Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет259/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   379

9.1.5. Етті таңбалау


Ет комбинатымен немесе сою пунктерімен өткізу және өңдеу үшін шығарылатын әрбір ұшаға, жарты ұшаға, ширек ұшаға еттің сапалылығы мен категориясын анықтайтын жуылмайтын тағамдық бояумен таңба басады.

Әрбір күйлілік категориялы ет үшін белгілі бір пішінді таңба бекітілген, онда республика аты қысқартылған түрде, кәсіпорын нөмірі (таңба ортасында) және «Ветосмотр» сөзі белгіленген. Сиыр, қой, шошқа еттерін таңбалау үшін күлгін бояу, ешкі және жылқы еттерін таңбалау үшін қызыл бояу қолданады.

Домалақ таңбамен І категориялы барлық етті және V категориялы шошқа етін маркілейді.

Төртбұрышты таңбамен ІІ категориялы барлық ет түрін таңбалайды.

Овал таңбамен ІІІ категориялы шошқа етін таңбалайды.

Үшбұрышты таңбамен ІV категориялы шошқа жарты ұшасын және арық барлық еттердің жарты ұшасын таңбалайды.

Ромб тәрізді таңбамен еркек шошқа етін, тағамдық мақсатта өңдеу үшін қолданылатын сапа категориясының көрсеткіші бойынша стандарт талаптарына сай емес шошқа етін таңбалайды.

Таңбаларға қосымша жас сиыр етіне, сонымен қатар V категориялы шошқа етіне таңбаның оң жағына (артқы аяғына ілінетін биркаға) «М» штампы, ересек яктарға «Б» штампы, ешкі етіне «К» штампы, бұзау етіне «Т» штампы басылады. Стандартқа сай емес сиыр және қой етіне, яғни сою ақаулары бар, сонымен қатар бірнеше рет мұздатылған, балғын, бірақ мойын аймағы қарайған еттерді күйлілігі бойынша таңбалайды да, таңбаның оң жағына «НС» әрпін басады.

Өндірістік өңдеу үшін қолданатын шошқа етін (ІV категориялы, сою ақауы бар, еркек шошқа еті, сапа көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сай емес) күйлілігі бойынша таңбалап, таңбаның оң жағында «ПП» штампын қояды.

Жылқы, бұғы және түйе жартылай ұшаларында күйлілік таңбаларымен қатар сәйкесінше штамптар қояды: «Конина», «Оленина», «Верблюжатина».

Шартты жарамды етті залалсыздандыру әдісіне қарай таңбалайды – «Проварка», «Стерилизация», ал финнозды және бруцеллезді өңдеуден алынған жарты ұшаларға «Финноз», «Бруцеллез» таңбаларын қояды.

Таңба саны мен басылатын жері еттің түрі мен күйлілігіне байланысты.

Сиыр еті бөлшек саудаға жарты ұша немесе ішек-қарынсыз ширек ұша түрінде, жас мал еті – тек жарты ұша түрінде түседі. Әр жарты ұшада немесе ширек ұшада еттің күйлілік категориясы мен сапалылығын дәлелдейтін белгілі бір формалы таңба болу керек.

І категориялы сиыр етін күлгін түсті домалақ таңбамен таңбалайды. Әрбір жарты ұшаның сыртқы жағына 5 таңба басылады – жауырынға, арқасына, белдемеге, санына және төсіне.

ІІ категориялы сиыр етін күлгін түсті квадрат таңбамен таңбалайды. Әрбір жарты ұшаға 2 таңба басылады– жауырынға және санына.

Жас сиыр етінің жарты ұшасына негізгі таңбаның оң жағына қосымша «М» әрпін қояды.

Арық сиыр ұшасын қызыл түсті үшбұрышты формалы таңбамен таңбалайды. Әрбір жарты ұшаға 2 таңба басады: біреуін – жауырын бөлігіне, екіншісін – санына. Арық жас мал етінің жарты ұшасына «М» әрпін қоймайды. І категориялы бұзау ұшасын домалақ күлгін түсті таңбамен, ІІ категориялы – квадрат таңбамен, арық бұзау етін – үшбұрышты қызыл таңбамен таңбалайды. Бұзау ұшаларында екі таңба басылады – әр жауырынына бір-бірден. Сонымен қатар алдыңғы сирағына «Т» әрпін таңбалайды.

І категориялы шошқа етін домалақ таңбамен таңбалайды, оны әр жарты ұшаның жауырынына басады. ІІ категориялы шошқа етін квадрат таңбамен таңбалайды. ІІІ категориялы шошқа етін овал таңбамен таңбалайды, әр жарты ұшаның жауырынына басады. ІV категориялы шошқа етіне (өндірістік өңдеуге арналған) әр жарты ұшаның жауырынына үшбұрышты таңба басады. V категориялы шошқа етіне (торай еті) домалақ таңба басады және оң жағына «М» әрпін штамптайды. Таңбаныұшаға емес биркаға басып, оны артқы сирағына бекітеді.

Стандартқа сай емес шошқа еттерін, тағамдық мақсатта өндірістік өңдеуге арналған еттерді ромб таңбамен таңбалайды.

І категориялы қой және ешкі етін домалақ таңбамен таңбалайды, әр ұшаға бес таңба басады: ұшаның екі жағынан жауырын және санына бір бірден және төстің оң жағына. ІІ категориялы қой және ешкі етінде төрт квадрат таңба болу керек: екі жаурын және санының екі жағына бір бірден. Арық қой және ешкі етін үшбұрышты таңбамен таңбалайды, оны оны ұшаның бір жағындағы жауырынына басады. Қой етін күлгін таңбамен, ешкі етін қызыл таңбамен таңбалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет