Әйел антропонимдері тілдік қатысымдылығы (2017 ж. білім гранты иегерлері ) Қазақ (түркі) тілінен
Араб тілінен
Парсы тілінен
Гибридті есімдер
Өзге шетел тілдерінен енген
есімдер
Сурет 8 – 2017 жылғы білім гранты иегерлері арасында әйел есімдері тілдік
қатысымдылығы
Әйел антропонимиясында саны жағынан ең жоғары көрсетішпен қазақ
(түркі тілдерінен) тіліндегі есімдер – 39,25% пайызбен басым болды.
Екінші сатыда гибридті есімдер – 23,65%-ды құрады. Келесі сатыда aраб
тілінен енген есімдер – 16,49%-ды қамтыды.
Өзге шет тілдерден енген әйел есімдерінің сандық және пайыздық үлесі:
лат. – 28 (Альбина, Августина, Венера, – 2,51 %), к. евр. – 22 (Айса, Лилия,
Мария, т.б. – 1,97 %), слав. – 13 (Бәтес, Надежда, Славяна, т.б. – 2,77 %), гр. –
13 (Анжелика, Маргарита, Софья, т.б. – 1,16 %), к. герм. – 8 (Аделина, Алиса,
Берна, т.б. – 0,72 %), ағыл. – 3 (Жастина, Тейли, Хамер – 0,27 %), хинди – 2
(Индира, Санжана – 0,18 %), исп. – 1 (Эльвира – 0,09 %), сканд. – 1 (Ольга –
0,09 %).
Жалпы 2017 жылғы ҚР білім гранты иегерлері тізіміндегі ер және әйел
антропонимдерін талдау барысында ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған нұсқалар
қатарында кездеспейтін тегі мен әке аты аффикссіз жасалған (Абдул Башир Хаһим) аты-жөні нұсқасы кездесті. Бұл өз кезегінде бала аты-жөнін рәсімдеуде
ата-анаға еркіндік берудің көрінісі болып саналады.
Берілген тізімге сәйкес рәсімделуі бойынша ер аты-жөнінің 8 нұсқасы,
әйел аты-жөнінің 7 нұсқасы қолданылған. Стратиграфиялық талдау нәтижесі
көрсеткендей, қазақ тіліндегі есімдер саны жағынан басымдыққа ие болып
109
табылады. Қазақ антропонимиялық қоры жыл сайын өзге шет тілдерден енген
есімдермен толығу үстінде екендігін де атап өтуге болады.
3.1.3 2010, 2018 жылдардағы кісі есімдері мен тектері құрамы
2010 жылғы деректер бойынша кісі есімдері мен тектері құрамы. 2010
жылы Алматы қаласында Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу,
Түрксіб аудандары бойынша жалпы саны – 9093 аты-жөні жинақталып
қарастарылды. Оның 4570-і – ер аты-жөні болса, 4523-і – әйел аты-жөні болды.