Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

1) Жағдайды бақылау 
Адам өмірін жылдам ағып жатқан өзенмен салыстыру жаңа болмаса да, көрнекі теңеу болып 
табылады. Өзеннің бір жағынан екінші жағына өту керек деп елестетіп көріңдер. Мақсаты жоқ 
адам оқиғалар ағымына мойынсұнып, ағынның оны кез келген жерге апаруын күтеді. Әрине, 
ол өзеннің ар жағына барғысы келеді, бірақ бәрі жағдайға, яғни өзеннің оны қайда 
апаратынына байланысты. 
Өзінің мақсатын (қарама-қарсы жағадағы нақты жерге жету) нақты білетін адам белгіленген 
нүктеге жету үшін бар күшін салады: ағынмен күресіп, бар күшімен жүзеді, қозғалыс 
траекториясын есептейді және т.б.
Қалай ойлайсыңдар, қайсысының қарсы бетке жету ықтималдығы жоғары? Әрине, нақты 
мақсатқа сәйкес жағдайды мүмкіндігінше бақылауға тырысатын адам ғана дегеніне жете 
алады. 
2) Өмірдің мәні 
Күлкілі болып көрінсе де, нақты тұжырымдалған мақсаттар өмірдің мәнін табуға көмектеседі. 
Бұл адамға қай жаққа қозалу керектігін көрсетіп қана қоймайды. Егер күнделікті өмір 
қызықты жолға айналса, ондағы әр қадам нақты болып, мақсатқа жақындатады. 
Әр сәттің мәні болады, себебі ол арманды жақын әрі шынайы қылады. Өмірдің мәні – 
нәтижеде ғана емес, өмір сүрудің өзінде. Жолда қандай кездейсоқ әрі жағымды тосын сыйлар 
кездесетініне таңғаласыңдар. Тіпті күнделікті жаяу жүру, тігуді, тоқуды немесе шет тілін 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
73 
үйрену сияқты күнделікті жұмыстарды орындаған кезде қандай керемет мүмкіндіктер 
ашылатынын көресіңдер. Міндеттерді нақты анықтай білсеңдер, өмірлерің зая кетпейді. 
3) Өнімділік 
Нақты мақсатты анықтағаннан кейін оған жету жолындағы жеке міндеттерді бөліп көрсетуге 
болады. Олардың көбісін жақын арада, ал кейбіреулерін дәл қазір шешуге болады. Абстрактілі 
қиялдың орнына нақты іс-әрекеттерге көшесіңдер, қиындықтарды біртіндеп жеңіп, нақты 
мәселелерді шешесіңдер, демек шынымен дұрыс бағытта қозғала бастайсыңдар және 
нәтижелерді бірден дерлік көре аласыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет