялады. Ол еңбегі 1925 жылы журналдың 13 –ші номерінде пайда болды. Үленбек Лоренцпен кеңескеннен кейін электронның экватордағы айналу жылдамдығы жарық жылдамдығынан үлкен болу керек екенін анықтады, сөйтіп еңбегін қайта алуға талпынғанмен бірақ кеш болды.
1925 жыл Гейзенберг және Дирактың кванттық механикасы, Бозе-Эйншейннің жаңа статистикасы, Паули принципімен Спин гипотезасының ашылған уақыты болды. 1925 ж. Гейзенбергтің айтқандарын растаған неміс ғалымдары Борн және Иордан болды.
Вольфганг Паули қазіргі заман физикасының белсенді өкілі, 1900 жылы 25 сәуірде Швейцарияда туылған. Ол Мюнхен университетін тамамдады. Болашақ студент салыстырмалық теория статиялық монографиясын жазды. Ол, 1921 жылы математикалық энсклопедияда басылып шықты. 1921 жылы А. Зоммерфельдтің алғы сөзімен шыққан, бұл жарияланымның жетістігі оның жеке кітап болып шығуына түрткі болды. Оның орысша аудармасы 1947 жылы шықты.
Университетті аяқтаған Паули Геттенгенде, Копегагенде, Гамбургте 1927 жылдары жұмыс істеді. Цюрихте жоғары техникалық учелищеде жұмыс істейді. Паули принципінің ашылуы Менделеев кестесіндегі химиялық элементтер жүйесін түсіндіруге өте көп көмегін тигізді. Паули принципінің ашылуы 1945 жылы Нобель сыйлығына ие болды.
1931 жылы Паули Фермидің «нейтрино» деп аталған ұсынысын қолдана отырып, жаңа бөлшектің гипотезасын ұсынды. Паули 1958 жылы 16 желтоқсанда қайтыс болды.
5.Гейзенберг және Шредингердің механикасы.
Шексіз матрицаны зерттей келе, Гейзенберг, Паул, Борн және Иордан атомдық механиканың бірнеше сұрақтарын шешті. Гейзенберг кванттық механиканың бастамасы жайлы: «Математика- кездейсоқ физикадан ақылды екенін көрсетті. Мұнда да біз теориялық физиканың әдеттегі жағдайы, математикалық жолмен жаңа ашылуларға жететіндігімізге жолығамыз.» Математикалық зерттеулер нәтижесінде атомдық процестердің жаңа теориясы пайда болуда. 1926 жылдың басында, «Annalen der Physik» журналында Шредингердің «Квантование как проблема собственных значений» тақырыбындағы екі мақаласы жарық көрді.Дәл сол жылдың 18 наурызында «Об отношений мезаники Гейзенберга Бора Иордана к моей» мақаласы жария болды. Циклдің үшінші хаты «Квантование как проблема собственных значений» 1926 жылы 10 маусымда, ал төртіншісі Шредингер өзі жарияған мақалаларды жинақтап, кішкене өзгеріс енгізіп 1926 жылы 21 шілдеде жариялады. Одан соң ол сол жинақтың барлығын біріктіріп, 1927 жылы «Статьи по волновой механике» атымен кітап қылып жариялады. Шредингер Бойльдің идеясынан және Гамельтонның механика- оптикалық аналогиясынан негіз алды. Геометриялық оптиканың осы аналогиясынан классикалық механиканың ережелері сәйкес келді.
Математикалық теория , шектік ережелерді қанағаттанатын шешімдерді тек Е параметрінен белгілі болады. Шредингер өмірінің соңына дейін әлемдегі реалды нәрсе ол толқындар деп ойлады. Бор, Гейзенберг,Борн және басқа Копенгаген мектептерінің физиктері ең кіші интерпретациялық бөлшекті негізге алды. Негізі бұл бөлшек классикалаық механикадағы бөлшектен айырмашылығы болды.1927 жылдың 23 наурызында журналға Гейзенбергтің «Кванттық теоретикалық кинематика мен механиканың мазмұндамасы». Бөлшектердің негізгі кілті болған, анықталмағандық принциптің ережесі нақтыланған. Жаңа идеяның пайда болуы физиктер мен философтарды дискуссияға шақырды. Бірақ әлі нақты шешімге келе қойған жоқ. Бірақ анықталмағандық принципі мен кванттық механиканың әлемнің негізіні ретінде қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет