Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тілдердің өзара қарым-қатынасы қалай жүзеге асады? 
2. Субстрат, суперстрат, интерстрат құбылыстары дегеніміз не? 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 


3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 
4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- 
Алматы, 2011 
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 
-Алматы,1985
№8 тақырып: Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі. 
Дыбыс және оның түрлері. Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба. Тіл 
дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты 
 
Жоспары: 
1. Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі 
2. Фонетика және оның салалары 
2. Дыбыс және оның түрлері 
3. Тіл дыбыстары. Дыбыс және таңба 
4. Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты 
 
1. Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. 
Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің 
дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл 
дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер дыбыстардың өз ара 
тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола 
алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне, ұрпақтан 
–ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды. Тілдің дыбыстық жағы – сөздер 
мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.
Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі бір дыбыс арнаулы 
бір сөздің қолданылумен шектеліп қоймай, көптеген сөздердің құрамында 
қолданыла береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер 
дыбыстық жағынан алғанда, ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі 
комбинацияларынан құралған. Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге 
байланып қоймай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден 
абстракцияланады. Бұған тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге 
бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде 
сөздердің алғашқы буынындағы ерін дауыстының әуеніне қарай, екінші буынды 
да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде 
дауысты дыбыстың ашық буында созылыңқы айтылу заңдылығын және т.б. 
дыбыстық 
заңдылықтарды 
атауға 
болады. 
2. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. 
Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары 
туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары 
туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқада 


маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен 
дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация 
мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Оның үстіне, тіл 
дыбыстары мен буын, екпін туралу ілімнің тілдің жазба жазба түріне тікелей 
қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің деректеріне, тіл дыбыстарының 
фактілеріне 
негізделеді. 
Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және 
қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу 
түрі 
мен 
жазба 
түрінің 
арасындағы 
байланыстар. 
Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні, 
атап айтқанда, мынада: дыбыстық өзгерістерді, олардың заңдылықтарын есепке 
алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да, грамматикалық құбылыстардың да 
шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау, соған орай, лексиканың да, 
грамматиканың да, ғылыми тарихын жасау мүмкін болмаған болар еді. Демек, 
тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі 
дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі өте-мөте маңызды 
мәселе 
болып 
саналады. 
Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің 
фонетикасы) болып бөлінеді. 
«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын 
зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді.Жеке фонетика белгілі 
бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің 
мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи 
(диахрониялық) фонетика болып бөлінеді. 
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір 
сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады. 
3. Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. 
Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары 
туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары 
туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да 
маңызды 
объектілерінің 
болуын 
жоққа 
шығармайды.
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: 
шын тіл-жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу.
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір 
адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, 
сөздің өмір сүру формасы- дыбыс. Әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір 
ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады.
А. Байтұрсынов өзінің алғашқы «Тіл-құрал» деп аталатын еңбегінде (1914ж.) 
осыны айырықша қадағалап айтқан: «Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа напсе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет