Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет28/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
_______________________

Болжаулы ұпайлар

Алынған ұпайлар

Мен өзім

Ұстаз

Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым










Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым










Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.










Басқаларды мұқият тыңдадым










Дәлелді ойлар ұсындым










Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)










Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім










Қорытынды:










Бұл үлгіні пайдаланған мұғалімдердің тәжірибесі бойынша осы үлгіні пайдалану арқылы біртіндеп ұстаздың қойған бағасы мен оқушылардың өздерін-өздері бағалауы сәйкестене түседі.


Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.
Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.
Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.
Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Интербелсенді оқыту оқушының өз тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал оқушылардың тәжірибесі дегеніміз – олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері. Оқушылар таным процесінде бір-бірімен өз тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.


Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабақтарын топтық жұмыс түрлерін қолданып оқытудың маңызы зор. Топтық жұмыс түрлері балалардың білім алу сапасының артуына ықпал ете алады. Оқушылардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға және пәннің ерекшелегіне байланысты сөздік қорын молайтуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет