73
Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде
лекциялық тәсілмен өткізіледі ("Электромагниттік толқындар",
физика және техникалық прогресс").
Лекцияның ғылыми
мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы
көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың
дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді.
Мектеп физикасынан лекцияны кез келген тақырыпта және
сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың
белсенділігін көтеру қиын,
тек бірыңғай тыңдау оларды
жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі
ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада
құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс.
Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де
маңызды, әрі қызықгы болады.
Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық
ойлауы мен қабілеттерін
дамытуда сабақтарды проблемалық
оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу
материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар)
туғыза білу. Негізінен, физикадан проблемалық оқытудың
формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:
1) проблемалық
баяндау
-
мүғалімнің
проблеманы
тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін
көрсету (атомның және ядроның құрылысы);
2) проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыс-
тырып, бірге шешу (сұйықтардағы беттік керілу);
3) проблеманы
мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушы-
лардың өздеріне ұсыну (сұйық жөне газ тәрізді денелердің
диффузясы);
4) проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушы-
лардың өздеріне беру (денелердің суда жүзуі және батуы). Бұл
тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыс-
тарында пайдаланған да орынды.
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов
оқыту
әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді:
1) ақпараттық; 2) орындаушылық; 3) түсіндірушілік; 4) репра-
дуктивтілік; 5) нұсқаулық-практикалық; 6) нәтижелік-практика-
лық; 7) түсіндірмелі-оқытушылық; 8) ойланушылық; 9) жартылай
ізденушілік; 10) ізденушілік.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Даниловтың класси-
74
касы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді:
білім алу
әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру
әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығар-
машылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін,
ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі.
Физика сабақтары
бағдарламалап оқыту жолымен де
жетілдіріліп кіледі. Бағдарламалап
оқыту принципінде, оқу
материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы
оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта
және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер
кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат
алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы
көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар
Достарыңызбен бөлісу: