«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж



Pdf көрінісі
бет111/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
жағынан елеулі олқылықтары (жалаң сөзділік, өлеңді қара сөзге айналдырып алушылық , 
ырғақтан жаңылу, ұйқастың ақсауы) бола тұрса да, жиырмасыншы жылдардың екінші 
жартысындағы өлеңдерінде мазмұнды байыту, тіл ұстарту жағынан едәуір ілгерілегендік 
байқалады» /1,14/ дейді ғалым. С.Сейітов пайымынша С.Мұқановтың өлеңге көзқарасында о 
баста түсінбеушіліктер болған. Мәселен, ол қазақтың бұрынғы ақындарының ішінде 
Абайдың түр жағынан сөзсіз пайдалы жақтарын алудан көпке шейін бой тартып келген, 
тіптен қызығы: «лириканы екі жыныс арасындағы мәселе ғана деп қараған». Өз мінін жақсы 
түсінген ақынның «Менің өлеңдерімде кемшіліктер жоқ емес, бар. Алдымен, ... жаратылыс 
көркемдігін суреттеушілік аз. Екінші жағынан мазмұн мен пішін екеуі дәл көңілдегідей 
келмеген жерлері болуы мүмкін. Бұл екеуіне мен айыпты емес, мені әдебиет әлеміне 
тұсаудан кеш ағытқан белгілі кедейлік, салауатсыздық, тәжірибесіздік айыпты» /2/ - деп 
ақталатыны да бар. Сәбит ақындығын тексеру барысында С.Сейітов оның шығармашылық 
лабораториясына да үңіледі. Қазақ әңгімесінің шебері Ғ.Мүсіреповтің «Автобиографиялық 
әңгімесінде» баяндалатын «Сәбит өлеңді іркілмей де, қиналмай да жазушы еді, жағдай да 
талғамайтын» /3/ деп басталатын әдебиетіміздің қос алыбының жазу машығын алғаш игеру 
сапарларынан да сыр шертіп өтеді. 
Төңкерістің алғашқы жылдарында жарқ етіп көрініп, ақ бандылардың қолынан қаза 
тапқан, алайда өлең-сөздегі орны көп еленбей қалған ақынның бірі - Баймағамбет Ізтөлин 
екенін анықтаушылардың бірі - С.Сейітов. Оның қолда сақталған он шақты өлеңінің өзінен-
ақ оны талантты ақындар қатарына жатқызуға болады екен. Ақынның «Туғаныма» өлеңі 
жаңа өмірді құрысуға шақырса, «Пысылдақ Омарға» туындысы байларға қарсы күреске 
үндейді. Ал «Түннің басталуы» мен «Қалқам, шырақ» өлеңдері табиғат, махаббат 
тақырыптарына арналыпты. С.Сейітов: «Тегінде Ізтөлин кішіпейіл адам болғанға ұқсайды» 
деп келеді де «Сәбит Мүқановтың оған: «Сен ақынсың ғой» деген сөзіне аса 
қарапайымдылықпен жауап берген өлеңінен үзінділер келтіріп өтеді. «Анығында, - дейді 
С.Сейітов, - Ізтөлин дарынды ақын болған. Ол туралы «Мир труда» (Петропавл) газетінде 
жарияланған некрологта: «Жолдас Ізтөлин бала шағынан қызуы лапылдаған өлеңдер жазған 
дарынды ақын еді. Жылы лепті өлеңдерін ол халқын қараңғылықтан жарыққа бастауға 
арнады» /4/ делінген сөздер әбден дұрыс» - деп мысалға келтіріп етеді. 
Зерттеуші С.Сейітовтің қазақ лирикасын тексерудегі аса бір назар аударған тұсы - 
өнерпаз, қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш кеңес ақыны Шолпан Иманбаева 
шығармашылығы. Ш.Иманбаева аз ғана ғұмырының ішінде сол кезеңдегі қазақ әйелдерінің 
көңіл күйі мен сезімдерін, ой-өрісін көрсететін өлеңдер тудырған ақын саналады. Өз 
замандас-құрбыларын оқу-білім алуға үндеп, жаңа тұрмыс орнатуға үгіттеген өлеңдері 
(«Жеттік міне» , «Арыз», «Қоңыр қаз», «Өлкелік әйелдер курсынан» т.б.) арқылы танылған 
лирик ақын болатын. Оның туындыларының идеялық, тақырыптық ауқымы мен мазмұнына 
барлау жасаған ғалым С.Сейітов : «Оның өлеңдерінде қазақ әйелі бастан кешкен бейнетті 
өмірдің тұтас суреті тұр. Бұл сурет ашық, мағыналы, әбден түсінікті, тілге жеңіл, кәдімгі жай 
сөздермен-ақ бейнеленген.., қарапайым сөздермен-ақ адамның сезіміне әсер етерліктей 
шеберлік бар» /1,18/деп бағалайды. 
С.Сейітовтің «Қырық жылда» зерттеуінде қарастырылған ақындардың бірі ірі эпик әрі 
лирик Иса Байзақов. Заманауи тақырыптарды еркін игерген Исаның «күн көсемге» арналған 
белгілі өлеңін зерттеуші С.Сейітов: «Ақындық серпін мен оптимистік жарқын сезімге толы 
бұл өлеңде сол тұстағы қазақ поэзиясында әзірше кездеспеген тың сөз қолданысы, жаңа 
образ бар» /1,20/ деп ерекшелеп көрсетеді. 
Қазақ лирикасының қырық жылдық кезеңі мен дамуына шолу жүргізген ғалым 
С.Сейітов әдебиетке қосылған әр ақынды, әр талантты әр жылдың жемісі, жаңалығы ретінде 
бағалап отырады. Мысалы, 1925-24 жылдары Ө.Тұрманжанов, Ж. Сыздықов, 1925 жылы 
А.Тоқмағамбетов, Қ.Әбдіқадіров, 1928 жылдары Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Ғ.Орманов келіп 
тоғысты дейді. Әр ақынның лирикасына әдеби әрі ғылыми талдаулар жүргізеді. Өлең 
өлкесіндегі ізденістерін теріп, термелей келе әлі де жетімсіз мәселелердің де бар екендігін 
жасыра алмайды. Мысалы, ақын Ө.Тұрманжанов поэзиясы хақында: «Ақын өмір, балалық 
кез туралы толғаныс өлеңдер жазумен де айналысып көрді. Махаббат тақырыбына да қалам 
тартады. Талабы тәуір болғанымен, бұл саладағы өлеңдердің «Балалықтан» басқасында 
жылы леп, эмоциялық күші жағы тапшы» деп қынжылыс білдіреді. Дегенмен де: 
«өлеңдеріндегі ой жетімсіздігі, айтайын дегенін жалпылама айту, тақырыпты меңгере алмау 
сияқты кемшіліктерінен Тұрманжанов отызыншы жылдардағы таңдаулы лирикасында арыла 


вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
бастайды» /1,25/ деп қуанышын да жасыра алмайды. 
Ө.Тұрманжанов сияқты Ж.Сыздықовтың да көбінесе әлеуметтік тақырыптарға 
барыңқырап жүргенін («Домбыра күйіне», «Атбасар суреттері»), кей уақыт кеңсешілдікті, 
төрешілдікті, керенаулықты («Бір ауылнайдың баяндамасы») әшкерелеуші ақын ретінде 
бағаласа, енді бірде: «Жиырмасыншы жылдардағы Сыздықов поэзиясына тән кемшілік: 
сөзді мағынасына, мәніне қарамай, қалай болса солай қоя салушылық; шұбыртпалылық; 
кейде газет сияқты етіп баяндаушылық. Мұндай міндер басқа адамдарда да бар. Бірақ 
Сыздықов өлеңдерінде бұл кемшілік жиірек байқалып, көзге айқынырақ шалынады» /1,23/ 
деп көрсетеді. 
Жиырмасыншы жылдар поэзиясының белді өкілдері А.Тоқмағанбетов, С.Дөнентаев, 
Т.Жароков, Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев т.б. қазақ поэзиясына қосқан үлестерін (мазмұн, 
тақырып пен идеялық тұрғыдан), олардың үлкен әдебиетке келу жолдарына бақылау 
жүргізген зерттеуші - филолог С.Сейітов әр лириктің адресіне түйінді сөзін арнап отырады. 
Олардың өлең өнеріндегі өзіндік қолтаңбаларын іздеп, айқындауға күш салады. Мәселен, 
«Әбдіқадыровтың жиырмасыншы жылдардағы поэзиялық шығармашылығының негізгі 
мазмұны не дегенге, жалпы өмірі деп жауап берер едік» десе, Т.Жароков өлеңдерімен 
таныса келе: «Адам санасындағы капитализм сарқыншақтарын сынайды» дейді. 
Ғ.Ормановтың өлеңдерінде «қазақ жасының оқу, білімге ынтықтығын көрсету сарыны 
естіледі» деп бағаласа, Ә.Тәжібаев туралы «қазақ әдебиетіне ірі байларды конфискациялау 
тақырыбын жырлаумен келіп көрінген ақын» деп таниды немесе таныстырады. Мерзімді 
баспасөзде жақсы өлеңдері жарияланып жүрген С.Нұржанов, Ғ.Малдыбаев, А.Хангелдин 
есімдерін атап өтеді. 
XX ғасырдың 20 - шы жылдарындағы лирика дамуының жайымен таныса, тексере 
келе «жалпы даму бағыты, идеялық нысанасы дұрыс, үгіттік маңызы зор бола тұрса да, 
поэзиялық сапа, шеберлік жақтарында елеулі мін-мүлтіктері болды» деп тұжырымдайды. 
Жинақтай айтсақ С.Сейітов тексерісінің сыни түйіні мынада екен: 
а) бірсыпыра жағдайларда қарадүрсіндік, прозаизм орын алған; 
ә) тақырыбы татымды болғанымен, соны көркемдік жағынан игеру жетіспейді; 
б) кейде жаңа мазмұнға ескі түр сай келмей жатады; 
в) сөзуарлық , жалаң баяндаушылық, құбылыстың ішкі мәнін ашпай , сыртын ғана 
жырлаушылық әдістері бой көрсеткен; 
г) ақындардың бірін-бірі қайталаушылығы жиі байқалады. 
Осының бәрі - деп, ой түйеді ғалым С.Сейітов, - буыны бекіп бұғанасы қатпаған жас 
поэзиямыздың ілгерілеу жолында қандай қиыншьшықтарға кездескенін көрсетеді. Ғалым 
пайымынша жиырмасыншы жылдардағы поэзияның алғашқы адамдарының сәтті басталып, 
елеулі олжаға кенелген жемісті тұстары да бар екен. Олар: 
біріншіден - ол жылдардағы тандаулы өлеңдерде дәуір көрінісінің, өмір шындығының 
сипаттары негізінен дұрыс берілген; 
екіншіден - жағымды кейіпкер образын жасау талабы іске аса бастаған (мысалы, 
С.Мұқановтың Шоқпыты, А.Тоқмағамбетовтың Шойын қарасы т.б.); үшіншіден - әр 
ақынның стиль ізденулері, өзінше жазуға бой ұруы айқын сезіледі; төртіншіден - жаңа 
дәуірге байланысты жаңа мағыналы сөздер ене бастаған, бұны ғалым «мәселе өлеңде жеке 
терминдердің, ұғым-түсініктердің қолданылуында ғана емес, жаңа сөз тіркестерінің образды 
оралымдар жасауында» деп көрсетеді; 
бесіншіден - ақындар өз шығармаларында халық тілінің байлығын пайдалана алады 
және Абайдың өлең өрнектерінен, орыс поэзиясының (В.Маяковский, Д.Бедный) үлгілерінен 
үйрену процесі де біліне бастауы - аталған жиырмасыншы жылдардың жаңалығы екен. 
С.Сейітовтің «Қырық жылда» зерттеуінің «Ер жету жолында» аталған тарауында 
қазақ лирикасының қалыптасу жолы мен ірге бекіту белестерінің мәселелері 1930-40 жылдар 
шеңберінде алынып тексеріледі. Отызыншы жылдар әдебиетінің жиырмасыншы 
жылдардағыдан айырмашылығы - алғашқысында жаңа қоғамның орнығуына орай қалың 
бұқара жаңа өмір орнатуға белсене кірісіп, көркем дүниеде олардың бейнелері біртіндеп, 
ақырындап сомдала бастаса, енді екіншісінде сол образдың қаһармандық тұлғаға айналу 
процесі, толығу, даму әрекеттері көріне бастапты. 
Қоғамның әлеуметтік жағдайы көтеріліп, өркендеген сайын, сол қоғаның бас байлығы 
- адамның да тіршілік иесі ретінде толығуды бастан кешетіні белгілі. Демек, бұл жерде 
көркем әдебиеттін де тақырыбымен қатар мазмұны , кейіпкерлері де жаңарады деген сөз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет