24
Н.Д. Голев «Динамический аспект лексической мотивации» еңбегінде
уәждеменің абсолютті жоспары (абсолютный план мотивации) мен катыстылық
жоспары (относительный план мотивации) арасындағы айырмашылықтың
аражігін ашып көрсетеді [52, c. 14-17].
З.К. Ахметжанова, У.А. Мусабекова тілдік таңба ретінде қолданылатын
антропонимдердегі уәждеменің абсолютті және катыстылық жоспарын
былайша түсіндіреді: «когда новорожденного именуют
Бейбіт, соотнося
антропоним с нарицательным существительным
бейбіт (мир), то это
абсолютный план мотивации, когда же младенцу казаху или русскому дают имя
Элеонора, мотивируя это фактором балгозвучия или необычного звучания,
моды, то перед нами относительный план мотивации» [53, c. 70].
«Антропонимдердің уәжін зерттеу – танымдық жағынан ғана емес,
халықтың адамға ат қоюындағы, мәдени, тарихи өміріндегі ерекшеліктерін
танытумен қатар жүретін ғылыми сала [54, 10 б.].
Антропонимиядағы гендер мәселесі. Қазіргі таңда тіл білімінде
антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде гендерлік лингвистикаға, яғни гендер
мен тілдің өзара байланысына қатысты ғылыми еңбектердің саны артып келеді.
Гендер терминін американдық психоаналитик Robert J. Stoller 1968 жылы
«Sex and Gender» (Жыныс және Гендер) еңбегінде алғаш рет ғылымға енгізді.
R.J. Stoller пікірінше, жыныс пен гендердің айырмашылығы жыныстың
биологиялық, ал гендердің психологиялық мәдени феномен екендігінде деп
түсіндіреді [55, p. 9].
А.В. Кирилина
гендер термині жөнінде: «Термин
гендер был призван
подчеркнуть не природную, а социокультурную причину межполовых
различий» дейді [56, с. 18-19]. Яғни гендер термині табиғи немесе биологиялық
ерекшеліктерге емес, жыныс аралық айырмашылықтың әлеуметтік мәдени
себептеріне назар аударуды көздейтін грамматикалық тек категориясын
білдіреді.
Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігінде
гендер,
гендер
Достарыңызбен бөлісу: