Дулат, Жалайыр, Жағалбайлы, Наймантай;
- топонимдерден жасалған есімдер: Балхаш, Атлант, Еділ, Есіл, Жайық,
Назарет, Тұран;
- тау атауларынан жасалған есімдер: Арафат, Саян, Оқжетпес;
- жабайы аң, құс атауларынан жасалған есімдер: Барыс, Бүркіт, Елік,
Сұңқар.
Әйел
антропонимиясы.
Нәрестенің
физиологиялық
ерекшелігін
сипаттайтын сипаттау мәнді әйел есімдері (дескриптивтер):
- бет-әлпетіне, дене мүшелеріне байланысты қойылатын есімдер: шаш –
Сұлушаш, Алтыншаш, Қарашаш, Маржаншаш, Мыңшаш; маңдай – Ақмаңдай;
көз – Айқаракөз, Айнамкөз, Асылкөз, Аякөз, Қаракөз, Ботакөз; қас – Қаламқас,
Кермеқас; білек – Ақбілек; жүрек – Айжүрек.
- сәбидің денесіндегі қал немесе мең болуына орай қойылған әйел есімдері:
Қалбибі, Қалдыгүл, Қалдықыз, Қалжан, Қалымжан, Меңдігүл, Меңтай;
- нәрестенің денесінің түсіне байланысты берілген есімдер: Ақбикеш,
Ақбөпе, Ақжан.
Туған күні мен айына (немесе сол айдағы оқиға) қатысты есімдер:
- апта күндеріне қатысты есімдерге жұма (ар. джумга – жиын, жалпы
қауым жиналатын күн) [136, 75 б.] сөзінен жасалған әйел есімдері: Жұмабике,
Жұмагүл, Жұмағайша; Әдиа ир. одина – аптаның бесінші күні, жұма куні
туылған балаға қойылатын есім, синонимі Атина [136, 142 б.] есімдері жатады.
- ай атауларына байланысты қойылған әйел есімдері: Гүлнаурыз,
Наурызгүл, Наурызым,
Маусымжан, Сәуіржамал;
51
- құрбан айт мерекесі қарсаңында дүниеге келген сәбиге: Айтгүл
( Айткүл), Мейрамгүл сынды есімдер қойылған.
Сәбидің отбасында нешінші бала екенін білдіретін есімдер:
- отбасында екінші балаға берілетін Сәния (ар., тәж.) есімі – сан жағынан
үйдегі екінші туған бала [136, 168 б.] дегенді білдіреді;
- отбасындағы кіші балаға қойылған әйел есімдері: Айкенже, Ақкенже,
Кенже, Кенжегүл;
Бала дүниеге келген кездегі ата-анасының эмоциясын, тілегінің қабыл
болғанын, қуаныш сезімін сипаттайтын әйел есімдері: Дәметкен, Дәмегүл,
Дәмелі, Қуаныш, Сағыныш, Шаттық.
Тілек мәнді есімдер ( дезидеративтер):
- нәрестеге бақыт тілеумен байланысты есімдер: Бақжан, Бақыт,
Бақытгүл, Бақытжан, Гүлбақыт;
- қыз баланың сұлу, көрікті, ажарлы, нәзік болуын тілеумен байланысты
есімдер: Ажар, Айсұлу, Ақкербез, Әдемі, Әсем, Әсемжан, Әсемгүл, Көркем,
Сұлу;
- мата атауынан қойылған есімдер: Барқыт, Жібек, Мақпал, Масаты;
- нәресте өскенде ақылды болсын деген тілекпен Әлима (ар. ғалима –
оқымысты ғалым әйел [136, 143 б.]), Дана, Данагүл, Парасат секілді есімдер
қойылған;
- сәбидің молшылықта, баршылықта өмір сүруін, ырысты болуын тілеумен
байланысты есімдер: Береке, Несібелі, Ырзагүл;
- ата-ананың өздеріне деген тілек-ниетін білдіретін, яғни келесі сәбидің ұл
болуын қалауға қатысты есімдер: Жаңыл, Қыздықой, Ұлай, Ұлайым, Ұлбала,
Ұлбану, Ұлбосын, Ұлбөбек ( Ұлбөпе), Ұлғанша, Ұлдай, Ұлдана, Ұлданай, Ұлдар,
Достарыңызбен бөлісу: |