Дістемелік кешені


Мемлекеттік бақылау және оның түрлері



бет83/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   118
3. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері ҚР Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері бар: Президенттік бақылау; Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы; Атқарушы билік органдарының бақылауы. Бақылаудың негізгі мақсаттары-атқарушы билік органдарымен олардың лауазымды адамдарының қызметінің өз міндеттеріне сәйкестігін, оларды орындаудың уақытылы және толымды болуын,заңдар талаптарының сақталуын, қаражаттардың үнемді және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету, мемллекеттік құрылымның тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру.ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент бес жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген.

Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді әрі жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады.



Ал жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен қатар тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне: аумақты дамыту жоспарларын; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; коммуналдық меншікті басқару; жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады.Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына -Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады. Мемлекеттік басқару функцияларын өз аумағына сәйкес жүзеге асыратын және дара басшылық принциптері негізінде әрекет жасайтын жергілікті атқару органының басшысы тиісті әкімшілік -аумақтық бөліністегі Республика Президентінің тіккелей өкілі болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет