БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
75
28-сабақ
Тақырыбы: Уақытты басқару.
Ұғымдар: уақытты басқару, Эйзенхауэр матрицасы, Помидоро әдісі, Франклин пирамидасы.
Сабақтың мақсаты: уақытты ұйымдастырудағы мәселелерді анықтау; уақытты тиімді
пайдалану маңыздылығын түсіну; уақытты басқарудың негізгі құралдарымен танысу және
оларды түсіну.
Әдістері: шағын дәріс, жаттығулар.
Ресурстар: жұмыс дәптерлері, плакаттар, маркерлер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
Сергіту сәті
Уақыт: 5 минут
Процесі:
Оқушылар тренермен бірге шеңберге тұрады. Тапсырма – 100-ге дейін санау. Оқушылар үшке
немесе үшке бөлінетін сандарға аяқталатын сандардың орнына қол шапалақтауы тиіс. Егер
біреу
қателессе, есеп басынан басталады.
«Уақытты басқару құралдары» теориялық блогы
Уақыт: 20 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
Бүгін біз мақсатқа жетуге көмектесетін уақытты басқарудың
ең танымал әдістері мен
құралдары туралы айтатын боламыз.
Олардың негізгісі қандай екенін білесіңдер ме?
Достарыңызбен бөлісу: