Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»



бет18/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
база

Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшеліні математикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді.
Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы білдіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуалдық сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элекменттерге бөліп қарастырсақ, қиындықтарды шешу, белгілі бір шешімге келі жеңілдейді.
3)Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет.
Декарттың рационализмінің негізі-күмән. Күмәнданған адам күмін туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді: “Мен ойланамын, яғни өмір сүремін “.
Локк эмпиризмді- білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепсиясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туы біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әртүрлі , тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес.
Адам жаны , Локктың ойынша , дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әртүрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды. Бірақ ол адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз,есту,сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы,мақтан, тағы басқа психикалық жағдайларымыз арқылы аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет