Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет13/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
7. Құпиялылық т.б.
Жалпы сыныпқа арналған тәртіп ережесін жасатуға да болады.
Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салада оқушының қабілеттерін дамыту арқылы алғыр оқушы болу ықтималдығына барынша мол үлес қоса алады.
Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптық тапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыста оқушылар:

  • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен өз пікірін бөліседі, алмасады;

  • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Өз мүмкіндігін біледі;

  • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

  • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

  • Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

  • Өзінің оқуын түйсіне бастайды;

  • Қалай оқу керек екенін ұғынады;

  • Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды;

  • Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады;

  • Тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздейді;

  • Ересектердің көмегінсіз өз ісінің көзін табады;

  • Сұрақ қояды және жауап ұсынады;

  • Алға басуды қадағалайды және қажет кезде көмек сұрайды;

  • Жеке және құрдастарымен бірлескен тапсырмаға қатысады;

  • Бұрын естіген сөзді өз мақсатында пайдаланады;

  • Құрдастарымен әлеуметтік мәселелерді шеше алады;

  • Тапсырмалар ұсынады;

  • Жинақылық, білімге деген бәсекелестік қабілеті дамиды;

  • Бір - бірін сыйлайды, бір - бірімен тез тіл табысады;

  • Өз көзқарасын ұжым көзқарасына бағындырады;

  • Жұмыстағы кемшіліктерді өз бетімен анықтап жояды. т.б.

Оқушылар үнемі топтық жұмысқа дағдыланған болса, өзін - өзі реттеуге қол жеткізеді. Марта Бронсон (2002) баланың өзін - өзі реттеуінің төрт саласын айқындаған:

  • когнитивті өзін-өзі реттеу, метатаным

Балалардың өз оқуы туралы білімі мен өзін - өзі тану деңгейін арттырумен байланысты. Барлық балалар дербес болуды қалайды деп есептеледі.

  • эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият»

Эмоция саласында балалар өз әсері мен өзгелердің әсері туралы көбірек хабардар болады. Бұл эмоциялық өзін - өзі бақылауды және басқа адамдар үшін қам жеуді дамыту үшін негізгі мәні бар.

  • әлеуметтік өзін өзі реттеу: «ақыл-ой теориясы»

Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге және ересектердің көмегінсіз әлеуметтік мәселені шешуге біртіндеп үйренетін әлеуметтік саламен байланысты. Заманауи зерттеулер осы әлеуметтік қабілеттің шешуші деңгейде балалардың дамушы «ақыл-ой теориясына», яғни басқа адамдарда оның өзінікіне ұқсас ақылы бар екенін түсінуіне байланысты болатынын көрсетті.

Ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік сезімінің түйінді дамуын немесе ғылыми әдебиетте «игеру бағдарын» дамыту деп аталатынды көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті, қателіктен сабақ алуын және күрделі міндеттерді шешуден ләззат алуын дамытуға алып келеді.
Мұғалiм балалармен жұмыс iстегенде, оқушының жеке қажеттiктерiн ғана емес, сонымен бiрге әрбiр адамның қажеттiліктерiне бейiмделе отырып, оқудағы ортақ жолдарды да есепке алуы керек. Сабақ беруде өз стилін өзгерткісі келмеген мұғалімдердің салдарынан кейбір оқушылар бағдарламалық материалды меңгере алмағандықтан, оқушылардың жекелеген санаттарында қиындықтар туындап жатады. Солар басқа қызығушылықтары бойынша топтарға бірігуі мүмкін.
Топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

Әлеуметтік

Танымдық

Эмоционалдық

Тәжірибемен және идеялармен алмасу;
Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу

Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту

Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;
Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет