«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж



Pdf көрінісі
бет112/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж. 
С.Сейітов еңбегінің аталған тарауы негізінен отызыншы жылдар басындағы толып 
жатқан съездер мен олардың каулыларының орындалу барысы, Одақтың партиялық 
тапсырмаларының үгіт- насихат құралына айналу процестерінен яки әдебиеттің жүріп өткен 
жолы мен болған тарихынан хабардар етеді. Сонымен катар бұл тарауда «Социалистік 
реализм» әдісімен нық қаруланған қаламгерлердің проза мен поэмадағы ізденіс - 
сапарларының қыр - сырынан біраз мағлұматтар берілген, Ал поэзияға келгенде ақындар 
шығармашылығында өзіндік стильдің, көркемдік тәсілдің молайғанын автор қысқаша 
сипаттамалар беріп, үлгі ете баяндайды. Мәселен, «... Мұқанов, Жароков, Тәжібаев, 
Тоқмағамбетов сияқты белгілі жазушыларымыздың өзіндік бетін, тіліндегі сөз образдарын 
жасаудағы материалды түйіндеу әдісіндегі, жазу мәнеріндегі ерекшеліктерін оқушылар 
жұртшылығы әбден айыра алады» /1,70/ дей келе, «мысал үшін егжей-тегжейіне бармай-ақ 
жалпы сипаттама ретінде қысқаша атап өтетін болсақ, соғысқа дейінгі жырлардың өзінде-ақ 
Мұқановта - оқиғаны қызық етіп құрып, өрбітуге, эпикалық кеңдікке ұмтылушылық; 
Жароковта - өлеңнің көтеріңкі рухта жазылуына, лептілікке баса зер салушылық; 
Тәжібаевта-сыршылдыққа, жылы лиризмге ойысушылық сияқты жекелеген ерекшеліктерді 
атар едік. Тіліндегі, образ жүйесіндегі айырмашылықтарды біз, мәселен, ақын 
Тоқмағамбетовтың шығармашылық бетінен де байқар едік» дейді ғалым-әдебиетші 
С.Сейітов. 
1930-шы жылдар поэзиясын барлай келе С.Сейітов мынадай қорытынды жасайды: 
1) 
поэзия жанры біраз өзгеріске ұшырап, өлеңнің идеялық-көркемдік сапасы артқан; 
2) 
поэзия мазмұнының тереңдігін, ойдың айқындығына, өлеңнің әсерлі, лепті 
болуына, жаңа мазмұнға сай жаңаша көркемдік суреттеу құралдарын табуға бой ұрған; 
3) 
поэзия сылдыр сөзділік пен дерексіздіктен, бұдан бұрынғы жылдардың 
өлеңдеріндегідей шұбалаңқылықтан, прозаизм элементтерінен , бірінен- бірі аумайтын, 
айнымайтын дәстүрлі теңеу, метафораларды даяр қалпында пайдалана салушылық 
әдеттерінен бірте-бірте құтыла бастаған; 
4) 
табиғат лирикасында, сондай-ақ махаббат, достық жайындағы лирикалы өлеңдерде 
жаңалық нышаны сезіледі; 
5) 
поэзияда жаңа мазмұнды бере алатын форма іздеуге, Абай өрнектерін пайдалануға 
талаптанушылық бар; 
6) 
кейбір ақындардың таңдаулы өлеңдерінде философиялық топшылаулар мен 
ойларға қарай ойысқандық аңғарылады; 
7) 
алдыңғы он жылдықта үгіттік маңызы күшті, саяси лирика кең өріс алса, соғысқа 
дейінгі бесжылдықтар тұсында лириканың бұл түрі жаңа саласымен көзге түседі: ол 
бұрынғыдан маңыздырақ, көркемдірек, үндірек; Ғалым оған мысал ретінде С.Мұқановтың 
«Бостандық»(1919) өлеңі мен «Майға сәлем» (1933) өлеңдерін салыстыра көрсетеді. 
«Ақырында, поэзия бұрын-соңды кездеспеген тың образбен, соны айшық, өрнектермен 
байыды» - деген қорытындыға келген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет