25
адамзат жаратылған тұста,
еркек,
әйел ұғымдарымен бірге пайда болған дейміз»
[59, 284 б].
Қоғамда әйелдер мен ерлердің мүддесін, гендерлік теңдік, гендерлік саясат
мәселесін Г. Мамашарипова қарастырады. Оның пікірінше: «Адамзат
дамуының әлемдік тенденциясы әйелдер мен еркектер арасындағы өмір сүру
ұзақтығы, білім және жалақы айырмашылығының болуы болып табылады.
Еркектер мен әйелдердің құқықтық теңсіздігі жағымсыз әлеуметтік-
экономикалық нәтижелерге соқтырады» [60, 31 б.].
Н.И. Ерғазиева XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы іскерлік
құжаттардағы қазақ антропонимдік жүйесін зерттеп,
хан,
бахадүр,
батыр,
сұлтан,
бай,
би,
бек,
мырза,
тархан,
төленгіт,
молда,
қазы сынды әлеуметтік-
саяси терминдердің (титулдар) әлеуметтік мәніне, қызметі мен мағынасына
тоқталады [61, c. 210-211].
Г. Шоқым бойынша: «Гендер әйел мен ер жынысының әлеуметтік
ортадағы, қоғамдық-мәдени институттардағы орнын анықтайды» [Шоқым,
2009: 12 б]. Қазақ қоғамындағы ер мен әйелдің билік жүйесіндегі гендерлік
рөлін Г. Шоқым былайша сипаттап көрсетеді: «Тіліміздегі
хан,
сұлтан,
би,
бек,
ел ағасы,
ауыл ақсақалы,
ру басы,
қазы,
төре т.б. ер адамдарға қатысты
қолданылатын гендерлектілер әлеуметтік дәреже-лауазымды білдіретін
гендерлік лексиканы құрайды. Дей тұрсақ та, халқымыздың арғы-бергі
тарихында
батырлық
көрсеткен,
билікке
араласқан,
көсемдігімен,
шешендігімен дараланған, «ұлы даланың ұлағатты қыздары» атанған
Томирис
(Тұмар),
Айша бибі,
Домалақ ана (Нұрила),
Бегім ана,
Айбике,
Абақ,
Қызай,
Ұлбике,
Бопай ханша т.б. есімдері мәлім» [62, 43 б].
Лингвистиканың дәстүрлі құрылымдық жүйеден «адам тілі» және «тілдегі
адам құбылысын» басты нысан етіп алған антропоөзектік парадигма әсерінен
ономастикалық кеңістікте, әсіресе антропонимдер басымдылыққа ие екендігін
айтады [63, 33 б]. «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты А.М. Байғұтова
антропонимдердің гендерлік сипаты бойынша тәуелсіздікке қол жеткізген тұста
тарихи тұлғаларымыз бен көркем шығармадағы жағымды кейіпкерлер,
ұлтымыздың атақты әнші-бишілерінің, қазақи болмысқа жақын есімдерді қою
сәнге айналғанын атап өтеді. Мысалы:
Нұрила,
Зере,
Тұмар,
Айғаным,
Майра,
Достарыңызбен бөлісу: