Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет46/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Неологизм  есімдер.  Өз  еңбегінде  Т.  Жанұзақ  интернационалдық  есімдер 
деп  көрсеткен  Артур,  Диас,  Марат  [135,  с.  26]  есімдері  қазіргі  уақытта  да 
сәбилерге қойылып жүр. 
Біз  өз  тарапымыздан  қазақ  антропонимиясын  семантикалық  топтастыру 
бойынша заманауи қазақ есімдері тобын қосуды ұйғардық.  
Заманауи қазақ есімдеріне қазақ тіліндегі жалпы есім сөздерден жасалған 
дара тұлғалы антропонимдерді, біріккен тұлғалы антропонимдерді, араб тілінен 
енген  жаңа  есімдер,  жаһандану  үдерісі  мен  БАҚ  құралдары  ықпалынан  енген 
есімдерді және дыбыстық өзгеріске ұшыраған есімдер кіреді. 
-  қазақ  тілдеріндегі  жалпы  есім  сөздерден  жасалған  ер  есімдері:  Ақиқат
Алғыс,  Арнамыс,  Асу,  Әлем,  Белес,  Ғаламат,  Ғарыш,  Демеу,  Жасын,  Жеткер
КемеңгерПейілСамғарСеңгірТағдырҰлағат;  
-  көне  түркі  антропокомпонеттері  (ай,  ақ,  бай,  ел,  ер,  тәңір)  мен  жалпы 
есім сөздерден жасалған туынды тұлғалы ер есімдері: АйбарысАйқұтАйжас
АйсеріАйсұңқарАйтасАқмейірАқнанАқтаңБайтасЕлсұңқарЕртұмар
ЕртұғрылТәңірұлан;  
-  екі  есімнен  бірігіп  жасалған  ер  есімдер:  Абылайханбейбарыс
Бекмұхамбетсұлтан
Жарасөркен
Мәдизейінуәйіс
Мұхамбетәмин
МұхамбетжолдасМұхамбетясинМұхамбетшайбани;  
-  араб  тілінен  енген  есімдер:  Азан,  Әбдімүтәліп,  Әзірет  (Хазірет),  Әли-
Ағзам,  Әлисұлтан,  Әмин,  Дінислам,  Діннұр,  Мәдімәр,  Салах  Ад  Дин 
(Салахаддин), СаламатХабибрахманЯхияжұма;  


50
 
 
- жаһандану үдерісі мен БАҚ құралдары ықпалынан пайда болған есімдер: 
Альбертгор,  Анаис,  Бельгер,  БернардДжихат,  Иммануил,  Марсель,  Маттео
Микаэль,  Оскар,  Рауль,  Рамзес,  Рафаэль,  Роллан  (Роланд),  Самуэль,  Эдуард 
Элисар ЯнЭрнест;  
-  дыбыстық  өзгеріске  түскен  ер  есімдері:  Айанер  (Айнар),  Аймер,  Айсар 
(Айсары),  Алесар,  Алсан,  Армиль,  Арьен,  Асмир,  Аджи  Гирей  (Әжігерей), 
Аламир,  Әлихар,  Байэль,  Бигель  (Би+келді),  Диасыл  (Диас+Асыл),  Дильен
Жансүр (Жансүгір), МахдиСағдиТамир (Темір), Халис (Халид), Ильяр (Ілияс), 
т.б. 
Профессор Т. Жанұзақов қазақ есімдерін жасалу жолдары бойынша келесі 
лексика-семантикалық  топтарға  жіктейді:  мал  шаруашылығына  байланысты 
есімдер,  табиғат  құбылыстарымен  байланысты  есімдер,  тағы  аңдар  мен  үй 
хайуандары  және  құстарға  байланысты,  асыл  тастар,  металдарға 
байланысты атауларжеміс-жидек атаулары байланысты есімдертуыстық 
атаулармен  байланысты  есімдер,  сын  есімдердің  қатысуымен  жасалатын 
есімдержер-су аттарына қойылған есімдертұрмыстағы керек-жарақтарды 
білдіретін есімдер, түрлі тағам аттарына байланысты есімдер [140, с. 34].  
Жоғарыда  көрсетілген  топтастыру  негізінде  қазіргі  ер  есімдерінің  жасалу 
жолдары бойынша лексика-семантикалық топтары: 
- ру атауына қатысты есімдер есімдер: АдайАдайханАлбанАрғынӘлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет