Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет69/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Әрекет ету! 
Иә, егер мақсаттарымыз орындалсын десек, онда әрекет етуіміз керек! 
Франклин пирамидасы 
Бенджамин Франклин (1706-1790) – саясаткер, дипломат, ғалым, өнертапқыш, журналист, 
бизнесмен, АҚШ-тың негізін қалаушыларының және Конституция авторларының бірі. АҚШ 
президенті болмағанына қарамастан, ол өте беделді саясаткер болған. Франклиннің портреті 
100 долларлық қағаз ақшада бейнеленген. Ол «Уақыт – ақша» деген сөздің авторы. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
76 
Франклин пирамидасы немесе Франклин әдісі бойынша уақытты басқару – ол мақсаттарды 
қою мен жүзеге асырудың біртұтас жүйесі. Оның басты ерекшелігі – нәтижеге 
бағытталғандығы және жалпыдан жекеге жүйелі түрде қозғалу. Осылайша, бүкіл өмір негізгі 
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталады. Франклиннің өзі жұмысшы табына жатқан, әкесі 
сабыншы болған. Дегенмен, ол көрнекті ғалым, өнертапқыш, саясаткер және бизнесмен 
атанды. Оның портреті жүз долларлық қағаз ақшада бейнеленген. 20 жасында ол бүкіл 
өмірінің мақсаттарына жету жоспарын жасады. Әр күнін нақты жоспарлап, орындап отырды. 
Эйзенхауэр матрицасы 
Кейде күні бойы бас көтермей жұмыс істейміз, көп нәрсе істеп үлгереміз, нәтижесінде қатты 
шаршап, ешбір қанағат сезімін сезбейміз. Өйткені, бұл жұмыстың мақсатқа жетуге қалай 
көмектескені анық емес. 
Тайм-менеджментте бұл мақсат қою проблемасы деп аталады және оның салдары жойқын 
болуы мүмкін – өмір сирек демалыстар мен түсініксіз нәтижелерді қамтитын ауыр марафонға 
айналады. 
Маңызды жайт, мәселе біз аз немесе нашар жұмыс істейтінімізде емес – кез келген істі бастар 
алдында дұрыс мақсат қоймайтынымызда және басымдықтарды анықтамайтынымызда. Мұны 
шешуге көмектесетін бір әдіс бар – ол тапсырмаларды басымдық бойынша жылдам сұрыптау 
үшін Эйзенхауэр матрицасын пайдалану. 
Эйзенхауэр матрицасының мәні 
Істейтін істер көп болса да, бұл техника олардың тізімін тез сұрыптауға көмектеседі. 
Сыртынан бәрі өте қарапайым көрінеді – тапсырмалар тізіміне қараймыз және әрқайсысы 
бойынша екі сұраққа жауап береміз. 
Бұл маңызды ма? 
Иә/Жоқ 
Бұл шұғыл ма? 
Иә/Жоқ 
Бір парақ алып, оны төрт бөлікке бөлеміз. Төрт шаршы шығады, оған осы екі сұрақтың 
жауаптарын енгіземіз. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
77 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет