«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л



Pdf көрінісі
бет121/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
жазалау отаршыл Ресей тарапынан дәстүрлі дағдыға айналды. Озық елдерден қалмайық, 
білімге ұмтылайық деп барша түркі жұртын үндегені үшін қырым-татар ұлтының адал 
перзенті Исмаил Гаспаралыға “пантүрікшіл” деген айып тағылып, артына қалдырған мұрасы 
ондаған жылдар бойыңда баспа жүзін көрмей, жүрттан тасаланып үсталды. Қазақтың 
ағартушы күрескер ақын, жазушылары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді 
отаншыл азаматтар тоталитарлық әкімшіл-әміршіл жүйенің жазықсыз кұрбаны болды. Оның 
үстіне түрік халықтарының қолданып жүрген әліппесін зорлықпен жиі өзгерту де өзінің 
«нәтижесін» берді. Біреулері славян кирилица, екіншілері араб, үшіншілері латын әріптерін 
қолданатын халықтар өзара түсінісуден қалды. Ал осы алфавиттерді түрік халықтарының 
тілдік ерекшеліктеріне сәйкестендіру мәселесін шешуге де мүмкіндік тудырылмады. Барша 
ұлт тәржімесіз түсінетін Мәшһүр, Шәді төре сияқты ақындар қалыптастырған діни 
терминология өзге түркі халқы түгіл 
өзұлтына түсініксіз бола бастады. Соның салдарынан бұл халықтар бірінің жазуын екіншісі 
оқи алмайтын халге душар болды. Терминологияны бір ізге түсіру жөнінде сөз көтерудің 
“қылмыс” санаған кездер жұрт жадында. Мұның бәрі ғылымды да, шындықты да белден 
басып, зорлықты ғана «тиімді» тәсіл деп қараған империялық саясаттың көрінісі болатын. 
Ғылымға, соның ішінде фольклортануға, діни әдебиетке жасалған қиянатты жою, түрік 
халықтарының фольклорлық қазынасы мен діни әдебиетін толық әрі жан- жақты зерттеу 
кезеңі туып отыр. Оның бір құрамдас бөлігі болып М. Көпейұлының артында қалдырған 
әдеби мұрасы жатады. Оның жалпы түркілік фольклормен, шығыстық сарындармен 
үндестігін жан-жақты саралап шығуымыз керек. 
М. Көпейұлының туындыларындағы ежелгі мифтік түсініктермен үндестік өз алдына 
жеке зерттеу тақырыбы болса да, мақаламызда ол туралы өз ойымызды алға тартуды жөн деп 
таптық. Көптеген аспани (космогониялық) және тотемдік мифтерде тірінің өліге айналуының 
басты себебі қатты шаршағандық болып келеді. Мұндай құбылуды алғашқы жағдайға қайта 
оралу деп айтуга болмайды. Қатты шаршаған мифологиялық кейіпкер қозғалуға шамасы 
келмегендіктен тасқа айналып, тыныш табады. Мысалы, шаршап жатып, ұйықтап кеткен 
батыр жайындағы қазақ мифін алайық... Атақты ақынымыз С.Сейфуллин бұл мифті былайша 
баяндайды: 
Болыпты баяғыда Жеке батыр... 
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр. 
Бір күні қарауылда қалғып кетіп, 
Сол батыр бүгінгіше ұйыктап жатыр. 
Сол батыр бүгінгіше бір үлкен тау, 
Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау. 
“Ұйықтаған батыр” дейді таудың атын, 
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау. 
Батырдың қырыққа таяу келген жасы, 
Денесі биік жота, таудай басы. 
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды, 
Киюлі баста жатыр дулығасы. 
Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның түп негізі - тарихи 
шындық. Бұл біріншіден. Екіншіден, аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде келтіреді. 
Осындай ислам аңыздарын М. Көпейұлы дастандарынан молынан табуға болады[3,186 6]. 
Мәшһүр - Жүсіптің діни- аңыздар негізінде жазған романтикалық туындыларында исламға 
дейінгі, исламның туу дәуіріндегі адамдардың және XX ғасыр басындағы алаш 
азаматтарының дінге беріктігін, адамга тән нәзіктігін шынайы бейнелеумен қатар, шындық 
өмірде орын алуы мүлде мүмкін емес, оғаш оқиғаларды періштелер мен ғажайып күштерді, 
жан - жануарларды т.б. шеберлікпен шығарма композициясына енгізіп, алдына қойған 
шығармашылық мақсатына кол жеткізгеніне куә боламыз. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
/. Аңтанова А. Мәшһүр-Жүсіп өлеңдеріндегі драма мәселесі // жинақта: Мәшһүр-Жүсіп 
Көпейұлының 150 жылдығына арналған “ Мәшһүр-Жүсіп мұрасы” республикалық ғылыми-
конференция МАТЕРИАЛДАРЫ. 20QS. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет