Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет12/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
«Әуе шары» әдісі арқылы басқалармен жұмыс істеу, ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу, ақпаратты басқару дағдылары қалыптасады. Бұл әдісті топтық жоспарлау құралы ретінде пайдалануға да болады. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі. Белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі. Мысалы, Осы шақ тақырыбын алатын болсақ, шар бізде – осы шақ болады.
Топтық жұмыс: «Әуе шарында кім болуы керек?» деген сұраққа жауап іздеу. Оқушылар осы шақ туралы не білетіндігі жөнінде сөз қозғайды. Осы шақтың қандай түрлері бар екендігіне тоқталып, мысалдар келтіреді.
«Бұл топтық жұмыс оқытуды қалай ұйымдастыра алады?» Оқушылар сұраққа жауап іздей отырып, хикаяны игереді және бұған дейінгі өздері білетін мәліметтермен байланыстырады. Әр оқушының пікірі, көзқарасы тыңдалады. Оқушылардың ой-пайымдары негізінде жаңа идеялар болады.
«Құпия» әдісі арқылы құпияны табу, шешім қабылдау немесе уақиғаның болжалды түсініктемелерін қарастыру үшін оқушылардың проблемаларды шешу және шешім қабылдау дағдыларын пайдалануларына ықпал етеді. Бұл тапсырмадан кейін жауап алу міндетті түрде жүргізілуі керек. Бір сұрақ бойынша бірнеше тұжырымдар беріледі. Топта әрбір тұжырым талқыланып, талқылау барысында топ болып қабылдаған тұжырым үшін айтылған пікірлер қарастырылуы керек. Командалық талқылауға берілген уақыт біткен соң, топ өз шешімдеріне нақты дәлелдер келтіріп негіздеп шығады.
Тапсырма ретінде мысалы: әдебиет сабағынан М.Жұмабаев «Батыр Баян» және С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмаларында қазақ батырларын қалмақ қыздары алдында неге әлсіз қылып суреттейді?» Бұған төмендегідей тұжырымдар беріледі:
«Қалмақ қыздарының бейнесінде тарихи шындық жатыр. Батырлардың сұлуларға арбалуы болған оқиға негізінде берілген.
Авторлар қалмақ қыздарын өз елінің патриоты, сүйген қалмақ жігіттеріне берген уәделеріне берік, адал, яғни рухы мықты етіп суреттеді. Қазақ батырларында осы қайсар рухты сындыра алатын жігер керектігі жөнінде ойландырғысы келді.
Екі ақынның жігіттерді әлсіз , қыздарды мықты етіп суреттеуі арқылы патриоттық тәрбие анадан, ұрпақ тәрбиесінен басталатынын көрсеткісі келді.
Ақындар махаббат сезімінің ешнәрсеге бағынбайтындығын көрсеткісі келді. Махаббаттың алдында батыр да әлсіз т.б.»
«Тапсырма орындалғаннан кейін топ бұл шешімге қалай келді?»
«Келіспеушілік болды ма?»
« Келісімге қалай қол жеткіздіңіздер?»
« Шешімдер дұрыс баяндалды ма?»
« Таңдалған тұжырым дұрыс негізделді ме?» деген сұрақтар қою арқылы топтық жұмыстың бұл нәтижеге жетудегі әрекеттерін бағалай аламыз.
«Гаухарлар иерархиясы» әдісі шағын топтарда орындалады. Ол ақпараттың артықшылығын айқындауға бағытталған. Оқушыларға белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі немесе оқушылар өздері жазады. Олар өздері бірінші басымдық беретін идеясын жоғарығы қояды, содан кейін екінші солай барлық тоғыз идеяны қойып шығады. Топта ең маңызды деген идеяны анықтау үшін оқушылар арасында талқылау жүреді. Әрқайсысы идеяның маңыздылығына қатысты пікір білдіре отырып, бір - бірін тыңдау арқылы мол мәліметтер алады немесе оқулықта берілген пікірлерді оқып танысумен қатар, маңыздылық реттілігімен орналастыру арқылы оқушылардың топтық пікірін зерделеуге болады.
Мысалы, ғалымдардың «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы тоғыз пікір беріледі.
«Сіз «Абай» романын әлі оқыған жоқсыз ба? Онда сіз ештеңе де оқымағансыз. Бұл – ақыл жетпейтін ғажап дүние...» (Курелла А.)
«...«Абай» романы көркем кейіпкерлерге толы, ақындық өнердің шыңына көтерілген ғажайып шығарма». (Арогон Л.)
«М.Әуезовтің «Абайы» - бұл нағыз роман. Махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және ең бастысы, есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап...» (Соболев Л)
«Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес. Бұл да аз, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». (Арогон Л.) т.б.
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

  • Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтау;

  • Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік;

  • Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету;

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылқ белсенділігі артады;

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Кезінде Кеңес Одағында есімі тек әдебиеттанушыларға ғана мәлім болып қойған, ал Батыста терең философ ретінде дәріптелген М.М.Бахтин кезінде былай деп жазған еді: «Адамның шынайы өмірін сөзбен құрастырудың жалғыз ғана адекваттық формасы болып ешқашан аяқталмайтын диалог болып есептелінеді. Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз - диалогқа қатысу, сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу және т.с.с.».
Диалогқа негізделген бірлескен жұмысты еңбек пен танымның ең тиімді және өнімді әрекеті деп ұйғаруға әбден болады. Сол себепті де әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным құрастырылған (конструктивтік) білімнің де басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды.
Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы мен миы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым - қатынас дегеніміз - өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз.
Шағын топтық (немесе жұптық) жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік (корпоративтік) сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «Көптің түкіргені – көл», «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян, ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады.
Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің (ең тиімдісі әр топ құрамында 4 оқушы немесе студент болғанда, ары кеткенде 3-тен кем емес, 6-дан артық емес) барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады (мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмілеге келу, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау). Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады. Әдетте, дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасайды: олар ұстаз талабы бойынша берілген тапсырманы жеке-жеке орындап, жасалған жұмысы бойынша есеп немесе жауап береді. Ал бұл мезетте қалған шәкірттер белсенді әрекеттер атқармайды. Бұған керісінше топтық жұмысқа барлық оқушы/студенттер қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы/студент идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады. Топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.
Дәстүрлі сабақта үйренушілерді жұмысқа жұмылдыру ұстаз тарапынан қатаң талап қою арқылы жүзеге асырылады (мәселен, бұйрық, нұсқау, жарлық, үкім арқылы). Ал топтық жұмыста үйренушілерді белсенділендіру кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы жасалады. Дәстүрлі сабақта ұстаздың өзі үйренушілердің жұмысын бақылауға алса, топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді.
Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың/студенттердің жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар/студенттер өмірде «МЕН» қағидасынан гөрі (эгоцентристік немесе эгоистік ұстаным) «БІЗ» тұжырымының (ұжымдық, жамағаттық, қоғамдық ұстаным, бірлік идеясы) анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады, бұл позицияның зәулім гуманистік идеяларға негізделгеніне көздерін жеткізеді.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ұстаз мынандай мақсаттарға жетеді:
- үйрену процесіне қатысушылардың әрқайсысы бір - бірімен жеке қарым -қатынас орнатады;
- үйренушілер туындаған сенімсіздік пен қобалжудан («Бұл жұмысты мен орындай алар ма екенмін?», «Жұмысты орындай алмасам қайтемін?», «Ұят болып қалмас па екен?»), қорқыныштан («Мені жазаламас па екен?», «Басқалар менің жұмысымды сынап немесе күлкіге жығып кетпес пе екен?») арылады;
- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;
- үйренушілер арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;
- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық қағидаларды ұстанады.
Топтық жұмыстың тиімділігі мен нәтижелігі келесі әрекеттерден артады деп ұйғаруға болады:
1. Берілген тапсырма топтың барлық мүшелеріне қызықты болуы керек.
Тапсырма барлық оқушылардың/студенттердің мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен жұмысқа деген ынта тудыруы керек.
2. Топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек.
Оқушыларды/студенттерді топқа бөлудің қызықты әрі танымды тәсілі олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Бөліну кезінде басқалардан ерекшеленетін қасиеттері арқылы олар уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды. 
3. Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу керек, оларды әр жұмыс алдында тағы да бір қайталап, еске түсіріп отырған жөн.
4. Тапсырманың топқа бөлінбей тұрып берілгені дұрыс.
5. Тапсырма берілгеннен соң оның түсініктілігін топ ішінде талқылап алу керек.
6. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырып жібермеу керек.
Топ аралық бәсеке оқушыларды/студенттерді проблема шешу мәселесінен «қайткенде де бірінші болу керек» деген ұстанымға ауытқытып жіберуі мүмкін. Әрбір оқушы/студент бәсекеге өзгелермен емес, алдымен өзімен - өзі түсуі керек деген ой шәкірттердің санасында мықтап орын алғандығы дұрыс болады.
7. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап немесе ол туралы есеп беруі керек.
Бірлескен жұмыстың ережелері тоқсан немесе семестр басында оқушылармен/ студенттермен бірлесе қабылданып, оларды сынып/аудитория қабырғасына іліп қойған орынды. Әрине, ережелердің тыйым тұрғысынан емес, жұмысты тиімді ұйымдастыру ауқымындағы ұсыныстар тұрғысынан құрастырылғандығы орынды. Мұнда мынандай талаптарды ұстануға болады:
- Тыңдай білейік!
- Бірлескен жұмыста актерлер мен көрермендер жоқ – бәрі де қатысушылар!
- Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек!
- Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!
- Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады!
- Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуда!
- Басқалардың пікірлерін сыйлайық!
- Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық!
- Бір мәмілеге келуге атсалысайық!
- Жанжалдарды болдырмауға ұмтылайық!
Бұған қоса қарым-қатынастың (коммуникацияның) ережелерін құрастыруда Г.Грайстың максималарын (этикалық қағидаларын) қолдануға тұрарлық. Бұл максималар алдымен бірлескен әрекеттерді қамтиды:
1. Ақпараттың толықтығы максимасы (Бар білгенімізді айту!).
2. Сапа максимасы (Шындықты айту!).
3. Релеванттылық максима (Тақырыптан ауытқымау!).
4. Мәнер максимасы (Анық, қысқа және бірізді түрде сөйлеу!).
Мұнымен қатар Г.Грайс қарым-қатынаста аса маңызды тағы да бір қағида – сыпайылықтың максималарын келтіреді:
1. Әдеп максимасы (Басқалардың мүддесін сақтау! Оның жеке әлемінің шекарасын бұзбау!).
2. Кеңпейілділік максимасы (Басқаларға жүк артпау!).
3. Қолпаштау максимасы (Басқаларды жамандамау!).
4. Кішіпейілділік максимасы (Мақтанудан қашқақтау!).
5. Келісу максимасы (Қарсылық білдіруден қашқақтау!).
6. Симпатия максимасы (Мейірбандық таныту!) (4, 43).
Сабақ аяғында (кері байланысты ұйымдастыруда) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға/студенттерге келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды:
- Топ ішінде жұмыс жасау тиімді болды ма?
- Топ қалайша ортақ пікірге келді?
- Ортақ пікірге келуде қандай қиыншылықтар туындады?
- Сіздің пікірлеріңізді топ қандай дәрежеде ескерді?
- Топтың пікірін жариялаған спикердің көңіл-күйі қандай дәрежеде болды?
- Бірлескен жұмысқа қандай жәйттер кедергі болды?
- Бірлескен жұмысқа қандай жәйттер көмектесті (пайдалы болды)?
- Топ жұмысын басқарған студенттің пікірлері әрқашан да ұтымды болып отырды ма?
- Топтық жұмыста сіз қандай тәжірибе жинақтадыңыз?
- Топтық жұмысты қалайша жақсартуға болады?
Бұл жерде Дэвид Джонсон және Роджер Джонсон құрастырған бірлесе оқудың элементтері келтірген орынды болады деп есептейміз:
1. Өзара позитивтік тәуелділік.
Студенттер/оқушылар қандай да болмасын жұмыс пен тапсырманы орындау үшін және сәтті нәтижеге жету үшін бір-біріне тәуелді (жағымды тұрғыдан) екендігін, бір-бірімен байланысты екендігін сезінуі керек. Мұндай тәуелділікті студенттік/оқушылық топ ішінде келесі түсініктерді ұстану арқылы құрастыруға болады:
- студенттерге/оқушыларға ортақ мақсаттар қою (студенттер тек өздері ғана оқымай, сонымен бірге өз жолдастарын да үйретуге ынталандырады),
- студенттер/оқушылар арасында еңбекті бөлу (жұмысты рөлдер немесе міндеттерге бөлу студенттердің/оқушылардың ортақ жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілігін арттырады),
- студенттер/оқушылар арасында материалдарды, ресурстар немесе ақпараттарды топ мүшелері арасында бөлу (мұнда студенттердің/оқушылардың назары ортақ түсінік құрастыруға бағытталады),
- студенттерге/оқушыларға жауапкершілік жүктеу (түсінік құрастыру және сол ұғымды басқалардың игерілуі әр студентке/оқушыға байланысты деген идеяны ұстану),
- студенттердің/оқушылардың шағын топтарын марапаттау (мадақтау мен марапаттау топтың әр мүшесіне оның жұмыс нәтижесіне қосқан үлесін ескерусіз теңдей бөлінеді) .
2. Бетпе-бет тұрғыдан өзара әрекеттесу.
Аудиторияда студенттердің бір-бірімен әрекеттесуі үшін тиімді жағдайлар жасау қажет. Парталарда студенттер бір-біріне бет қаратып отырып, оларда бірлескен әрекеттердің нәтижесін көрсетуге болатын материалдар болуы керек (плакат, маркерлер), оларға өзара әркеттесуді қажет ететін тапсырмалар беру керек. Студенттер бір-біріне жәрдемдесу, өзара пікір алмасу, бірі - біріне демеу, бірін - бірі үйрету арқылы өз оқуын жақсарта түседі.
3. Жеке жауапкершілік. 
Топтың әрбір мүшесінің мақсаттары мен жауапкершілігін айқындау керек. Әр студенттің орындаған тапсырмасы жеке бағаланып (тест немесе жауап беру арқылы), оның нәтижелері топқа жарияланып отырады. Жауапкершілік тек жақсы оқитындарға ғана жүктеліп қоймай, барлық студенттерді де қамтуы қажет.
4. Тұлға аралық жұмыс дағдылары.
Үйренушілерде әлеуметтік дағдылар қалыптаспаса, олар тиімді түрде бірлесіп жұмыс жасай алмайды. Мұндай дағдылар оқу/оқыту процесінің басты мақсаттарына айналып, әр сабақтың негізін құрауы керек. Өзара әрекеттесу мынандай дағдыларды меңзейді:
- басқара білу,
- шешім қабылдау,
- сенімге негізделген қарым-қатынас құру,
- жанжалдардың алдын алу, оларға жол бермеу.
5. Топтың дамуы.
Топтардың өз мақсаттарына қалайша жететіндігін және өзара тиімді қарым-қатынасты қалайша құратындығын талқылау үшін студенттерге қажетті уақыт берілуі керек. Ұстаздың топтың дамуын келесі әрекеттерді қолдану арқылы жоспарлауына болады:
- Берілген тапсырманы орындауда топ мүшелерінің ұтымды үш әрекетін келтіру.
- Келесі сабақта топ жұмысының тиімділігін арттыруы мүмкін бір әрекетті келтіру .
Сонымен, тiршiлiктiң негiзi қарым-қатынас пен диалогқа орнығатындығы күмән туғызбайтын ақиқат: басқаның ойымен, пiкiрiмен, көзқарасымен санасу, бөтендi түсiне бiлу, өзiңдi оның орнына қоя бiлу – осы қасиеттердiң бәрi де әлеумет ахуалын белгiлейтiндiгi даусыз тұжырым. Өмiрде ең керектi бiлiм (білік, дағды, машық, құзырлылық) – қоғамда қарым-қатынас құра бiлу, басқа адамдармен тiл табысу. Ал мұндай қасиеттер мен тұжырымдарға өз шәкірттерімізді бірлескен жұмыс арқылы жеткізуіміз ықтимал.
Топтық жұмыстың түрлері:
Жұптардағы жұмыс

  • «Миға шабуыл»

  • «Жалғастыр» ойыны

  • «Қазына іздеу»

  • «Дельфи» әдісі

  • «Бір әріп шығармасы» ойыны

Мозаикалық топтар

  • «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)

  • «Эксперттер кездесуі»

«Миға шабуыл» әдісі – идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент, жүргізуші, хатшы, хронометрист рөлдері белгіленеді. Яғни, топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немесе хабарлама жасалынады.
«Жалғастыр» ойыны – топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни, бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолданған тиімді.
«Бір әріп шығармасы» ойыны – әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.
«Қазына іздеу» - мұғалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен мәліметтерді қолданады.
Мозаикалық топтар – мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі. Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерін бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынды.
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі) – топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір ферменттерге бөлінеді, әр оқушы немесе топ сол сұрақтарды қарастырады, жалпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен таныстырады.
«Эксперттер кездесуі» - әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл де енгізіліуде. Сындарлы оқыту мүғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттемелер қояды. Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симетриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Мұғалім оқу жылы басында әр сыныпта топта жұмыс жасау ережесін құрастыртады. Топта жұмыс жасаудың ережелерін оқушылардың өздеріне плакатқа ойластырып жазуларын сұрайды. Барлық сабақтың кезінде бұл ереже көрінетін жерге ілулі тұрады. Ережені өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Мысалы, мынадай ереже тізімі:
1. Бір-бірін мұқият тыңдау;
2. Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
3. Бір-бірінің пікірін құрметтеу;
4. Мен – пікір;
5. «Тоқта» ережесі;
6. Ортақ пікірге келу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет