127
2)
әрбір сабақты алдыңғы және келесі сабақтармен
байланыстыру керек;
3)
жаңа материалды оқытудың ыңғайлы әдістемелер
үйлесімін таңдап алып, қолдану керек;
4)
оқушылардың білімдерін жүйелі және әр түрлі
бақылауды қамтамасыз ету. Сабақта оқушылардың білімін
бақылау әдісте-месін (ауызша
жедел сұрақ-жауап, тақтаның
алдында сұрау, физикалық диктант, т.б) және үй тапсырмасын
тексеру әдістерін жетілдіру (мұғалімнің
дәптерлерді тексеру,
оқушылардың бір-бірінің есептерін тексеруі, тақтаның алдында
есептер шығару және т.б) керек;
5)
оқылған материалды қайталау және пысықтау жүйесін
ойластыру керек;
6)
әірбір сабақтың жалғасы және келесі сабаққа
дайындық
болатындай, үйге берілетін тапсырманың көлемі
анықтап, оның жоспарға сәйкес уақытында берілуі, түсінікті
болуы және оқушылардың жеке мүмкіндігі ескерілуі, яғни үй
тапсырмасын оқушылардың дайындықтарына
қарай қиындық
деңгейі бойынша дифференциалдау қажет.
Мұғалім сабақтың өту барысын ойлап, оған жақсы
дайындалса ғана сабақ сәтті өтеді.
Сабақты дайындау мен ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
1)
Сабақта
оқушылардың
денсаулығын
қорғауды
қамтамасыз ету (қауіпсіздік техникасын,
еңбек гигиенасын,
бөлменің таза-лығын, жарықтану нормасын сақтау) керек.
2)
Әрбір сабаққа дайындықты берілген тақырыптағы
сабақ-тарды жүйелі жоспарлаудан (алдын ала сабаққа оқу
материалын таңдап алу қажет,
оны сабаққа қолдануға
болатындай көлемін және күрделілігін анықтау, сол сияқты
қалған жұмыс түрлерін белгілеуден) бастау керек.
3)
Әрбір сабаққа дер кезінде демонстрациалық және
дидак-тикалық материалдарды,
техникалық оқу құралдарын
дайындау керек.
4)
Барлық сабақтар жүйесінде сабақ типінің әр түрлілігін
қамтамасыз ету керек.
5)
Оқушылардың білімінің көп бөлігін мұғалімнің
басшылығымен, бірақ өз бетінше алуына мүмкіндік жасау керек.