Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет69/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ер  антропонимиясы.  1990  жылы  ер  аты-жөнінің  рәсімделуінде  келесі 
нұсқалар кездесті: 
1) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Берикбосынов Бауыржан Турсунгалиевич (-ов/-
ев/-ин  +  есімі  +  -евич/-ович),  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалған  үш 
мүшелі аты-жөні; 
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Белесов Нартай Ербол-улы (-ов/-ев/-ин + есімі + 
-улы), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына улы (ұлы) сөзі 
бірге қосылып жазылған аты-жөні;  
3) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Сагынаев  Алмас  Майданбекулы  (-ов/-ев/-ин  + 
есімі + -улы (дефис арқылы)), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, 
әке атына улы (ұлы) сөзі дефис арқылы жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Калиев Алдар Досмагул улы (-ов/-ев/-ин + есімі 
+ -улы (бөлек)), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атынан улы 
(ұлы) сөзі бөлек жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі, есімі, әкесі (ТАӘ) – Бертаев Аскар Асхатұлы (-ов/-ев/-ин + есімі + -
ұлы (бірге)), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына ұлы сөзі 
бірге қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
6)  тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Бисенов  Нариман  Мурат-ұлы  (-ов/-ев/-ин  + 
есімі + -ұлы (дефис арқылы )), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, 
әке атына ұлы сөзі дефис арқылы жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
7) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Сандыбаев Олжас Балтабай ұлы (-ов/-ев/-ин + 
есімі  +  -ұлы  (бөлек)),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалып,  әке 
атынан ұлы сөзі бөлек жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
8) тегі, есімі (ТЕ) – Алтаев Ерлан (-ов/-ев/-ин) + есімі), тегі орыс тіліндегі 
аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні.  
Жоғарыда  берілген  ер  аты-жөні  нұсқаларының  сандық  және  пайыздық 
көрсеткіштері  кестеде  (кесте  6)  берілді.  Ер  аты-жөнінің  рәсімделуі  кезінде  8 
нұсқа анықталды.  
Кестеде  көрсетілгендей,  ер  аты-жөні  нұсқалары  арасында  орыс  тіліндегі 
аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ович/-евич) 
аты-жөні нұсқасы – 86,94 %-ды құрап, басымдыққа ие болды. 
Саны  жағынан  екінші  сатыда  ТЕӘ  (-ов/-ев/-ин  +  есімі  +  -улы  (дефис 
арқылы)) аты-жөні нұсқасы – 5,60 %-ды құрады.  
 
Кесте 6 – 1990 жыл ер аты-жөні нұсқалары 
 
№ 
Ер аты-жөні нұсқалары (1990 ж.) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіш (%) 





ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -евич/-ович ) 
2669 
86,94 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -улы (бірге)) 
49 
1,60 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -улы (дефис 
арқылы )) 
172 
5,60 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -улы (бөлек)) 
112 
3,64 % 


88
 
 
6-кестенің жалғасы 
 





ТЕӘ (-ов/-ев/-ина + есімі + -ұлы (бірге )) 
11 
0,36 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ина + есімі + -ұлы (дефис 
арқылы )) 
15 
0,49 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ұлы (бөлек)) 
31 
1,01 % 

ТЕ (-ов/-ев/-ин) + есімі) 
11 
0,36 % 
Барлығы: 3070 
 
Ең  төменгі  сатыда  –  0,36  %-ды  құраған  ТЕӘ  (-ов/-ев/-ин  +  есімі  +  -ұлы 
(бірге)) және екі мүшелі (-ов/-ев/-ин) + есімі) аты-жөні нұсқалары. 
Кісі аты-жөнінің рәсімделуі бойынша пайыздық үлестен байқағанымыздай, 
үш  мүшелі  антропонимдік  жүйеде  әке  атына  жалғанатын  -ович/-евич  орнына 
қазақ  тіліндегі  ұлы  сөзі  жалғануы  біршама  артқандығы  анықталды.  Яғни, 
ұлттық  дәстүрге  сәйкес  сәби  аты-жөнін  рәсімдеуге  деген  талап-тілектер  1980 
жылы  (17  ер  аты-жөні  –  0,96  %)  бастау  алып,  1990  жылы  (12,7  %)  дами 
түскендігін ресми құжаттар дәлелдеп отыр.  
Жиі  таңдалған  ер  есімдері.  1990  жылы  Алматы  қаласы  бойынша  ер 
антропонимдері  –  503-ті  құрады.  Аталған  жылы  ең  жиі  берілген  10  ер  есімі 
кестеде (кесте 7) берілді.  
 
Кесте 7 – 1990 жылы жиі таңдалған ер антропонимдері 
 
№ 
Ер есімдері (1990 ж.) 
Саны 




Данияр 
96 

Тимур  
82 

Азамат 
72 

Арман 
70 

Олжас 
68 

Дәурен 
60 

Алмат 
56 

Бауыржан  
46 

Шыңғыс 
44 
10 
Руслан 
41 
 
1990  жылы  жиі  таңдалған  ер  есімдерінің (1980  жылмен  сәйкес  келмейтін) 
шығу тегі мен жасалу жолдары, білдіретін мән-мағынасы төмендегідей: 
Азамат, ар. – 1) ұлылық, даңқ; 2) нағыз ер жігіт; 3) саналы адам [136, 17 
б.]; 
Олжас, қаз. – ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім [136, 104 б.]; 
Дәурен, ар. – уақыт, дәуір [136, 55 б.]; 
 
Алмат, монғ. – қыпшақ күбі, су шелек [128, 25б.]; 
 


89
 
 
Шыңғыс, қаз. – ұлы, азулы, мықты [128, 284 б.]. 
Яғни  1980,  1990  жылдар  бойынша  жиі  таңдалған  ер  есімі  бойынша  5  ер 
антропонимі сәйкес келді.  
1990  жылы  дүниеге  келген  ер  балаларға  келесі  есімдер  жиі  таңдалған: 
Данияр  –  96  рет,  Тимур  (Темір)  –  82  рет,  Азамат  –  72  рет,  Арман  –  69  рет, 
Олжас – 68 рет. 1980-1990 жылдардағы жиі таңдалған ер есімдерін салыстыру 
нәтижесінде олардың басым көпшілігі сәйкес келетіндігі анықталды (кесте 8).  
1990 жылы Данияр жиі қойылған есімдер арасында бірінші сатыда болса, 
1980 жылы екінші сатыда. 1990 жылы 1990 жылы Тимур екінші орында, ал 1980 
жылы бірінші  орында,  яғни  ең  жиі берілген  есім.  1990  жылы  Руслан  оныншы 
сатыда,  1980  жылы  жиі  қойылған  есімдер  арасында  төртінші  сатыда  болған. 
Сондай-ақ, 1990 жылы Арман саны жағынан төртінші жиі қойылған есім болса, 
1980  жылы  бесінші  жиі  қойылған  есім.  Ең  қызықтысы,  Бауыржан  1980,  1990 
жылдары жиі қойылған есімдер арасында сегізінші орында болған.  
 
Кесте 8 – 1980-1990 жылдары жиі таңдалған ер антропонимдері  
 
1980 жыл ер есімі 
Саны 
1990 жыл ер есімі 
Саны 




Тимур (Темір) 
70 
Данияр 
96 
Нұрлан 
56 
Тимур 
82 
Данияр  
54 
Азамат 
72 
Руслан 
52 
Арман 
69 
Арман 
50 
Олжас 
68 
Аскар 
46 
Даурен 
60 
Рустем  
43 
Алмат 
56 
Бауыржан  
36 
Бауыржан 
46 
Ержан  
35 
Шыңғыс 
44 
Марат 
34 
Руслан 
41 
 
Сирек  ер  есімдері.  1990  жылы  сирек  берілген  ер  есімдеріне:  Абдул-сахи
Айсәт (Айсат), Ақтаң (Актан), АрафатАрнамыс, Ататүрік (Ататюрк), Әмір-
Зада  (Амер-Зада),  Бақдәуір  (Бакдаур),  Жебе,  Зарлық  (Зарлык),  Зият,  Ир-
рахман,  Қалау  (Калау),  Миятқожа  (Мияткожа),  Ойназар,  Іңкәр  (Инкар) 
жатады.  
Тілдік қатысымдылығы. 1990 жылғы деректер жалпы саны – 503 ер есімі 
анықталды.  Антропонимдердің  тілдік  қатысымдылығы  анықталып,  сандық 
және пайыздық көрсеткіштері суретте (сурет 3) берілді.  
1990  жылғы  ер  есімдері  арасында  көне  түркі  тіліндегі,  қазақ  тіліндегі 
есімдер, араб-парсы тілдерінен енген есімдер басымдыққа ие болып табылады.  
Жоғары  сатыда  қазақ  (түркі  тілдерінен)  тіліндегі  есімдер  –  30,42  %-ды 
құрады. 


90
 
 
Екінші  сатыда  араб  тілінен  енген  есімдер  –  27,63  %-ды  көрсетті.  Одан 
кейінгі орында гибридті есімдер – 25,45 %-ды құрады.  
 
 
 
Сурет 3 – 1990 жыл ер антропонимдері тілдік қатысымдылығы 
 
Келесі  сатыда  парсы  тілінен  енген  антропонимдер  –  8,35  %-дық  үлесті 
құраса,  өзге  шет  тілдерден  (көне  еврей,  кельт,  славян,  латын,  грек,  монғол, 
француз, испан) енген ер есімдері – 8,15 % болды. 
Өзге шет тілдерден енген ер есімдері: слав. – 8 есім (СтаниславВладимир
Богдан – 1,59 %), лат. – 7 есім (ВалерийРоманСергей, т.б. – 1,39 %), герм. – 7 
есім (ЭдикРаульБернат, т.б. – 1,39 %), к. евр. – 6 есім (ИсаРавильІлияс, т.б. 
– 1,19 %), гр. – 6 есім (АлександрЛеонидЮрий, т.б. – 1,19 %), монғ. – 4 есім 
(АлматАлтайҚұралЕрден – 0,80 %), кельт – 1 есім (Артур – 0,20%), фр. – 1 
есім (Марат – 0,20 %), исп. – 1 есім (Диас – 0,20 %). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет