«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж



Pdf көрінісі
бет114/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
эстетикалық ләззат берудің орнына, оларды өлең атаулыдан мезі қылып, жеріндіріп 
жіберетінін, болмаса талғамы жоқ оқырман қалыптастыратынын баса айтып, 
ақындарымыздың қандай қылмыс жасап отырғанын ашып көрсетеді. 
А.В.Луначарский айтқандай, әдеби процесте болып жатқан күрделі өзгерістерді кез-
келген жай оқушы көре білмеуі мүмкін. Міне, сын оқырманды әдебиеттің осындай ну 
ормандарының ішімен адастырмай, тура жолмен бастап жүруге тиісті. Сыншы мұраты - жай 
адамның көзі байқай бермейтін жердегі сұлулықты көре білу, тәжірибесіз адам көре 
алмайтын кемшіліктерді әшкерелеу (4, 349). 
Сыншы жыл сайын балаларға арнап шығатын ондаған суретті кітапшалар мен 
өлеңдер жинақтарына шолу жасай отырып: «Азды-көпті сәтті туындылары ғана болмаса 
қайсыбір өлеңдер жинағы мен суретті кітапшаларға тән, тіпті дәлірек айтқанда, бұлардың 
біразына тән ортақ кемшілік - мазмұн жұтаңдығы, тақырып тарлығы, идеялық шешімнің 
бірыңғайлығы» (3. 303) деген пікір айтады. 
Ал нашар деген шығармалардың нашарлығы - оқушысын бір ақымақшылық іске 
бастап, жағымсыз әдетке баулитындығында немесе оларға теріс, жалған мораль 
ұсынатындығында емес, керісінше, тіпті тақырыбының маңыздылығына қарамастан, бейжай 
қабылданып, ешбір жақсылық- жамандықка мегзей алмайтындығында болғандығына 
налиды. Мұндай шығармаларды «балалар саналы түрде, тап бір сапасыздықты біліп оқымай 
отырған жоқ, ой-қиялын оятпайтын, іш пыстырар мылжыңдығы үшін, қуандырмай да, 
күйіндірмей де, із-түзсіз, әсерсіз қалатындығы үшін ұнатпай отыр» ден түсіндіреді. 
Мұндай жинақтардан өз ерекшелігімен көрінген, өз мінезі, характері бар кейіпкерлер 
кездестіре қоюдың қиындығын, өлең сайын, тіпті шумақ сайын алуан түрлі есімдер 
аталғанымен, олар бірыңғай абстракты, дүдәмап, бұлдыр елес боп шыға келетінін көрсетіп, 
тіпті рухани сүйеніш тұтатын тәжірибелі, сүйікті ақындарымыздың бірі М.Хакімжанованың 
өзі «Бөбегім менің - өлеңім менің» деп аталатын мол тиражбен шыққан суретті кітапшасына 
өте салғырт қарағаны соншалық - пәлендей өзіндік үн, өзіндік сыр сезілмейді деп ренішін 
білдіреді. 
Жұп-жұқа кітапшада он шақты баланың өмірі сөз боп, он шақты есім жүрсе, олардың 
арасынан кімнің кім екенін ажырататындай белгі таба алмай қайран. Мынадай екі үзіндіге 
назар аудартады: 
Келісімен Райхан мектептен, 
Өтектеп киімін іледі. 
Өтектеуді өзім үйреткем, 
Ол жағын жақсы біледі. («Райхан») 
Мектептен келіп Марияш, 
Ауыстырып киді киімін. 
Жуына салыл, ішті де ас. 
Шаруасын істеді үйінің. («Марияш пен мамасы») 
Екі өлеңнен алынған екі түрлі үзінді өзара қандай ұқсас болса, екі қыз да сондай, 
бірін-бірі қайталайды. Бұл сияқты тек жақсылық-жаманы баяндалып шығатын, бір-бірінен 
аумайтын біркелкі кішкене кейіпкерлер бізде әлі қаншама. Олар қолдан-қолға өтіп, әр түрлі 
маска киіп, әр жерден жылт етіп шыға береді (3, 304),- деп, біздің балаларға арналған 
әдебиетіміздің жұтан болу сырын айқындап, себебіне көз жеткізеді. 
Сыншының әдебиеттегі схематизмге жаны қас. Жаңалығы жоқ, бір-бірін қайталай 
беретін шығармалар бала талғамын қалай бұзатынын ойлап, алынады. Мысалы мынадай 
жағдайларды келтіреді: «Т.Шопашев «Сырғанақ» дейтін өлеңінде есіл-дерті мұзда болып, 
сабағына немқұрайлы қарайтын баланы: Тоқсан бітті – сынақта. Қуанады Саттар сырғанап,- 
деп әжуалаған. Бұл жолдар тағы да Т.Жабаевтың бір әзіл өлеңін еріксіз еске түсіреді: 
Сара кеше шанамен 
Ұзақ тепті сырғанақ. 
Бүгін бестен екіге 
Құлап түсті сырғанап. («Жас жүрек» жинағы). Көріп отырсыздар, Сараның 
орнына Саттар келгені болмаса, Тілегеннің өлеңі оқушыға еш жаңалық әкеле қоймаған (3, 
314), - деп, ойдың қайталануы бір ақынның өз өлеңдерінің ішінде ғана емес, бірнеше 
ақындарға ауысып жүргенін осындай нақты дәлелдермен көрсетіп береді. 


вестник КазНПУ имени Абаясерия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г. 
Өзін қоршаған ортаға сәби жүрек, бүлдіршін көзбен қарайтын балғын оқушысына 
табиғат құбылысы, жан-жануар, жәндіктер жайлы айтып, көркем көрініспен таным дүниесін 
кеңейту де - балалар ақынының жауапты міндеті болса, бізде төрт түлік мал, күшік, мысық, 
кірпі, қоян, түлкі, т.б. хайуанаттар мен жәндіктер жыр өзегі болған шығармалардың да саны 
аз емес. Алайда санға емес, сапаға назар аударған сыншы сол күшік, мысық туралы 
жырлардың ішінен ерекше әсерлісі ретінде Қадыр Мырзалиевтің «Күшігім» дейтін өлеңін 
ғана ауызға алады. 
Оқыс дыбыс шыққанда, 
Қызық оның қашқаны. 
Қорқып үріп, сонда да 
Қорқытады басқаны,- деп келетін жолдарды оқығанда бала жасқаншақ күшіктің оңаш 
мінезіне мәз-мейрам боп күлсе, ержете келе ол бұл өленде де мұндай әрекет-қылықтың тек 
күшікке қатысты емес екендігін ұғады, күшік мінезі мен өзге өмір құбылыстарынан тікелей 
үндестік табады (3, 317),- деп, өлеңнің салмағына назар аудартады. Осындай хайуанаттар 
жайлы айта отырып, дүниетанытушылық, тәрбиелік мәні зор кейбір тіршілік тынысын сөз 
ету Шона Смаханұлы («Мысық пен ит») мен Қосжан Мүсірепов («Мысықтың қатесі») 
шығармаларына да тән екенін қуанышпен айта келіп: «Біз балалар поэзиясының тұрлаулы 
туындылары осы бағыттарда көрінуін қалар едік. Бірақ, амал не, әр кез сөзбе-сөз ұқсас 
болмағанымен, шешімі, ойы, моралі бірін-бірі қайталайтын жаңғырық жырлар мысық, күшік 
тақырыбында да қажытып болды (3, 317),- деп, өкінішін білдіреді. 
Еңбек тақырыбында да жазылған қаншама жырлар болғанымен, жас оқушы тұшынып 
оқитын көркем шығарма әлі де жетіспейтіндігі сыншыны қынжылтады. Ол біздегі үлкендер 
еңбегі жайында жазғанда оқиғаны, шындықты тек бүлдіршін түсінігімен бағалап, солардың 
деңгейінде ғана жұқалап айту керек дейтін үстірт пікірге келіспейді. Дүние сырын жаңа-
жаңа ұға бастаған білімқұмар сезімтал жас оқушыны шахтер мен болат құюшының, 
мұңайшы мен теміржолшының тамаша өмірі, қажырлы еңбегі шынайы бейнеленген көркем 
шығарманың қызықтырмайтынына сене алмайды. Осы тақырыптағы «Биікке, биікке» 
(М.Әлімбаев), «Өмір гүлдері» (Қ.Ыдырысов), «Бақытты балалық» (І.Мәмбетов), «Көңілді 
балалық» (Ғ.Тұрсынбаев), «Нан туралы сөз» (Ә.Ахметов), т.б. шығармаларға тоқтала келіп: 
«Аты аталған жинақтардың ішінде, аз да болса, жалпы еңбек жайлы бір нәрсе айтуға 
талпыныс тек Әбдікәрім Ахметовтің «Нан туралы сөзінен» байқалады (3, 320), - деп, сан мен 
сапаға тағы да назар аудартады. Қазақ ақындарының еңбек қиындығы жайлы балаларға әлі 
жөндеп айта алмай келе жатқандығына, нағыз ерлік нағыз кедергіні жеңу арқылы туатынын 
ескермей, көбіне жұмыстың тек салтанатты жағын көріп, қол жеткен жетістіктерді ғана 
дәріптеп, жалаң, жалпылама толғанатынына да ренішін білдіреді.Осы тақырыптағы 
Т.Шопашевтің «Өмірге сапар», Ә.Сәтмағамбетованың «Балғын бөбек», Ә.Дүйсенбиевтің 
«Бәтіңке, шұжық, балқаймақ» өлеңдеріндегі арзан шешіммен балаларды алдай салудың жөн 
еместігін ескертіп, бұл тақырыпта қалай жазуға болатынына үлгі ретінде К.Чуковскийдің 
«Доктор Айболитін», Сергей Маршактың «Өрт» өлеңдерін ұсынады. 
Сыншы В.Г.Белинский мен Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Қазан төңкерісінен 
кейін М.Горький, В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковскийлер бөбектерге арналған 
әдебиеттің шынайы, ғұмырлы болашағы үшін күрескендігін тілге тиек етіп, өзіміздің қазақ 
ақындарын: «Біз бүгінгі есейген әдебиетіміздің құрамдас бір бөлімі - балалар поэзиясына 
шын жанашырлық, қамқорлықпен қарап, олқы жеріне өкіне, жоғын шын жоқтар болсақ, 
солар үлгі тұтқан биік талаптар тұрғысынан ғана сөз қозғап, жетістік-кемшіліктеріміз 
жайында әрдайым мұқият ойласып отыруға тиіспіз (3,324),- деп, салғырттық пен 
салақтықтан сақтандырады. 
Сыншы Зейнолла Серікқалиұлы қазақтың балаларға арналған қазіргі көркем 
прозасының да жалпы жағдайын бірнеше автордың қаламгерлік үлгісіне талдау жасай 
отырып айқындап, өзіндік кеңестерін ұсынады. Н.Сералиевтің, Б.Соқпақбаевтың, 
А.Байтанаевтың, 
М.Гумеровтің, 
Д.Сапаровтың, 
М.Сүндетовтің, 
І.Жақановтың, 
Т.Дәуренбековтің, Ә.Сәрсенбаевтың, С.Бегалиннің, С.Жүнісовтің, 
С.Тапжановтың, Е.Мырзахметовтің, С.Сарғасқаевтың, Ш.Ахметовтің бірнеше әңгіме, 
повестеріне шолу жасай отырып, балаларға арналған прозамыздың да негізгі мәселелерін 
алға тартады. 
Нәсіреддин Сералиевтің «Намыс» атты әңгімелер жинағына енген шығармаларын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет