вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
ЗЕЙНОЛЛА СЕРІКҚАЛИҰЛЫНЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ
СЫНДАРЫ
A. A. Нөкен -
ҚазҰУ ізденушісі
Қырық жылдан аса шығармашылық өмірінде Зейнолла
Серікқалиұлы араласпаған
әдебиет мәселесі қалмады. XX ғасырдың басында ғана қалыптасып, қабырғасы енді ғана
қатайып келе жатқан жазба әдебиетіміздің тығырыққа тірелген сан алуан тұстарында өзіндік
көсем сүрлеуін салып, адастырмас жол көрсете білген Зейнолла Серікқалиұлының төл
әдебиетіміздің тарихында алар орны ерекше, еңбегі ұшантеңіз. Сол көп еңбегінің арасынан
бұл шағын мақалада тоқталмағымыз - оның балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі.
В.Воровский айтқандай: «Сынның міндеті - әдебиет атын жамылғандардың ішінен
асыл дәндерін бөліп шығарып, оқырманды жалған әдебиеттен сақтандырып, мәңгілік, шын
әдебиетке бағыттап отыру» (1, 90). Зейнолла Серікқалиұлы - дәл осы міндеттің үдесінен
шыққан сыншы. Оның балалар әдебиетінің дамуы үшін еткен
еңбегіне де осы тұрғыдан
келген дұрыс. Балалар әдебиетінің мәселелерін көтерген «Бөбек талғамы», «Жыр неге
жұтаң?», «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Жаңалық зәрулігі», «Еңбек тақырыбы - ерлік
тақырбы», «Аяңмен алысқа бармас», «Арман аспаны биік болсын», «Қарасөзді қастерлеу»
сияқты мақалалары - күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, балаларға арнап шығарма жазатын
ақын-жазушыларға әлі де үлгі болар, айтары көп дүниелер.
«Адам өмірінің басты мәні жарық дүниедегі тұрмыс-тіршіліктің қызығынан рақат
табу болса, эстетикалық ләззат та - осының аса мәнді жоғары түрі. Жан-жақты
білімдарлыққа, парасаттылыққа негізделген эстетикалық тәрбие жұмыстарын жүргізуде
сынның рөлі де айтарлықтай»(2, 56). Сыншы З.Серікқалиұлы балалар әдебиеті туралы сөз
қозғағанда, үнемі бала талғамы, оларға берілетін эстетикалық тәрбие дегенді бірінші орынға
қойып отырады.
Бөбектер талғамы
туралы ой қозғай отырып, әлі күнге дейін балалар арасында жиі
айтылатын фольклорлық балалар өлеңдерінің өміршеңігіне тоқталады. Өміршеңдік - яғни,
бөбектер талғамынан шыға білу.
«Бақа-бақа, баппақ,
Басың неге жалпақ?» деп басталатын өлеңді талдау барысында мынадай
қорытындыға келеді: «Оның мұншама жасампаздығы - тілінің мейлінше жеңіл,
қарапайымдылығынан, ой-ұғымының бала табиғатына сыйымдылығынан. Жыр - үнді,
ырғақты. Үстеме қайталаулармен берілуінің өзі жай емес. Бүлдіршінді
езу тартқызатын
жылы ойнақылық та бар. Кішкентай тыңдаушы бірінен соң бірін қызыға, сүйсіне қабылдап,
өлең ұрпақтан ұрпаққа қала берген, қала берген» (3, 289).
Балалар фольклорындағы «алақай - қалақай», «ірімшік - бірімшік», «бәлен жаман,
түйе табан» т.с.с. мағына-мәніне көңіл бөлмей-ақ, сыртқы ұқсастық белгілері арқылы
ұйқастыра, өздерінің қуаныш, таңданыс немесе біреуді келемеж қылу сияқты сезімдерін
берген
ойнақы өлеңдерге қарай отырып, сәбилердің ұйқаспен, ырғақпен сөйлеуге
құштарлығына ерекше мән береді. Бұның тек қана қазақ балаларына тән қасиет емес, әлем
балаларына ортақ құбылыс екенін дәлелдеп, Корней Чуковскийдің түрлі жастағы
бөбектердің өздері құрастырған өлеңдерінен жинақтаған «Екіден беске дейін» атты кітабын
тілге тиек етеді. А.С.Пушкиннің де бөбектердің дыбыс үндестігіне құштарлығына қатысты
деректер жинағанын, сонымен қатар С.Я.Маршактың басқаруымен 1936
жылы балалар
жырларынан құралған «Балалар өлеңі» дейтін жинақ та жарық көргенін айта келіп, ал бізде
ата-аналар мен тәрбиешілер, педагогтер мен балалар ақындары бөбектер аузынан шыққан,
кездейсоқ туған аңғал сөз, жыр жолдарын жазып алып, жинастыру ісімен мүлдем
айналыспайтынына
қынжыла отырып, осындай кезек күттірмейтін маңызды іске жұмыла
кірісуге шақырады. Ал мұнсыз балалар талғамын нақты анықтаудың мүмкін еместігін және
олардың қажетін тауып бердім деуге ерте екенін айта келіп, «Қолына қалам алып,
бөбектерге арнап жыр жазағын, әрі осынау ізгі сапарының
қиындығы мен қызығын шын
сезіне білетін ақын, сөз жоқ, өз оқушысының көкейкесті талап-тілегіне қалай жауап беріп
жүр, жыр жолы, жыр шумағын бүлдіршін сүйіспеншілігіне бөленетіндей өмірлі ету жолында
не тындырып жатыр,- әрқашан жете ойланып, өзіне-өзі есеп беріп отыруға тиіс» (3, 293),-
деп түйеді. Әйтпесе, база талғамы қаламайтын көп өлеңді
тықпалай беру балаларға