Неміс классикалық философиясының іргетасы ИММАНУИЛ КАНТ (1724-1804 жж.) еңбектерінде қаланды. Ол неміс классикалық идеализмнің негізін қалаушы және классикалық объективтік идеализмнің өкілі.
Канттың «Таза парасат сыны» еңбегінде таным теориясы, логика және диалектика қарастырылсды. Кант «Таза парасатқа сын» еңбегінде таным үдерісіне ерекше көңіл бөліп, оның қайшылықтарын ашып, адамның таным қабілетін үшке бөлді: сезімдік, пайымдаушылық, парасаттылық. И.Канттың басты идеясы — АГНОСТИЦИЗМ немесе адамның қоршаған ортаны тануының мүмкін еместігі. Адамның қоршаған ортаны тануының мүмкін еместігінің себебі — адам санасының таным мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
Парасаттың адам, әлем және құдай мәселелерін тануда шешілмейтін қайшылықтарға немесе «ПАРАСАТТЫҢ АНТИНОМИЯЛАРЫНА» кездеседі.
Парасаттың бірнеше АНТИНОМИЯСЫ бар.
БІРІНШІ АНТИНОМИЯ – «Кеңістіктің шектеулілігі».
«Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және шетсіз. Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шектеулі, шекті». Бұл антиномияның мәні – бүкіл әлемді білу және оны тану мүмкін емес. Сондықтан парасат өзінің әлемді тануға ұмтылысында дәрменсіз.
ЕКІНШІ АНТИНОМИЯ – «Қарапайым мен күрделі элементтер».
Тек қана қарапайым элементтер және олардыан тұратын нәрселер ғана өмір сүреді. Дүниеде ешқандай қарапайым элементтер жоқ, бәрі күрделі».
ҮШІНШІ АНТИНОМИЯ – бостандық пен себептілік.
«Табиғат заңына бағынатын себептілікпен қатар бостандық та бар. Бостандық жоқ”.
ТӨРТІНШІ АНТИНОМИЯ – «Құдайдың бар немесе жоқтығы».
«Құдай бар, өйткені ол барлық нәрсенің пайда болу себебі. Құдай жоқ».
Аристотель логика категорияларын бірнеше топқа бөліп, анықтамаларын берумен шектелсе,И.Кант КАТЕГОРИЯЛАР жүйесін (система) жасауға ұмтылды. Ол категориялар арасындағы терең байланыстарды анықтап, бірінен бірінің
туындайтынын дәлелдейді.
И.Кант 12 категорияны қалыптастырып, оларды 4 класқа бөледі –