Тілдің алфавиті. С/С++ тілдеріндегі түйінді сөздер (ключевое слово – keyword) мен идентификаторларды, өрнектерді құрастыру үшін қолданылатын символдар, яғни тіл алфавиті болып саналады. C++ тілі алфавитіне мыналар кіреді:
тіл элементтерін бір-бірінен бөліп тұратын көрінбейтін айыру символдары: босорын, табуляция символы, жаңа жолға көшу символы.
қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері сөз тіркестері мен түсініктеме мәтін жазуда пайдаланылады.
Мұнда бір символды өрнектеу үшін қолданылатын бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды, мыс., А және а айнымалылары екеуі екі түрлі болып есептеледі.
Алфавитсимволдарынантілдіңлексемдеріқұрастырылады, олар:идентификаторлар;түйінді (қордағы) сөздер;операциялар таңбалары;константалар;тіл элементтерін бір-бірінен бөліп тұратын көрінетін айыру символдары (жақшалар, нүкте, үтір, нүктелі үтір, қос нүкте).
Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын тізбек. Мысалы, a, beta, b_5, baga, т.с.с. Айнымалыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:
charf;
longz, t;
int a, beta, baga;
float b5, k, n;
int y = 10;
Идентификаторлар латын алфавитінің бас және кіші әріптерінен және цифрлардан құралады. Әріп ретінде астын сызу символын ( _ ) қолдануға рұқсат етілген. Бас әріп пен кіші әріп бірдей болғанымен әр түрлі идентификаторлар болып саналады, мысалы, abc, ABC, A128B, a128b төрт түрлі идентификатор болып есептеледі. Идентификатордағы символдар арасында бос орын таңбасын қолдануға болмайды.
Идентификатор құрамына кіретін әрбір сөз бас әріптен басталып жазылады да, алдына типіне сәйкес бір символ (префикс) қойылады, мысалы, iMaxLength, fBaga, sTegi, lpfnSetFirstDialog. Екінші бір тәсіл – сөздер арасына астын сызу символын қою болып табылады, мысалы, max_length, number_of_baga.
Түйінді сөздер – мағынасы компиляторға белгілі, алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың саны шектеулі. Программалаушы айнымалы, константа, өз функциялары аттарында тілдің түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағынасында ғана қолданылады.