Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет68/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Айгүл – Айгуль, Гауһар – Гаухар және т.б.  
Бұл тұрғыда Б. Досжанов «...Қыздар есіміне орыс тіліндегі еркелету мәнді 
«-а»  жалғануы  ауызекі  тілде  ғана  емес,  құжат  жүзінде  де  көрініс  бере 
бастағанын,  мағынасы  сондай  тамаша  ұлттық  есімдердің  өзінің  дыбыстық 
тұлғасымен  қатар,  ғасырлар  бойы  аманат  ретінде  арқалап  келген  ұлттық 
мазмұнынан да айрылып отыр» деп жазады [163, 5 б.].  
Жиі  таңдалған  әйел  есімдерінің  шығу  тегі,  жасалу  жолдары,  лексикалық 
астарлары мен білдіретін мән-мағынасына тоқталып өтейік: 
Әсел, ар. асель – бал [136, 144 б.]; 
 
Әлия,  ар.  –  1)  құны,  бағасы  артық,  биік,  жоғары;  2)  қымбатты,  сүйікті; 
3) мәртебелі, көрікті қыз [136, 143 б.]; 
Айнұр, қаз. ай + ар. нұр) – жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті [136, 
139 б.];  
Динара, ар. – алтын тиын, ақша [136, 152 б.];  
Жанар,  қаз.  –  1)  көздің  жанары,  сәулесі;  2)  күннің  сәулесі,  шапағы; 
Ауыспалы мағынасы келбет, көрік, ажар, рең [136, 153 б.]; 
Айгүл,  қаз.  ай  +  тәж.  гүл.  Гүл  сөзі  тәжік  тілінде  роза  деген  мағынаны 
білдіреді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген 
тілекпен қойылған [136, 138 б.]; 


85
 
 
Айжан, каз. ай + ир. жан. Айдай сұлу, әдемі [136, 138 б.];  
Жанна, к. евр. – кептер, көгершін [136, 153 б.];  
Мәдина, ар. Мәдинә – Сауд Арабиясындағы қала [136, 162 б.]; 
Гауһар, ир. гауһар – қымбат, бағалы тас, маржан, інжу [136, 147 б.]. 
Сирек  әйел  есімдері.  1980  жылдағы  сирек  таңдалған  әйел  есімдеріне: 
Азалия,  Анжела,  Анжелика,  Белла  (Бэлла),  Бибіана,  Виния,  Гиналия,  Гутияра
ЕкатеринаЕланаЛазираЛауласынЛолаМиранаРадмилаРасимаСайран
СандиСелинаТәнзилаШамшырақЭлиза есімдері жатады.  
Тілдік қатысымдылығы. 1980 жылғы әйел антропонимиясы бойынша 1718 
туу туралы акт жазбасынан – 288 әйел есімі сараланды. Әйел есімдерінің тілдік 
қатысымдылығы  анықталып,  олардың  сандық  және  пайыздық  көрсеткіштері 
суретте (сурет 2) берілді.  
 
 
 
Сурет 2 – 1980 жыл әйел антропонимдері тілдік қатысымдылығы 
 
Сандық мәліметтерге сәйкес: қазақ (түркі тілдері) тіліндегі есімдер – 25 % 
пайызбен  басымдыққа  ие  болды.  Келесі  сатыда  араб  тілінен  енген  есімдер  – 
21,18  %-ды  құрады.  Үшінші  сатыда  гибридті  есімдер  –  18,75  %-дық  үлесті 
көрсетті. 
Өзге  шет  тілдерден  енген  әйел  есімдерінің  сандық  және  пайыздық 
көрсеткіші:  лат.  –  18  есім  (Белла,  Диана,  Сабина,  т.б.  –  6,25  %),  гр.  –  16  есім 
(Елена,  Ирина,  Софья,  т.б.  –  5,56  %),  cлав.  –  13  есім  (Радмила,  Светлана
Людмила, т.б. – 4,51 %), к. евр. – 13 есім (ЕлизаветаЖаннаТамара, т.б. – 4,51 
%), исп. – 2 есім (АльмираЭльвира – 0,69%), герм. – 1 есім (Гутияра – 0,35 %), 
үнді – 1 есім (Индира – 0,35 %). 
Аралас некеде дүнеге келген нәрестелер есімдері. Аралас некеде, яғни әкесі 
қазақ, анасы өзге ұлт өкілінен құрылған отбасында туылған сәбилерге қойылған 
есімдер  біздің  назарымызды  аудартты.  1980  жылы  аралас  некеде  туылған  70 
сәбидің (23 ер, 47 әйел) есімі анасының ұлттық тілінде немесе басқа шет тілінде 
қойылған,  олар  жалпы  есімдер  санының  2,01  %-ын  құрайды.  Мысалы: 
Баймаганов  Родион  Алиаскарович  (әкесі  –  қазақ,  анасы  –  орыс),  Токтабаев 
Владимир  Мавленович  (әкесі  –  қазақ,  анасы  –  бурят),  Кудайбергенов  Вадим 
Маратович  (әкесі  –  қазақ,  анасы  –  поляк);  Балабекова  Татьяна  Кенесбековна 


86
 
 
(әкесі  –  қазақ,  анасы  –  орыс),  Чимбулатова  Илоха  Хамитовна  (әкесі  –  қазақ, 
анасы  –  кәріс);  Скакова  Инесса  Женисбаевна  (әкесі  –  қазақ,  анасы  –  неміс); 
Бектелеева Сурия Шамильевна (әкесі – қазақ, анасы – татар). 
Ұлттық 
дәстүрге 
сәйкес 
аты-жөнін 
өзгерту. 
Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы сәуірдің 2-сінде 
«Ұлты  қазақ  азаматтардың  ататегі  мен  әкесінің  атын  жазуға  байланысты 
мәселелерді  шешу  тәртібі  туралы»  Жарлығының  жарыққа  шығуына 
байланысты 1980 жылы дүниеге келген азаматтардың 0,72 %-ы (25 азамат – 15 
ер,  11  әйел)  ұлттық  дәстүрге  сәйкес  аты-жөнін  өзгерткендігі  анықталды. 
Азаматтардың өзгертілген аты-жөнінде текті қолдануда бірізділік болмады: бірі 
атасының  атын,  екіншісі  әкесінің  атын,  келесі  біреулер  бабасының  атын  тегі 
ретінде қолданған. Кейбірі екі мүшелі антропонимдік жүйеге, енді біреулері үш 
мүшелі  антропонимдік  жүйеге  сәйкес  аты-жөнді  қолданған.  Мысалы:  Усеров 
Серик  Адилханович  –  Айдос  Серик  Адилханулы,  Искендиров  Бауыржан 
Ибрагимханович  –  Ибрагим  Бауыржан,  Байдулов  Тимур  Рахметович  – 
Хайржан  Тимур  Рахметович;  Шабарбаева  Анеля  Бахитбековна  – 
Бақытбекқызы АнеляЖадранова Асель Айболовна – Айбол АсельБайсуфинова 
Айнаш  Сулейменовна  –  Сулеймен  Айнаш  Сулейменқызы,  Момбекова  Нургуль 
Нурланбековна – Алимхан Нургуль Нурланбековна. 
Жарлық  аясында  қазақ  азаматтардың  аты-жөнін  өзгерту  Алматы  қаласы 
Әділет департаментіндегі азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді 
қамтамасыз  ету  және  бақылау  бөлімінің  мұрағатына  аты-жөнін  өзгерту 
бойынша өтініш беру арқылы жүзеге асырылған. 
Жалпы 1980 жылы Алматы қаласы бойынша ұлты қазақ азаматтардың аты-
жөнінің  98  %-ы  орыс  тілінің  аффикстері  арқылы  жасалған  үш  мүшелі 
антропонимдік  жүйеге  негізделген.  Әуезов  (Ауэзов)  ауданы  АХАТ  бөлімінен 
басқа  бөлім  атаулары  орыс  тілінде  болған.  Азаматтардың  аты-жөні 
рәсімделуінде бірнеше нұсқа (ер аты-жөні – 5 нұсқа, әйел аты-жөні – 4 нұсқа) 
кездеседі.  Ұлттық  дәстүрге  сәйкес  әке  атына  -ович/-овна  аффикстері  орнына  -
ұлы/-қызы  сөзін  жазу  арқылы  аты-жөнін  рәсімдеуге  деген  өтініш-тілек  (17  ер 
аты-жөні  –  0,96  %,  7  әйел  аты-жөні  –  0,40  %)  осы  кезеңде  басталғандығы 
анықталды.  Кісі  есімдерінің  басым  көпшілігі  қазақ,  араб,  парсы  тілдеріндегі 
сөздерден  жасалған.  Аралас  некеде  туылған  сәби  есімдері  орыс  немесе  басқа 
шет  тілдерінде  берілген.  Президенттің  «Ұлты  қазақ  азаматтардың  ататегі  мен 
әкесінің  атын  жазуға  байланысты  мәселелерді  шешу  тәртібі  туралы» 
Жарлығына  байланысты  осы  жылы  туылған  25  азамат  аты-жөнін  ұлттық 
дәстүрге сәйкес өзгерткен.  
1990 жылғы кісі есімдері мен тектері құрамы. Алматы қаласы 1990 жылы 
Алатау,  Әуезов  (Ауэзов),  Калинин  (Бостандық),  Москва  (Жетісу),  Октябрь 
(Алмалы),  Совет  (Түрксіб),  Фрунзе  (Медеу)  аудандары  бойынша  АХАТ 
бөлімдерінде  тіркелген  акт  жазбалары  негізінде  жалпы  саны  –  5912  аты-жөні 
жинақталып,  сараланды.  Оның  3070-і  –  ер  аты-жөні,  2842-і  әйел  аты-жөні 
болды.  


87
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет