Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"


Топтық жұмысты ұйымдастыру ережелері



бет11/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
1.2 Топтық жұмысты ұйымдастыру ережелері
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі.
Топты құру кезеңдері:
І. Топты құру
• Топтың құрамына кім кіреді?
• Сіздің жеке артықшылығыңыз неде?
• Оларды қаншалықты ұтымды пайдалануға болады?
• Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарады?
ІІ. Топтық жоспарлау
• Не істеу қажет?
• Сізге жұмысты орындауға қанша уақыт қажет?
• Жұмыс топ ішінде қалай бөлінеді?
• Жұмыс істеу барысында топ ішіндегі қарым-қатынас қалай жүзеге асырылатын болады?
ІІІ. Қызметті жүзеге асыру
• Соңғы өнім қандай нысанда жасалады?
• Жобаны орындау барысында түрлі дағдылар түрлі тапсырмаларға сәйкес келе ме?
• Сізге жұмыстың қай түрі үшін баға беріледі?
• Топтық ынтымақтастықтың болғандығының жеткілікті дәлелі бар ма?
IV. Жоспарды жүзеге асыру
• Топ мүшелері бір-біріне қалай көмектеседі?
• Бір-бірінің жұмысын қалай талқылар едіңіз?
• Жұмыстың барысы қалай бақыланды?
V. Топ жұмысын бағалау
• Сіздер команда ретінде қаншалықты ұтымды жұмыс істедіңіздер?
• Сіздер бір - бірлеріңізге қаншалықты көмек көрсеттіңіздер?
• Топта жұмыстың қандай негізгі аспектілері ұтымды орындалды?
• Не орындалмады?
• Одан қандай сабақ алуға болады?
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір - бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Бүгінгі таңда оқушыларды XXI ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындй етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденістерді талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тануы керек. Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш – ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» дегендей, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білім болу керек, сол тәжірибені ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдық құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуға жол ашады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Мысалы, «6 W» әдісі балалардың белгілі тақырып бойынша білімі қай деңгейде екенін анықтап, жаңа ақпаратты қай мөлшерде беру жайлы мәлімет береді. Сұрақ – жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді пайдалануға болады. Ең алдымен, балалар түсінбегенін бір – бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға дағдыланады. Сабақты қорытындылау үшін «Сюжеттік кесте», «Бестік диктант» әдістері ұтымды деп ойлаймын. Сабақтың сәтті немес сәтсіз тұстарын рефлексиялық есеп арқылы білуге болады. Бұл тұста оқушылар:
«Маған айтшы – мен ұмытып қаламын»
«Маған көрсетші – менің есімде қалады»
«Өзіме істетші – мен сонда түсінемін» деген сияқты түсінбегенін айтып, келесі сабақта бұл қателіктерді жібермеуге септігін тигізеді.
Қазіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден, яғни «дәстүлі» стильмен оқытудан алшақ болу керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін жаңашыл идеяларға көп көңіл бөліну керек. Сабақтың минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру мұғалімдердің міндеті, себебі мұғалімдер әрбір оқушының болашағы үшін жауапты. Көзбен көрген ақпараттың 30 % есте сақталатынын ескере отырып, жаңа тақырып түсіндіру барысында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану маңызды. Мүмкіндігінше электронды оқулық, дискілер, видеокасеталар, фильмдер, мультимедиялар мүмкіндігін толық деңгейде қолданса, өз нәтижесін береді. Көргенін ұзақ мерзімде сақтайды, көру арқылы тапсырманы орындау жеңілге түседі және сабақта уақытты ұтымды пайдалануға негіз болады. Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін аттыру, дәлірек айтқанда, оқуға деген қабілетін, зейінін, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту маңызды. Сыныптағы әр оқушы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақта тиімді стратегиялар мен әдіс – тәсілдерді қодануға болады. Жаңа сабақты түсіндіруде аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық, жұптық түрлерін жүргізген ұтымды болады, себебі жұптық жұмыста көршілес оқушылар өзара жұмыс істеп, сұрақ қоя отырып тақырыпты игеруге мүмкіндік алады. Ал топтық жұмыс барысында әрқайсысы өз идеяларын ұсынуға, жалпыға бағытталған белгігі бір жұмыс түрін орындай алады. Мұндайда оқушы үнін ести аламыз.
Оқытылатын ережені есте сақтап, өмірде қолдана алтындай етіп ұғындыру үшін ойын элементтерін жиі қолдануға болады. Мысалы, мәтінмен жұмыс істегенде топтың ішіндегі оқушылар рөлге бөлініп талқылайды. «Оқушы» – мазмұндайды, «сыншы» - оқушының жіберген қатесін айтады, «жақтаушы» - оқушының жауабын қолдап, ұтымды шыққан тұстарын айту керек. Әр бала өзіне жүктелген рөлді атқару үшін, мәтінді толық меңгеріп, өз ойларын айтуға міндеттеледі. Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды жетік дайындыққа, сөйлеу дағдыларын, сыни көзқарастарын қалыптастырады.
Шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін дарынды оқушылармен үнемі жұмыс істеу керек. Проблемалық сұраққа тапқырлы жауап, естіген музыканы бояумен түсіндіру, тақырыпқа сәйкес сурет салу, өлең – жұмбақ шығару сияқты тапсырмалар оқушылардың лингвистикалық, логикалық, зияткерлік қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білім деңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың бірнеше түрін қолдануға болады. Себебі әділ бағалау өз күшіне сенімділік, өзгенің жауабын тыңдау және пікір айтуға үйретеді. Өзара бағалауды көбінесе үй жұмысын тексеру барысында қолданған тиімді, себебі оқушылар тек баға беріп қана қоймай, қай тақырып, қай мәтінді қайталау керек екендігіне ұсыныс жазады. Топпен жұмыс істегенде топтық бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау, өзін – өзі бағалау парақтарын кеңінен қолдануға болады. Бұл оқушының өсу деңгейін бақылауға, баланың өз жетістігін немесе кемшілігін анықтауға, қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінуге мүмкіндік жасайды.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушылрдың белсене қатысуы мен өзара қарым – қатынасқа түсуі мұғалімге байланысты. «Пассив» оқушыны «актив» етіп шығару үшін интерактивті оқыту технологиясын қолданған тиімді. Әр ұстаз өз бетінше жұмыстың жаңа формасын ойлап таба алады. Сабақ бойы оқушылардың өздері әрекет етеіндей етіп, бір – бірімен ақылдаса отырып, бір шешім қабылдауына ықпал болатын әдістерді қолданған абзал. Оқушы – оқушы, оқушы – мұғалім бір – бірімен диалогқа түсу барысында өзара түсіністікке, бірлескен әрекетке, қажет шешім алып келетін үдеріске айналуы ықтимал.
Оқушыларға «Аквариум» әдісі ұнайды. Оның мәні: бірнеше оқушы шеңбер ішінде бір жағдаятты жасырады, ал қалғандары оның қимылын бақылап, талдау жасайды. Мұндай оқытудың белсенді түрлері балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу жүргізу барысында өз шешімін қабылдауға баулиды. Бүгінгі таңда бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуына көп көңіл бөлу керек.
Топтық жұмыс, бұл:

  • Генерация

  • Шаттық

  • Тапсырмалар

  • Ізденіс

  • Қарама – қайшылықтар

  • Тәжірибе

  • Шабыт

  • Анықтылық

  • Белсенділік

  • Нәтиже

  • Аралық даму

  • Қарым – қатынас

  • Шығармашылық

  • Анализ

Топтық жұмыс нені береді:

  • Бірлескен әрекет

  • Сұрақ қоя білу

  • Мәселелерді шешу

  • Келісім жасай білу

  • Рөлдер мен жауапукершілікті жүктеу

  • Өзгелерді тыңдау

  • Өзгелерді өзіне сендіру

  • Өзің үшін жауап беру

Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топтың жекелеген мүшелері бір - бірін құрметтей отырып жұмыстанатын дәрежеге жеткізу керек, яғни жұмыстың алғышарттарының бірі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы күтілетін нәтижеге жетуге негізделген. Мұғалім топтарға арналған ережелерді әзірлей отырып немесе топ мүшелерінің жеке ережелерін келісуі арқылы топтық жұмысқа бейімдейді. Қандай топтық жұмыс болмасын сол топты құрайтын нақты адамдарға арналған ереже құрылғаны маңызды. Ережелерде адалдық мәдениетін күшейту, ұжымдық жауапкершілік белгілеу, тыңдау машықтары тәжірибесін дамыту, топ міндеттері мерзімін сақтау, шығармашылық пен стандартты емес, идеяларды бағалау, қайырымдылық ескерілу керек. Топтық ережені күн тәртібінде бақылауда ұстау арқылы топтық жұмыстың өнімді болуына қол жеткіземіз. «Топ мүшелеріне адамдармен жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екенін ескерту керек. Кәсіби өмірде сияқты топтық жұмыста адамдар топ құрамында жұмыс істейді, жеке дау-дамайларды барлық топтың алға жылжуына кедергі жасамайтындай етіп шешу керек. Сонымен қатар, топтық жұмысты ұйымдастырушы мұғалім «Топ ережелерін қабылдаған әрбір адамды бұл топтан тыс жеке блок құрудан сақтап, алға қарай апарады. Адамдар бастапқыдан - ақ айтылған пікірлермен келіспеген жағдайда да әрбір дауыс естілуге құқылы. Топтың әрбір қатысушысы өз көзқарасын, пікірін білдіруін ынталандыру керек, олар естілмей қалмасын. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Бұл олардың әрқайсысы бір нәрсені істеу керек дегенді білдірмейді. Бәрінен де, міндеттер топ мүшелеріне қалай бөлінетіні туралы ақылдасып шешкен дұрыс болады. Топ мүшелері сондай-ақ бір–бірімен тәжірибе алмаса және басқалардың идеяларына сүйене отырып, өз үлесін қосуға дайын болуғатиіс»[2] деген нұсқауларды негізге алуы тиіс.
Топтық жұмыс арқылы оқытудың бірнеше әдістерін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет