Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет70/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Әйел  антропонимиясы.  1990  жылы  әйел  аты-жөнінің  рәсімделуінде 
келесі нұсқалар кездесті: 
1) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Ошакбаева  Акбота  Женисбековна  (-ова/-ева/-
ина  +  есімі  +  -овна/-евна  ),  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалған  үш 
мүшелі аты-жөні;  
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Сембекова Жазира Аскарбеккызы (-ова/-ева/-ин 
+  есімі  +  -кызы  (бірге)),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалып,  әке 
атына қызы (кызы) сөзі бірге қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні; 
3) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Алибекова  Молдир  Болатбек-кызы  (-ова/-ева/-
ина  +  есімі  +  -кызы  (дефис  арқылы)),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы 
жасалып, әке атына қызы (кызы) сөзі дефис арқылы жалғанған үш мүшелі аты-
жөні; 
4) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Сарсенгалиева  Каламкас  Жаксылык  кызы  (-
ова/-ева/-ина  +  есімі  +  -кызы  (бөлек),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы 
жасалып, әке атынан қызы (кызы) сөзі бөлек жазылған үш мүшелі аты-жөні; 
5) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Кұрманбаева  Айман  Қайыржанқызы  (-ова/-
ева/-ина  +  есімі  +  -қызы  (бірге)),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы 
жасалып, әке атына қызы сөзі бірге қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;  


91
 
 
6) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Иманбекова  Акерке  Беделбек-қызы  (-ова/-ева/-
ина  +  е  сімі  +  -қызы  (дефис  арқылы)),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы 
жасалып,  әке  атына  қызы  сөзі  дефис  арқылы  жалғанып  жазылған  үш  мүшелі 
аты-жөні;  
7) тегі, есімі, әкесі  (ТЕӘ)  –  Жапарханова Арайлым  Алтынхан  қызы  (-ова/-
ева/-ина  +  есімі  +  -қызы  (бөлек)),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы 
жасалып, әке атынан қызы сөзі бөлек жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
8) тегі, есімі (ТЕ) – Абдикадирова Жанар (-ова/-ева/-ина) + есімі), тегі орыс 
тіліндегі аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні.  
Әйел  аты-жөнінің  рәсімделуіндегі  нұсқалардың  пайыздық  және  сандық 
көрсеткіші кестеде (кесте 9) берілді. Кестеде көрсетілгендей саны жағынан ең 
жоғары  сатыда  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалған  үш  мүшелі  (-ова/-
ева/-ина + есімі + -овна/-евна) аты-жөні нұсқасы – 89,41 %-ды құрады.  
1990  жылғы  деректер  бойынша  әйел  аты-жөні  8  нұсқа  бойынша 
рәсімделген, кісі аты-жөнінің рәсімделу нұсқаларының саны артқан. 
 
Кесте 9 – 1990 жыл әйел аты-жөні нұсқалары  
 
№ 
Әйел аты-жөні нұсқалары (1990 ж.) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіш (%) 





ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі+ -евна/-овна ) 
2541 
89, 41 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ин + есімі + -кызы (бірге)) 
19 
0,67 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -кызы (дефис 
арқылы )) 
89 
3,13 % 
 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -кызы (бөлек)) 
111 
3,91 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -қызы (бірге)) 
11 
0,39 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -қызы (дефис 
арқылы )) 
46 
 
1,62 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -қызы (бөлек)) 
24 
0,84 % 

ТЕ (-ова/-ева/-ина) + есімі) 

0,25 % 
Барлығы: 2842 
 
Одан кейінгі орындарда ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -кызы (бөлек)) аты-
жөні нұсқасы – 3,91 %-ды , ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -кызы (дефис арқылы)) 
аты-жөні нұсқасы – 3,13 %-ды көрсетті. 1990 жылы дүниеге келген сәбилердің 
аты-жөнін  рәсімдеу  кезінде  әке  атына  қызы/кызы  сөзінің  жалғануын  қалаған 
ата-аналардың  саны  –  10,09  %-ды  құрайды.  Ең  төменгі  сатыда  екі  мүшелі 
антропонимикалық  жүйеге  сәйкес  жасалған,  ТЕ  (-ова/-ева/-ина)  +  есімі)  аты-
жөні нұсқасының саны – 7 болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет