Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата12.01.2017
өлшемі3,95 Mb.
#1731
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37

154
және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi 
ақпаратты беруге;
8)  мемлекеттік  еңбек  инспекторларының 
нұсқамаларын орындауға;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіп-
тік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді 
және талдауды жүзеге асыруға;
10) еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен 
қағидаларға  сәйкес  өндірістік  объектілерде 
еңбек жағдайлары бойынша кемінде бес жылда 
бір  рет  мерзімдік  аттестаттауды  қызметкерлер 
өкілдерінің қатысуымен өткізуге;
10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық 
жеткiзгiштерде  өндiрiстiк  объектiлердi  еңбек 
жағдайлары  бойынша  аттестаттау  нәтижелерiн 
еңбек  инспекциясы  жөнiндегi  тиісті  жергілікті 
органға ұсынуға;
11)  Қазақстан  Республикасының  заңнама-
сында  белгіленген  тәртіппен  өндірістегі 
жазатайым  оқиғаларды  тексеруді  қамтамасыз 
етуге;
12) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін 
атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан 
сақтандыруға;
13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық 
ахуалы 
саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органның 
тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға;
14)  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз 
етуге;
15)  Қазақстан  Республикасының  заңнама-
сында  көзделген  жағдайларда,  сондай-ақ  еңбек 
жағдайларының  өзгеруіне  байланысты  басқа 
жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік аурудың 
белгілері  пайда  болғанда  өз  қаражаты  есебінен 
қызметкерлерді  міндетті,  мерзімдік  (еңбек 
қызметі барысында) медициналық тексерулерден 
және 
ауысым 
алдындағы 
медициналық 
куәландырудан өткізуге;
16)  авариялық  жағдайдың  өршуін  және 
жарақаттайтын  факторлардың  басқа  адамдарға 
әсер  етуін  болғызбау  жөніндегі  шұғыл 
шараларды қабылдауға міндеттілігі көзделген.
Сонымен  қоса,  Қазақстан  Республикасы 
Еңбек  кодексі  қабылданған  кезде  2007 
жылдың  1  маусымынан  бастап  «Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  акті-
леріне  еңбекті  реттеу  мәселелері  бойынша 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы 
15  мамырдағы  №  253  Заңы  да  қолданысқа 
енгізіліп, сол арқылы 2001 жылғы 30 қаңтардағы 
Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық 
бұзушылық туралы кодексіне жұмыс берушінің 
немесе 
лауазымды 
адамның 
Қазақстан 
Республикасының  еңбек  заңнамасын  бұзғаны 
үшін  әкімшілік  жауапкершілігін  көздейтін 
норма енгізіліп, қызметкердің еңбек құқықтарын 
қорғау жөніндегі норма нақтыланғандығын атап 
өту қажет. 
Себебі,  Қазақстан  Республикасы  Консти-
туциясының  24-бабы  2-тармағында  «Әркімнің 
қауіпсіздік  пен  тазалық  талаптарына  сай  еңбек 
ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз 
сыйақы  алуына,  сондай-ақ  жұмыссыздықтан 
әлеуметтік  қорғалуға  құқығы  бар»  деп 
жарияланған.  Ата  Заңда  бекітілген  осы  норма 
арқылы, еңбекті қорғау конституциялық негізге 
сүйенеді.  Тиісінше,  еңбекті  қорғау  мемлекеттің 
әлеуметтік  саясатының  бір  бөлігі  және 
конституциялық  құрылымның  бір  негізі  болып 
табылады. Халықты тиімді жұмыспен қамтудың 
негізі - жұмыс орнындағы қауіпсіз және қажетті 
жағдайлардың  қамтамасыз  етілуі,  үйлесімді 
еңбек  қатынастары  болса,  ол  өнімді  еңбектің 
де  қажетті  шарты  болып  табылады.  Сапалы 
жұмыс орны дегеніміз – бұл, ең алдымен, еңбек 
жағдайларын  қатаң  бақылау,  профилактикалық 
іс-шаралар  өткізу,  жұмыс  беруші  мен 
қызметкерлердің  жұмыс  ортасын  жетілдіру 
бойынша жүйелі жұмыс жүргізу болмақ. Сонда 
мемлекеттің,  қызметкерлердің  және  жұмыс 
берушілердің 
ұжымдық 
жауапкершілігін 
қамтамасыз  ету  арқылы  қауіпсіз  жұмыс  орнын 
құруға  болады.  Бұл  өз  кезегінде,  таза  және 
қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз  етудің 
тетіктерін  көздеуді,  бірлескен  іс-қимылды 
жүзеге асыруды да қамтиды [3, 108-115 б.].
Алайда,  өндірістік  еңбек  қауіпсіздігін 
сақтамау  жағдайларының  себебі  көбіне 
кәсіпорын  басшылары  мен  қызметкерлердің 
еңбек  қауіпсіздігін  сақтамауы,  жарақат  алушы 
адамдардың  өздерінің  еңбек  және  өндірістік 
тәртіпті  бұзуы,  еңбекті  қорғау  бойынша 
нұсқауларды  сақтамауы  болып  отыратындығын 
жиі көреміз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік 
қорғау  департаментінің  [4]  2012  жылғы 
мәліметтеріне  жүгінсек,  Шығыс  Қазақстан 
облысында өндірістік жарақат алудың 281 (2011 
жылы  –  318)  фактісі  тіркелген,  оның  25  (34) 
қатерлі салдарлы болса, 83 (96) ауыр салдар да 
болған.  Сондай-ақ  тексерулердің  нәтижесінде 
қызметкерлердің  денсаулығына  ауыр  зиян 
келтірілген  қайғылы  оқиғалардың  орын 
алғандығы туралы уәкілетті органға хабарламау 
фактілеріне  жол  берілгендігі  анықталған. 
Мәселен,  2011  жылы  22  қыркүйекте  Өскемен 

155
қаласындағы «Айерс» ЖШС-де әртүрлі жұмысты 
атқарушы  Ж.  Дюсембаевтың  денсаулығына 
ауыр зиян келтірілген фактінің аумақтық еңбекті 
қорғау  инспекциясына  хабарланбауы,  кейін 
жәбірленушінің  прокуратура  органдарына  ша-
ғым жасауының негізінде 2012 жылғы қаңтарда 
еңбекті  қорғау  инспекциясына  хабарланғаннан 
және  прокуратураның  араласуымен  аталған 
заңды  тұлға  Қазақстан  Республикасының 
Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы 
кодексінің  89-бабының  1-тармағы  бойынша 
жауапкершілікке тартылғандығын айтуға болады 
[5, 25-26 б.].
Бұл  орайда,  еңбекті  қорғау  талаптарының 
сақталмауына  байланысты  мынадай  бұзу-
шылықтарға  жол  берілгендігін  төмендегі 
статистикалық мәліметтер көрсетеді.
Республикадағы өндірістік жарақаттану көрсеткіштері 
 (2009-2013 жылдар)
Сондай-ақ,  еңбекті  қорғау  талаптарының  сақталмауына  байланысты  бұзушылықтар  бойынша 
салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша мынадай мәліметтерді келтіруге болады.
Правовой мониторинг

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
156
2009-2013 жылдар кезеңіндегі әкімшілік айыппұл
Сонымен,  жоғарыда  берілген  мәліметтерді 
зерделей  отырып,  осындай  келеңсіз  оқиға-
лардың  орын  алуы  жұмыс  берушілер  мен 
қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтамауына 
тікелей байланысты екендігін көруге болады. 
Әрине, еңбекті қорғау бойынша талаптардың 
сақталуын  қамтамасыз  ету,  әсіресе,  өнер-
кәсіптің  аса  күрделі  салаларында  өнеркәсіп 
басшылығының қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс 
істеуін  қамтамасыз  етуіне,  ал  қызметкерлердің 
еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау ережелерін 
орындауға мұқият болуына тікелей байланысты 
екендігі  сөзсіз.  Еңбекті  қорғау  сонымен 
бірге,  құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық, 
ұйымдастыру-техникалық, 
санитарлық-
эпидемиологиялық, 
емдеу-профилактикалық, 
оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын 
қамтумен толыққанды жүзеге асырылады .
Қазіргі  кезде  және  таяу  болашақтағы 
кезеңде,  яғни  2030  жылға  қарай  Қазақстан 
өндірістік  жарақаттанушылық  және  кәсіби 
аурулар  жағдайларының  санын  айтарлықтай 
азайтып,  әлемнің  дамыған  елдерінің  деңгейіне 
жақындауға ұмтылып келеді деп айтуға болады. 
Сол  арқылы  мемлекетте  Халықаралық  еңбек 
ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің 
талаптарына 
сәйкес 
келетін 
қауіпсіздік 
стандарттары  республикада  өндірістегі  еңбекті 
қорғауды  басқару  негізі  болады.  Ал,  мемлекет 
пен  жұмыс  берушілер  бірлестіктері  еліміздің 
кәсіпорындарына  еңбек  қауіпсіздігі  бойынша 
стандарттарды  енгізуді  қамтамасыз  ететін 
болады.  Таяу  келешекте  барлық  мемлекеттік 
еңбек  инспекторлары  мен  барлық  өндірістік 

157
кәсіпорындардағы  еңбекті  қорғау  жөніндегі 
мамандар  арасында  еңбекті  қорғауды  басқару 
жүйесіне  оқыту  тұрақты  түрде  жүргізілетін 
болады  деп  пайымдаймыз.  Сонымен  қатар, 
лайықты  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз 
ету  мақсатында  орын  алған  жазатайым 
оқиғаларға  ден  қоюдан  олардың  алдын  алуға, 
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға 
бағытталған  алдын  алу  шаралары  кешенін  іске 
асыруға ауысу жүзеге асырылатын болады. 
Қорыта  айтқанда,  адами  әлеуеттi,  азамат-
тардың  iскерлiгiн  жандандыру,  азаматтық 
қоғамды  одан  әрi  қалыптастыру  негiзiнде  ғана 
Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары 
жоғары,  қазiргi  заманғы,  серпiндi  мемлекет 
ретiнде дамытуға болады.
Олай  болса,  Адам  құқықтарының  Жалпыға 
бiрдей  декларациясына  сәйкес  әрбiр  адам 
өзiне  Конституциямен  кепiлдiк  берiлген 
экономикалық,  әлеуметтiк,  азаматтық  және 
саяси  құқықтарды  пайдалануға  мүмкiндiгi 
болған  жағдайларда  ғана  жеке  тұлға  мұратына 
қол жеткiзуге болады деп пайымдаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.  Н.  Назарбаев:  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына 
қарай 20 қадам»// Егемен Қазақстан, 2012 жылғы 10 шілде. 
2. Нургалиева Е.Н., Мамедова А.Т. О состоянии казахстанского трудового законодательства // 
Трудовое право в России и за рубежом. № 3/2012. – 64 с.
3.  Лобков  А.Х.  Практическое  применение  Трудового  кодекса  Республики  Казахстан.изд.  5-е, 
перераб. – Алматы: ТОО «Изд-во «LEM», 2010. – 132 с.
4. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қазіргі атауы – ҚР Денсаулық сақтау 
және әлеуметтік даму министрлігі
5.  Кудайбергенова  Т.  Производственный  травматизм:  важно  предупредить  //  Закон  и  время: 
научно-правовой журнал, 2013, № 04 (148) апрель. - 25-26 с.
Мақалада Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі қатынастары-
ның нормативтік реттелуін жетілдіру проблемалары қарастырылған. 
Түйін  сөздер:  еңбекті  қорғау,  еңбек  қауіпсіздігі,  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы,  әлеуметтік 
жаңғырту.
В  статье  рассматриваются  проблемы  совершенствования  нормативного  регулирования 
отношений в сфере охраны труда и безопасности в Республике Казахстан. 
Ключевые  слова:  охрана  труда,  безопасность  условий  труда,  Общество  Всеобщего  Труда, 
социальная модернизация.
 
In article are considered an improvement of problem areas for standard regulation in the sphere of labor 
protection and safety in the Republic of Kazakhstan.
Keywords: Labor Protection and Safety, Society of General Labor, Social Modernization.
Әсия Әлімғазықызы Дәулетханова,
ҚР Заң шығару институты Құқықтық мониторинг орталығының аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к. 
Жұмагүл Мұхтарқызы Тұрарова,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығының аға ғылыми қызметкері 
Еңбекті қорғау – әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі
● ● ● ● ●
Правовой мониторинг

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
158
Даулетханова Асия Алимгазиевна,
старший  научный  сотрудник  Центра  правового  мониторинга  Института  законодательства  РК, 
к.ю.н. 
Турарова Жумагуль Мухтаровна,
старший научный сотрудник Центра лингвистики Института законодательства РК 
Охрана труда – основа социальной модернизации
Dauletkhanova Assiya Alimgazievna,
Senior Research Staff of the Сenter of legal monitoring in the Institute of Legislation of the Republic  
of Kazakhstan c.j.s.
Turarova Zhumagul Mukhtarovna,
Senior  research  staff  of  the  center  of  Linguistics  in  the  Institute  of  Legislation  of  the  Republic                                    
of Kazakhstan
Labor Protection-basis social modernizations

159
Ақылбекова Гүлжан Кәрімқызы, 
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығының НҚА 
және  халықаралық  шарттар  жобаларына  ғылыми  лингвистикалық 
сараптама секторының жетекші ғылыми қызметкері
филология ғылымдарының кандидаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ: 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ МӘТІНДЕРІНІҢ 
ТЕҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Парламент  қарауына  Үкімет  енгізетін  заң 
жобалары  бойынша  «Норма  шығармашылығы 
қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002 
жылғы  30  мамырдағы  №  598  қаулысымен 
бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне 
сәйкес  заң  жобасымен  реттелетін  құқықтық 
қатынастарға  қарай  тиісті  ғылыми  (құқықтық, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, 
экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа 
да)  сараптама  жүргізу  міндеті  қойылып  отыр. 
Заңнамалық  актілердің  жобалары  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  заң  шығару 
бастамасы  тәртібімен  енгізіліп,  Қазақстан 
Республикасы 
Парламентінің 
қарауына 
енгізілетін  нормативтік  құқықтық  актілердің 
жобалары бойынша ғылыми сараптама, сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  ғылыми  сараптама, 
қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  мәтіндерінің 
тең 
түпнұсқалығы 
бөлігінде 
ғылыми 
лингвистикалық  сараптама  жүргізу  негіздері 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002 
жылғы  10  желтоқсандағы  N  1300  қаулысымен 
бекiтiлген  Қазақстан  Республикасы  Yкiметiнiң 
Регламентiнде айқындалған.
Қазақ  және  орыс  тiлдерiндегi  мәтiндерiнiң 
тең 
түпнұсқалығы 
бөлiгiнде 
ғылыми 
лингвистикалық  сараптаманың  негiзгi  мақсаты 
заң жобаларының қазақ және орыс тiлдерiндегi 
мәтiндерiнiң  сәйкестiгiн  анықтау  болып 
табылады. Сонымен бірге, нормативтік құқықтық 
актілер  тілінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
қазіргі қазақ әдеби тілі нормаларына сай болуы, 
грамматикалық,  синтаксистік,  стилистикалық, 
логикалық,  редакциялық-техникалық  қателерді 
жою және терминдердің қолданылуы жөніндегі 
ұсынымдар беру.  
Азаматтық заңнаманың ең негізгі және содан 
туындайтын  басқа  заңдарға  ұйтқы  болатын 
негіздемелік  заңы  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық 
кодекс  –  біртектес  аса  маңызды  қоғамдық 
қатынастарды  реттейтін  құқық  нормалары 
біріктіріліп,  жүйеге  келтірілетін  заң.  Қазақстан 
Республикасы Азаматтық кодексінің орыс және 
қазақ тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалы 
болуы ұлттық заңнама сапасының көрсеткіші де 
болып табылады. 
Азаматтық  кодекстің  қазақ  және  орыс 
тілдеріндегі  мәтіндердің  тең  түпнұсқалығын 
бағалау 
және 
олардың 
мазмұнының 
айқындылығын,  нақтылығын,  дұрыстығын 
қамтамасыз ететін тіл нормаларына (қазақ және 
орыс тілдерінің лексика, фонетика, грамматика, 
стилистика  ережелеріне)  сәйкестігі  зерделеуді 
қажет етеді.
Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік 
құқықтық актілердің әрқайсысы өз алдына жеке-
жеке  заң  болғанымен,  реттейтін  қатынастары 
және  онда  қолданылатын  терминдердің  бірізді 
болуы  бөлігінде  бір-бірімен  өзара  тығыз 
байланыста  болады.  Осы  тұрғыдан  Азаматтық 
кодекс  мәтініндегі  ұғымдар  мен  терминдердің 
азаматтық заңнама ұғымдары мен терминдеріне 
сәйкестігі,  олардың  бір  ізді  қолданылуы  мен 
дәлдігі,  мағыналық  бірізділігі  мәселесі  бүгінгі 
күні  зерттеп-зерделеуді  қажет  ететін  тың 
тақырыптардың бірі болып отыр.
Қай  салада  болсын  терминология  мәселесі 
қашан  да  өзекті.  Қоғам  өмірінде  заңдардың 
маңыздылығы  қаншалықты  маңызды  болса, 
заң  шығармашылығы,  әсіресе,  құқық  шығар-
машылығы  саласында  аталған  мәселе  де 
соншалықты  маңызға  ие.  Заң  шығарушының 
еркінің дәлдігі әрі заңның нәтижелілігі заңдарда 
терминдердің  нақты  қолданылуына  тікелей 
Из практики законотворчества на государственном языке

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
160
байланысты екендігі даусыз. 
Азаматтық  кодекс  мәтінінің  өн  бойында 
терминдердің  бір  ізді  қолданылу  мәселесі. 
Азаматтық 
кодекстің 
қазақ 
тіліндегі 
нұсқасында  мағыналық  бірізділіктің  болмау 
жағдайлары:  қайта  құру  –  қайта  ұйымдастыру 
(реорганизация); байқаушы кеңес – байқау кеңес 
–  қадағалау  кеңесі  (наблюдательный  совет); 
жеке кәсіпкер – дара кәсіпкер (индивидуальный 
предприниматель);  жарна  –  пай;  күштеп 
алу  –  ықтиярсыз  алу  –  мәжбүрлеп  алып  қою 
(принудительное  изъятие);  талап  етуді  беру  – 
талапқа көну (уступка требования); борышкер – 
борышқор  (должник);  кепiл  болушы  –  кепілгер 
(поручитель);  кепiлпұл  –  кепілақы  (задаток); 
нотариалды  куәландырылған  –  нотариалдық 
жолмен 
куәландырылған 
(нотариально 
удостоверено); айып төлеу – тұрақсыздық айыбы 
(неустойка); айып төлеу – тұрақсыздық айыбын 
төлеу (уплата неустойки); мүлікке тыйым салу – 
мүлікке қамақ салу (арест на имущество); қағида 
–  ереже  (правила)  мөлшер  –  көлем  (размер); 
міндеттеме  –  міндет  (обязанность);  жағдайлар 
–  мән-жайлар  (обстоятельства),  субсидиарлық 
жауапкершілік  –  жәрдем  беру,  жәрдем  – 
субсидиялық  жауапкершілік  (субсидиарная 
ответственность); дүлей күштер (непреодолимая 
сила) – болмай қоймайтын оқиға – еңсерілмейтін 
күш  (форс-мажор);  оралымды  басқару  – 
жедел  басқару  (оперативное  управление); 
шамасы  жоқ  борышқор  –  дәрменсіз  борышкер 
(несостоятельный должник); шығын – залал деп 
түрліше  қолданылуын  келтіруге  болады.  Осы 
мысалдардан-ақ  Кодекс  мәтінінде  терминдерді 
бірізді  қолдану  қағидатының  сақталмағанын 
көреміз.  Осыған  ұқсас  қисынсыздықтардың 
Кодексте жиі кездесетіні өкінішті-ақ. 
Азаматтық кодекс мәтінінде бір ғана ұғымды 
белгілеу  үшін  түрлі  терминдер  немесе  сөз 
тіркестерін  негізсіз  пайдалану  немесе  әртүрлі 
ұғымдарды белгілеу үшін бір термин немесе сөз 
тіркесін  ғана  пайдалану  жағдайлары  да  орын 
алған тұстары да аз емес. Осы тұрғыдан Кодексте 
бір ғана ұғымды белгілеу үшін түрлі терминдер 
немесе сөз тіркестерін негізсіз пайдаланушылық 
мысалдары:  кредит  –  несие,  кредитор  –  несие 
беруші,  кредитор  –  кредит  беруші,  финанс 
–  қаржы,  рынок  –  нарық  тәрізді  жарыспалы 
қолданыстар  кездеседі.  Бұлар  тілдік  қарым-
қатынас  машығында  сабақтастық  қағидаты 
бойынша,  біразға  дейін  жарыса  жүріп,  келе-
келе  біреуі  орнығады.  Сөйтіп,  «табиғи»  түрде 
тіл  өзін-өзі  реттеп  отыратындықтан,  біралуан 
жарыспалы  сөздер  тез  арада  нормаға  түсіп, 
сөздің  ықшам  нұсқасына  артықшылық  беріліп, 
жарыспалы сөздер бір ізге түседі. Олардың тілдік 
норма  үрдісіне  сай  келетіні  немесе  ауытқитын 
тұстарына талдау жасап отыру тілші қауымының 
да, заңгер қауымының да құзыретіне жатады. 
Бірнеше  нұсқадағы  жарыспалы  қолданыс-
тардың  мүмкіндігінше  Мемлекеттік  терми-
нология  комиссиясы  тарапынан  бекітілген 
немесе  ресми  тілде  стандартталған,  сондай-ақ 
жазба  тілде  қолданылу  жиілігі  жоғары,  яғни, 
нормаға айнала бастаған тұлғасы пайдаланылуға 
тиіс. 
Сол  сияқты,  әртүрлі  ұғымдарды  белгілеу 
үшін  бір  термин  немесе  сөз  тіркесін  ғана 
пайдаланушылық мысалы ретінде субсидиарлық 
жауапкершілік  –  субсидиялық  жауапкершілік 
(субсидиарная  ответственность)  тіркестерін 
келтіруге  болады.  Мұндағы  «субсидиарлық» 
және  «субсидиялық»  сөздерінің  мағыналары 
әртүрлі ұғымдарды білдіреді.  
Азаматтық  кодекс  мәтінінде  тіркестердің 
жолма-жол  аударылған  тұстары  да  аз  емес. 
Мәселен:  азаматты  өлдi  деп  жариялау 
(объявление  гражданина  умершим);  иелену 
көнелігі  (срок  давности);  өмiр  бойы  асырауда 
ұстау  (пожизненное  содержание);  құқықты 
мирасқорлар (правопреемник); әрекет қабілеттігі 
жоқ  адамдар  (недееспособные  лица).  Мұндай 
лексикалық  тұрғыдан  қате  аударылған  сөздер 
мен  сөз  тіркестерінің  қолданылу  мысалдары 
құқық  нормаларының  бұрмалануын  туындатуы 
мүмкін. Сондықтан көпшілікке ұғынықты, тілге 
қонымды, заңнама стиліне тән: азаматты қайтыс 
болды  деп  жариялау,  өмір  бойы  асырау,  құқық 
мирасқорлары,  әрекетке  қабілетсіз  адамдар 
болып қолданылғаны дұрыс болар еді.
Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұны 
мен  жазылу  стиліне  қойылатын  талаптарға 
сәйкес  қазіргі  әдеби  тілдің  нормасында 
көнерген  сөздер,  сирек  қолданыстағы  сөздер, 
бірқолданыстағы  сөздер  болып  саналатын 
лексикалық  элементтер,  сондай-ақ  бейнелі, 
образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға 
тән  тұлғалар  қолданылмайды.  Алайда  Кодекс 
тілінде  «желеу  етіп»  (42-бап),  «қора-қопсы» 
(224,  254-баптар),  «жымысқы  ниет»  (157-бап), 
«зұлымдық ниетте» (159-бап), «арам ниет» (263-
бап), «қаңғып жүрген мал» (246-бап) және т.с.с. 
тіркестер түзетуді қажет етеді.
Азаматтық  кодекс  мәтінінде  ұғымдар  мен 
терминдердің,  сондай-ақ  құқық  нормаларының 
мазмұнының  айқындылығы  және  мағыналық 
бірізділікті  қамтамасыз  ету  мәселесі  ықтиятты 
зерделеуді  қажет  етеді.  Мәселен:  49-бапта: 

161
Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға: ... 5) басқа 
да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда 
таратылуы  мүмкін.  Дұрысы:  Соттың  шешiмi 
бойынша заңды тұлға: ... 5) заңнамалық актілерде 
көзделген  басқа  да  жағдайларда  таратылуы 
мүмкін. 181-бапта: Мiндеттемедегi адамдардың 
өзгеруi  талап  қою  мерзiмi  мен  оны  есептеу 
тәртiбiн өзгертуге әкелiп соқтырмайды. Дұрысы: 
Міндеттемедегі  адамдардың  өзгеруі  талап  қою 
мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп 
соқпайды. 
Калька  аудармалар,  сөйлемдердің  калька 
аудармаларға  ұшырауы,  сөйлем  жүйесіне  тән 
логикалық  жүйенің  сақталмауына  Кодекстегі 
476-баптың  4-тармағы  дәлел  бола  алады.  Ол 
«Тараптардың  келiсiмiмен  шартты  орындаудан 
немесе  оны  бiржақты  өзгертуден  бiржақты  бас 
тартудың  өзге  де  негiздерi  көзделуi  мүмкiн» 
деп  қате  аударылған.  («4.  Соглашением  сторон 
могут  быть  предусмотрены  иные  основания 
одностороннего отказа от исполнения договора 
или  одностороннего  его  изменения»).  Дұрыс 
нұсқасы: - «4. Тараптардың келiсiмiмен шартты 
орындаудан бiржақты бас тартудың немесе оны 
бiржақты  өзгертудің  өзге  де  негiздерi  көзделуi 
мүмкiн» деп жазылуы керек, өйткені осы баптың 
1-тармағында:  «1.  Тараптардың  бiреуi  (осы 
Кодекстiң 401-бабы 2-тармағының екiншi бөлiгi) 
шартты  елеулi  түрде  бұзған  жағдайда  шартты 
(толық  немесе  iшiнара)  орындаудан  бiржақты 
бас тартуға немесе оны бiржақты өзгертуге жол 
берiледi»  делінген.  Тіл  қолданысын  түзеу  тек 
ұғымдардың  аудармасының  болу-болмауымен 
емес,  сөйлемдердің  дұрыс  құрылып,  мазмұнды 
түсінікті  бере  білуімен  байланысты  екендігін 
ескеру. 
Сол  сияқты,  Кодекс  мәтініндегі  борышкер  – 
борышқор;  уәкiлдiк  берген  –  өкілеттік  берген; 
нотариалды  куәландырылған  –  нотариалдық 
жолмен  куәландырылған  тәрізді  аударма 
қиындықтары да түзетуді қажет етеді. 
Сонымен 
қатар, 
қазақ 
тілінің 
сөз 
байланыстырушы,  сөз  тіркестіруші  тілдік 
құралдарының  өз  деңгейінде  қолданылмауы 
тәрізді  орын  алған  кемшіліктер  де  баршылық. 
Мысалы:  476-бапта  «нарушение  договора 
поставщиком»  –  «тауар  берушімен  шарттың 
бұзылуы» 
және 
«нарушение 
договора 
покупателем»  –  «сатып  алушымен  шарттың 
бұзылуы»  деген  тәрізді  орыс  тілінен  сөзбе-сөз 
аударма  жасалған  тұстар  да  кездеседі.  Дұрыс 
сөйлем  құруда  тілдік  құралдардың  барлығын 
орынды  қолдана  білуді  ескерудің  маңызы  зор 
деп есептейміз.
Түптеп  келгенде,  азаматтық  заңнама  заң 
мамандарына  ғана  емес,  барлық  азаматтарға 
арналатындықтан,  әлеуметтік  маңызы  зор, 
сапасы жоғары, мазмұны айқын да түсінікті және 
заң техникасы тұрғысынан сауатты болуға тиіс. 
Келешекте  заңнамалық  актілер  жобаларының 
ресімделу  тұтастығын  сақтау  және  олардың 
тілі  мен  стилін  жетілдіруге  септігін  тигізетін 
мақсатты жұмыстардың маңызы зор болмақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет