Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет48/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ұлдария,  Ұлдархан,  Ұлдықыз,  Ұлжалғас,  Ұлжан,  Ұлжарқын,
 
Ұлжібек,  Ұлзира
Ұлмекен,  Ұлнара,  Ұлсана,  Ұлсерік,  Ұлтай,  Ұлту,  Ұлтуар,  Ұлыш.  Қыздарға 
мұндай  сипаттағы  есімдерді  беру  қазіргі  күнге  дейін  өз  жалғасын  тауып  келе 
жатқандығын атап өтуге болады. 
Арнау мәнді немесе құрмет есімдер (меморативтер) тарихи тұлғалардың, 
халық қаһармандарының, танымал адамдардың құрметіне қойылады: 
-  ел  билеген  атақты  әйел  кісілер,  батыр  қыздардың  есімдері:  Томирис 
(Тұмар), АлияМәншүк
Мәдени-тарихи  (әлеуметтік)  есімдер  пұтқа  табынушылықты  білдіретін 
есімдер  (языческие  имена),  тотем  есімдер,  ислам  есімдері,  табу  есімдер  мен 
неологизм есімдерді қамтиды:  
-  аспан  денелеріне,  яғни  ай  мен  күнге  табынуға  байланысты  берілген 
есімдер: АйсұлуАйымАйжұлдызКүнімайКүнсұлу
-  ислам  дініне  қатысты  араб  тіліндегі  есімдер:  Айша,  Әмина,  Мадина
МаликаНамазФатимаХадиша
Неологизм есімдер
 
-  интернационалдық  әйел  есімдері:  Анжела,  Долорес,  Ирада,  Клара
СофьяЭлеонора қазіргі кезеңде қазақ антропонимиялық қорында кездеседі. 
Заманауи қазақ әйел есімдері 


52
 
 
 Қазақ  тіліндегі  жалпы  есім  сөздерден  жасалған  дара  тұлғалы 
антропонимдерді,  біріккен  тұлғалы  антропонимдерді,  жаһандану  үдерісі  мен 
БАҚ  құралдары  ықпалынан  пайда  болған  есімдерді  және  дыбыстық  өзгеріске 
ұшыраған есімдер кіреді. 
-  жалпы  есім  сөздерден  жасалған  әйел  антропонимдері:  Айнақыз,  Ақылай
Әуел,  Бақмекен,  Балғын,  Елриза,  Елігай,  ЕрекКербез,  Нұрсыйла,  Нұршашқан
НұршуақПеріштеСәтті;  
-  көне  түркі  антропокомпонеттері  (ай,  ақ,  бай,  ел)  мен  жалпы  есім 
сөздерден жасалған туынды тұлғалы әйел есімдері: АйасылАйбөбекАйдария
АйкүнімАйсезімАйтеңізАйшешекАқаруАқберенАқжүзікАқмөрАқпейіл
АқсанаАқұлпаБайбикеЕланаЕлданасыЕлерке;  
- араб тілінен енген әйел есімдері: БәдінұрҒайникамалДінзухраНұраят
Нұриман,  Нұрхадия,  Румейса,  Рухия,  Саиданұр,  Сафиянұр,  Тәслима,  Уәсила
Қайырниса
- парсы тілінен енген әйел есімдері: МахфиратСәруарФердаус
-  екі  есімнен  бірігіп  жасалған  әйел  есімдері:  Асылзере,  Бибіжамал
ИнаятбануНұрлыайымТомирисясминІнжумаржан
-  жаһандану  үдерісі  мен  БАҚ  құралдары  ықпалынан  пайда  болған  жаңа 
әйел  есімдері:  Адалин,  Аделайда,  Азалия,  Азия,  Айя,  Амелия  (Амели),  Анабель
АнгелинаАриеллаАрмандаАрнеллаВанессаНеллиНизательНикольМайя
Микаэля,  Мириамрада,  Орли,  Ребекка,  Сабрина,  Семирамида,  Тея,  Фарангис
Ханна ОкоуеШейлаЭвелинаЭлайя;  
-  дыбыстық  өзгеріске  түскен  әйел  есімдері:  Айла  –  Айлана  –  Айлин 
(Айлина) – Айлуна (Айлун) – АйлараАйнель (Айна), Айни (ар. Аниса), Айрин – 
Айрей – Айрим – АйрисАйсель (Ай+Әсел), АйсуАльви – Альвина – Альфина – 
Эльвина  (Альбина),  Инзипия  (ар.  Инсаф),  Лария  (Лариса),  Меери  (Мария), 
Рамида  –  Рамина,  Сандина,  Сарина  –  Сариям,  Тамилана  (Тәмила),  Эльизат 
(Елизавета), Эльнара (Елнар). 
Т.  Жанұзақовтың  топтастыруы  негізінде  қазіргі  әйел  есімдерінің  жасалу 
жолдары бойынша лексика-семантикалық топтары: 
- құс атауларынан жасалған әйел есімдері: АққуАқтоты (Тоты), Бұлбұл
ҚарлығашЛашынҮкіжан
-  өсімдік  атауларынан  жасалған  әйел  есімдері:  Шынар  (биік,  тау  тірегі, 
шынар ағашы);  
- жеміс-жидек атауларынан жасалған әйел есімдері АлмаАнар (ир. қызыл 
түсті дәні бар алма тектес жеміс), БүлдіргенЖүзімҚұлпынай
-  гүл  атауынан  жасалған  қыз  есімдері:  Еңлік,  Жауқазын,  Қалампыр
Қызғалдақ,  Ләйла  (араб  тілінде  гүл  аты),  Райхан,  Раушан,  Сарығалдақ 
(Сарықалдақ); 
- мата атауынан жасалған қыз есімдері: МасатыЖібекМақпал
- aсыл тас атауынан жасалған әйел есімдері: Гауһар, ир. – қымбат, бағалы 
тас [136, 147 б.], Меруерт. ир. – асыл тас [136, 162 б.], Фарида, ар. – 1) інжу, 
маржан;  2)  маржан,  теңдесі  жоқ,  сирек  зат  [136,  172  б.];  Інжу,  ар.  –  маржан 
[136, 175 б.]. 


53
 
 
Жалпы  лексика-семантикалық  талдау  нәтижесінде  заманауи  кісі  есімдері 
жүйесінде орын алған өзгерістерге: көшпенді өмір салтына қатысты төрт түлік 
малға  бай  болсын  деген  ниетпен  қойылған  есімдердің  қолданыстан  шығуын, 
тотемдік, ай мен күнге табынуға байланысты есімдердің, қорғаныс есімдерінің 
және ауа-райы  құбылыстарына қатысты  берілген есімдердің  архаизмге  айналу 
үдерісін жатқызуға болады.  
Апта, 
ай 
аттарына 
байланысты 
күнтізбелік 
есімдер 
қазіргі 
антропонимиялық  қорда  аз  да  болса  кездеседі.  Гендерлік  айырмашылық 
тұрғысында баланың туған жеріне қатысты антропонимдер ер есімдерінде ғана 
кездесетіндігін атап өтуге болады. Ислам дініне қатысты араб тіліндегі есімдер 
қатары  артқандығы  назар  аудартады.  Сонымен  бірге  ғаламдық  жаһандану 
үдерісінің  ықпалымен  шет  тілдерден  енген  есімдер  сәнді  есімдер  қатарынан 
орын  алып  отыр.  Қазіргі  уақытта  жас  ата-аналар  тарапынан  балаға  есім 
таңдауда  есімнің  білдіретін  мағынасына  қарағанда,  дыбысталуы,  жағымды 
естілуі, заманауи, сәнді есім болуына мән берілуде.  
 
 
2.1.2 Қазақ кісі тектерінің лексика-семантикалық топтары  
Кісі  тегіне  лексика-семантикалық  талдау  нәтижесінде  олардың 
ономастикада  қалыптасқан  дәстүрлі  топтастыруға  толықтай  сәйкес  келетіндігі 
айқындалды.  
Нәрестенің сипатына қарай берілетін есімдер (дескриптивтер).  
Сәбидің физиологиялық ерекшелігін сипаттайтын есімдер денесінің түсіне, 
бет-әлпетіне  және  жүріс-тұрысына  байланысты  беріледі.  Нәресте  денесінің 
түсіне байланысты есімдер негізінен «ақ», «қара», «сары», «қоңыр» лексикалық 
компоненттері арқылы жасалған. 
«Сырға  толы  түр  мен  түс»  еңбегінде  Ә.  Қайдаров  әрбір  халық  түстердің 
белгілі бір түріне өзіне тән ұғымдар мен түсініктерге орай мән-мағына беруге 
тырысатынын  жазады.  Мысалы,  жергілікті  ерекшеліктерге  байланысты  ақ  түс 
бірде  «тазалық»,  «пәктік»,  «әділеттілік»  мағынасын  білдірсе,  кейбір  жерлерде 
қайғылы  қазаның  символы  ретінде  де  қолданылады  [141,  64  б.].  Демек  ақ 
сөзінен  жасалған  Ақбаев,  Ақтаев,  Ақбергенов  секілді  антропонимдер  алғашқы 
мағынаның негізінде, яғни сәбидің таза, пәк, әділетті болуын тілеумен қатысты 
болып табылады. 
А. Гафуров  өз  еңбегінде  түркі  халықтарында  ақ  компонентімен  жасалған 
есімдерде  ақ  сөзі  әйел  есімдерінде  (Ақгүл,  Аққзыз,  Ақбике)  қалыңдықтың 
көйлегі  секілді  тазалық  пен  адалдықты  білдірсе,  ер  есімдерінде  (Ақбай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет