Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет80/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Әмина, ар. – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті [136, 144 б.];  
Кәусәр, ар. – пәк, жомарт, дәмді, мөлдір, Жаннаттағы өзеннің аты [128, 114 
б.]; 
Айша,  ар.  ғайшә  –  к.  евр.  айше  ұзақ  өмір  сүруші,  өмірге  құмар,  құштар 
[136, 139 б.]; 
Аяулым, қаз. – қадірлі, қасиетті, қымбатты [128, 37 б.]; 
Айзере, қаз. ай + ир. зер – алтын [136, 138 б.]; 
Айым, қаз. – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған 
есім [136, 140 б.]; 
Жанел, ир.  джан сөзінен жасалған есім; 1) рух, тірі  адам; 2) қадір-қасиет 
тұту ретінде айтылатын сөз [128, 91 б.]; 
Сирек  әйел  есімдері.  2010  жылы  Алматы  қаласында  сирек  берілген  әйел 
есімдері:  Ада,  Азия,  Айбарша,  Айлана,  Айлара,  Айлун,  Айсель,  Айсу,  Ақбикеш
Ақпейіл,  Ақжүзік,  Ақжелең,  Альзара,  Амалия,  Ангелина,  Аруана,  Асылажар
Әсманұр,  Әуел,  Балхадиша,  Бақбереке,  Бибіроз,  Бөрте,  Гүлфар,  Ғайникамал
Зәмзәм,  Жанниет,  Инаятбану,  Инеш,  Инзара,  Махфират,  Мелек,  Мизамгүл
Нұрбейне,  Нұрсағым,  Нұршашқан,  Нұршуақ,  Рамина,  Риана,  Самирамида 
(Cемирамида),  Сарина,  Сариям,  Семетея,  Сәтті,  Севиль,  Семанұр
Сұлтанпатша,  Тамилана,  Тәслима,  Ұлыш,  Інжумаржан,  Эвелина,  Элайя
ЭльвинаЭмилия. Сирек есімдер арасында қазақ тіліндегі, араб-парсы, өзге шет 
тілдерден  енген  есімдер,  гибридті  есімдер,  екі  есім  сөзден  бірігіп  жасалған 
антропонимдер кездеседі.  
Тілдік  қатысымдылығы.  2010  жылы  жалпы  саны  –  483  әйел  есімі 
таңдалған.  Әйел  есімдеріне  жасалған  стратиграфиялық  талдау  нәтижесінде 
келесідей сандық және пайыздық көрсеткіштер анықталды (10-сурет).  
 
 
 
Cурет 10 – 2010 жылы әйел антропонимдерінің этнолингвистикалық аспектісі 
 
Саны  жағынан  әйел  антропонимиясында  жоғары  сатыда  қазақ  (түркі) 
тіліндегі есімдер – 30,23 %-ды құрады. 


115
 
 
Екінші  сатыда  араб  тілінен  енген  есімдер  –  26,29  %-ды,  одан  кейінгі 
сатыда гибридті есімдер – 20,08 %-ды құрады.  
Әйел антропонимиясында парсы тілінен енген есімдер – 9,52 %-дық үлесті 
көрсетті.  
Өзге  шетел  тілдерінен  енген  әйел  есімдері  төмендегідей:  лат.  –  18  есім 
(АнабельБеллаДиана, т.б. – 3,73 %), к. евр. – 17 есім (АдаЕваЕлизавета, т.б. 
– 3,52 %), ор. (слав) – 15 есім (ДамираКаринаРадмила, т.б. – 3,11 %), гр. – 12 
(Ангелина,  Ираида,  Тиана,  т.б.  –  2,48  %),  герм.  –  2  (Аделина,  Алина  –  0,41  %), 
ассир. – 2 (АзияCемирамида – 0,41 %), исп. – 1 есім (Ассоль – 0,21 %). 
Келесі  әйел  антропонимдері  қосымшалар  жалғанып  жасалуы  бойынша 
сыртқы формасы өзгергені анықталды. Мысалы, Айлы – АйланаАйлараАйлун
Айлуна;  Әдемі  –Адемиш,  Әсел  –  Аселина;  Тамила  –  Тамилана  және  т.б.  Бұл 
қатардағы Айлуна есімін А. Смағұлов тавтологияға жатқызады: «мағынасы бір 
сөздер:  қаз.  –  ай,  ор.  –  луна»  [128, 17 б].  Екі  есімнің  бірігуі  арқылы  жасалған 
біріккен тұлғалы әйел есімдері саны арта түскендігі назар аудартты. 
Жалпы  2010  жылғы  дерекке  сәйкес  қазақ  антропонимиясында 
азаматтардың  (ер,  әйел)  аты-жөні  рәсімделуінде  7  нұсқа  кездесті.  Олардың 
арасында  ұлттық  нұсқа  ретінде  ұсынылған,  орыс  тілі  аффикстері  арқылы 
жасалған  бірнеше  нұсқа  анықталды.  Антропонимиялық  қорда  ер  есімдерінде 
араб тілінен енген есімдер саны басымдыққа ие. Батыс тілдерінен енген есімдер 
саны 
арқан. 
Кейбір 
есімдердің 
сыртқы 
формасы 
өзгеруі, 
қазақ 
антропонимиясында тілдік трансформация құбылысына алып келді.  
2018  жылғы  деректер  бойынша  кісі  есімдері  мен  тектері  құрамы.  2018 
жылы  Алматы  қаласы бойынша  Алатау,  Алмалы,  Әуезов,  Бостандық,  Жетісу, 
Медеу,  Түрксіб  аудандары  негізінде  жалпы  саны  –  17607  аты-жөні 
қарастырылды. Оның 9007-і – ер аты-жөні болса, 8600-і – әйел аты-жөні болды 
(сурет 11). 
Суретте  көрсетілгендей,  акт  жазбаларын  саралау  нәтижесінде  саны 
жағынан  әйел  аты-жөніне  қарағанда  ер  аты-жөні  басым  екендігі  анықталды. 
Демек  қыз  балаға  қарағанда  ер  баланың  туылу  көрсеткіші  жоғары  болып 
келеді. 
 
  
 
Сурет 11 – 2018 жыл бойынша акт жазбасы саны (Алматы қаласы) 


116
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет