Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет41/54
Дата08.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#48508
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Абрам Федорович Иоффе 1880 жылы 29 қазанда Полтавск губерниясының Ромны қаласында дүниеге келген. Ромны училищесін аяқтап, Петербург технологиялық институтына түседі.
Болашақ физикті инженер мәнсапы қызықтырмайды да, ол өзінің ұстазы Н. А. Гезехустың кеңесі бойынша сол уақытта, атақты физика профессоры Рентген болып тұрған 1902 жылы Германияға, Мюнхенге кетеді.
Мұнда А.Ф. Иоффе физикалық практикумды өтіп, Рентгеннің бірқатар зерттеулерін орындап, ақыры Рентгеннің асситенті ретінде кварцтың пьезоэлектрлік қасиеттерін зерттей бастайды. Зерттеу барысында Иоффе рентген сәулелерімен кристаллды оқып-біліп, электрөткізгіштіліктің өзгеруін бақылайды.
1905 жылы 5 маусымда «Кристаллдық кварцтағы серпімділік салдары» атты диссертациясын А.Ф. Иоффе жоғары мақтаумен қорғап шығады.
Рентген Иоффенің аса жоғары қабілетін бағалай отырып, оған Мюнхенде профессор қызметінде қалуды ұсынады. Бірақ Иоффе Ресейге оралады. Бұл жерде оған Петербург политехникалық институтының физика кафедрасының аға лаборанттық орнын ұсынады.
1913 жылдың 9 мамырында магистрлік диссертациясын керемет қорғап шығып, Политехникалық институттың ерекше профессоры атанып, екі жылдан кейін (1915 жылдың 30 сәуірінде) «Кристалдардың серпімді және электрлік қасиеттері» атты докторлық диссертациясын қорғайды.
Қазан төңкерісінен кейін Иоффе ғылымды ұйымдастырумен айналысты. Оқымысты-медик Михаил Исаевич Неменовпен бірге Петербургте Рентгенорадиологиялық институтты құрады, оның екі бөлімі болады – физика-техникалық және медико-биологиялық. Бір бөлімнің директоры Иоффе болса, екіншісінікі М.И. Неменов болады. Институт 1918 жылдың күзінде құрылады. Осы жылы Иоффе ғылым Академиясының тілші-мүшесі болып сайланады. 1920 жылы академик болып сайланады. 1921 жылы Рентгенорадиологиялық институт үш өз бетінше институтқа бөлінді: Рентгенологиялық және радиологиялық институт, физика-техникалық институт, Радий институты.
Осылайша, 29 қарашада академик А.Ф. Иоффе басқарған физика-техникалық институт өз жұмысын бастайды, қазіргі уақыттағы А.Ф. Иоффе атындағы Ленинградтық физика-техникалық институт. Бұл институт кеңестік Ресейдің заманға сай ірі орталыққа айналды. Оның қабырғасынан академиктер, институт жетекшілері: академик П. Л. Капица — КСРО ҒА физикалық мәселелер институтын негізін салушы, Лениндік және Нобель сыйлықтарының лауреаты, академик Н. Н. Семенов — КСРО ҒА химиялық физика институтының негізін салушы, Лениндік және Нобель сыйлықтарының лауреаты, академик Л. Д. Ландау — Лениндік және Нобель сыйлықтарының лауреаты, академик И. В. Курчатов — кеңестік ядролық ғылым мен техниканың некгізін қалаушы, атомдық энергия Институты негізін салушы және басқа да көптеген КСРО оқымыстылары.
А.Ф. Иоффенің өзінің ғылыми жұмысы қатты дене физикасы болды. Ол кристалдардың механикалық және электрлік қасиеттерін зерттей жүре, соңғы жылдары жартылайөткізгіштер физикасы мен техникасына қызығушылығы арта түседі. 1954 жылы ол жартылайөткізгіштер Институтын ұйымдастырды да, оның директоры болып өмірінің соңына дейін өзі болды. А.Ф. Иоффе 1960 жылы 14 қазанда 80 жылдық мерейтойын барлық ғылыми қоғам атап өтуге дайындалып жүргенде қаза болады.
Д. С. Рождественский Петербургтағы кеңес физикасын негізін салушысы болған Дмитрий Сергеевич Рождественский. А.Ф. Иоффе Политехникалық институтты өкілі болса, ал Д.С. Рождественский университеттің түлегі болды.
Дмитрий Сергеевич Рождественский Петербург тумасы болған. Ол 1876 жылы 7 сәуірде гимназия оқытушысының отбасында дүниеге келген. 1894 жылы гимназияны күміс медальмен аяқтаған ол Петербург университетінің физика-математикалық факультетінің жартылыстану бөліміне түсіп, артынан математикалық бөлімге ауысып, 1900 жылы «физика» мамандығымен аяқтап шығады.
Содан кейін бір жыл көлемінде Әскери-медициналық академияда лаборант болып жұмыс істейді де, профессорлық атаққа дайындалу үшін Германияға кетеді. Қайтып келген соң Петербург университетінде лаборант болып жұмыс істеп, тағы да шет елге, осы жолы Парижге жол тартады. Ол Париж университетінде 1907 жылдан 1910 жылдар аралығында қызмет етіп, Петербургке аяғынан тік тұрған, нақты ғылыми бағытымен қайтып оралады. Оның оптикаға, нақтырақ, аномальды дисперсияны зерттеуге қызығушылығы арта түседі.
1912 жылы жарық көрген «Натрий буларындағы аномальдық дисперсия» Рожденственскийдің жұмысы Петербург университетінің оқу кеңесіне магистрлік диссертация ретінде ұсынылады. Диссертация табысты қорғалғаннан кейін ол магистр атағын алып, Петербург университетінің приват-доценті (қазан төңкерісіне дейінгі Ресей мен кейбір шетелдердің жоғары оқу орнындағы штаттан тыс оқытушының ғылыми атағы және сол атаққа ие болған оқытушы) болып бекітіледі.
1915 жылы Д.С. Рожденственский «Сілті металлдары спектрлеріндегі қарапайым қатынастар» атты докторлық диссертациясын қорғап, университеттің физикалық институтының жетекшісі болып бекітілсе, 1916 жылы Петербург университетінің профессоры атанды.
Сонымен қатар, Рожденственский Ресейдегі оптикалық әйнек шығару мәселесімен де айналысты. Соғыс Ресейді оптикалық әйнектен құр қалдырған еді, Ресей оны германиядан алған, әскер және тұрмыстық қажеттіліктерге сай өз әйнектерін шығару керек болды. Бұл мәселені Рожденственский және оның әріптестері төңкерістен кейін-ақ шеше алды. Рождественский оптикалық Институтты құрумен айналысып кетті. Осы Институттың құрылуы тұрмыстық қажеттілік мәселесін шешумен қатар, ғылымды да біршама алға жылжытты, оптикадан көптеген жаңалықтар ашылды.
Д.С. Рождественскийдің кең ғылыми және ұйымдастырушылық әрекеттері әрқашанда жоғары бағаланып келген. 1925 жылы КСРО ғылым академиясының тілші-мүшесі болып сайланды, ал 1929 жылы оның толық мүшесі болады.
1940 жылы 25 маусымда Рождественскийдің белсенді айналысқан ғылыми өмірі қиылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет