Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет18/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
54 
тұрардай тап-тар мұнарада жапа-жалғыз. Жаңа салынып жат-қан 
мұнараны, кірпіштен кірпішке биіктеп, көкке өрмелеп бара жатқан 
шеберді алыстан тұрып қызықтай-тындардың тобыры да сирей түсті. Енді 
олардың да мəні жоқ. Сонау жердің бетінде күйкентайдай боп тəлтиіп-
тəлтиіп тұрғандардың бұған айтқан сөздері де, құмарта қараған көздері 
де жетпейді. Кірпіштер қайтадан ауыр тарта бастады. Тұсаулы аттың 
китің-китің жүрісіндей құрылысшының кірпіш санаған күйкі қимыл-
қыбыры мезі қып барады. Енді оның асыға күтетіні тас таситындардың 
келіп тас түсіріп кеткені. Олардың ту сонау мұнара түбінен əуелі дүңгірлеп 
шығып, бірте-бірте тақ-тақ қатқылдана түсетін аяқтарының дыбысына 
құлағын тосады да тұрады. Құлдардың көбі шеттен келген. Олар бұның, 
бұл олардың сөзіне түсінбейді. Бірақ қасынан ақ тер, көк терге түскен 
еркектердің əншейінде тым ерсі, тіпті жиіркенішті көрінетін бір түрлі 
құдірет-күш беретіндей күңірсік иісі мүңкіп қоя бергенде, ол қалтарыс бір 
түкпірде қара аңсап тұрған тұсаулы аттың өзге жылқы көргенде 
оқыранбай не кісінемей қалмайтынындай, əлдене деп бір сөйлеп қалады. 
Құлдар бұның не айтып тұрғанына түсінбесе де, тістерін ақситып күліп 
қояды. 
Енді мұнара шаһардың таяу жердегі үйлерінен бой асыра бастады. 
Жақын махаллалардың тап-тар көшелері мен аядай аулаларындағы 
қимыл-қыбырдың бəрі көз алдында. Жатаған үйлердің ара-арасындағы 
əрлі-берлі шұбап жатқан қара ноқаттар – есек мінген, не жаяу кетіп бара 
жатқан көшедегі жұрт мың сан сүрлеуге түсіп ап, əрлі-берлі жөңкіліп 
жатқан əлдеқандай кішкене мақұлқаттар секілді. Олардың көзге əзер 
шалынатын құрдым қарасы да, ерсілі-қарсылы сеңдей сапырылысқан 
мəнсіз қозғалыстары да кісі күлерліктей. Əсіресе базар маңы 
құмырсқаның илеуінен бір аумайды. Əншейінде арасында жүргенде 
қызығатын қызылды-жасыл дүниелер де мынадай зеңгір биіктен 
қарағанда құнсыз, қызықсыз, тіпті көзге де ілікпейді. 
Осы бір ұсақтықты, мəнсіз абыр-сабырды адамдар өз-деріне – өздері 
қасақана ойлап шығарғандай. Мынау ұлан-асыр шалқар болмыста 
əрқайсысы алды алдына шалқайып жүруге жер жетпегендей бір-біріне 
соқтыға-қақтыға жөңкілетін əне біреу сүрлеулерді, кеңістікті кеңірдегінен 
алып қылғындыратын жолбарыстай көріп, төрт жағынан төрт тас 
жақтаумен қоршап, қыспаққа алып тұратын əне бір тас табыттарды 
тауып алыпты, сондай бірінен-бірі аумайтын тас қорапшалар арасында
сұрықсыз сұрқай илеуде біріне-бірі соқтығып, құмырсқаша құжынап 
жүріп бір-бірімен атақ таластырып əлек болады. Осынау мəнсіз илеу 
біріне-бірі соқтыққан құмырсқаларын да мəңгіртіп жібергендей. Əйтпесе, 
мы-нау ұлан-асыр кеңістікте бет-бетіне бытырап журмес пе еді, сонда 
олардың əрқайсысын жеке-жеке қуып жүріп өлтіретін кім бар дейсің? Ал 
мынандай быжынап жатқан илеуді бір жайпап кетуге қай жау 
қызықпайды. Өзге илеулерді аямай таптап жүрген атақты билеуші өз 
илеуін жылдан-жылға құжыната түсуде. Тап осы салып жатқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет