Кант өзіне дейінгі рационалистер мен эмпириктердің біржақтылығын жеңе отырып, таным процесіндегі адам қабілетін үшке бөледі. Сезім, пайым және парасат. Ойшылдың пікірінше, математика сезімділікке, жаратылыстану пайымдауға, философия парасатқа сүйенеді. Бірақ бәрібірде дүниені толық танып білу мүмкін емес. себебі әлем қайшылықтарға, антиномияларға толы.