2. Бердібай Р. Жүлдыздар жарығы. - Алматы: “Білім”, 2000. -248 бет.
3. Әбілқасымова К., Тамаев А. Қазақ фольклористикасы (Мектеп мұғалімдері мен
студенттерге арналған хрестоматия). Алматы: Білім, 2007.-240 бет.
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы образцов фольклористики айтысов,
пословиц и поговорок в произведениях М. Конеева, а также духовная связь с великими
мыслителями турков среднего века как Ж. Баласагун, Махмут Кашгари и Ахмет Яссауи.
Summary
This article is about M.Kopey’s works and their place in a folk literature. The
author
considers
M.Kopey’s works connecting with works of the Turkish thinkers such as Zh. Balasugany, M.
Kashkari, A. lassauy.
TYPKI ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ТОЙ САРЫНЫ МЕН ОНЫҢ БАЯНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Шабан Айдоғду -
Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Эпикалық жырларда негізгі сюжеттен тыс элементтерде, яғни бейбіт тіршілікті бейнелеп, әлеуметтік
топтың өкілдері шоғырланып көрінетін және жыршылардың бүге-шігесіне дейін көңіл бөліп суреттейтін
эпизодтардың ең сүбелісі - той [1-202]. Той көбіне жыр басында дуниеге келген болашақ батырдың қуанышына
жасалады. Мәселен «Оғызнамада» Оғыздын перзентті болғанында [2-131], «Манаста» Манастың туылуына және
ат қоюлуына байланысты [3-157-174], Шора Батырда» Шораның [4-36-37], «Байбөрі Баласы Бәмсі Байрақ туралы
жырда» Бәмсінің туылуына байланысты [5-35] т.б.; жырлардың ортасына қарай алғашқы қаһармандыгын жасап
есім-ат алуына байланысты «Дирсеханүлы Бұқашжан туралы жырда» [5-13-14], «Байбөрі Баласы Бәмсі Байрақ
туралы жырда» [5-36-37] т.б. және кейде осы оқиғаға байланысты және де қаһармандықпен үйленетін алғашқы
жарымен үйленуге арналған той жасалады /Алпамыс, Қобыланды, Жаныш, Байыш/.
Сонымен қатар аталған жырлардағы тойға байланысты ортақ тәсіл көбіне жыр соңында орын алады.
Мәселен, үзақ жыл сапарда жүріп жеңіспен оралуына арнап «Оғызнама» [2-131], «Қазан Салордың ауылын жау
шапқаны туралы жырда», «Оғыз Қаңлы баласы Қан-Төрәлі жайындағы жырда» [5-83] және де жау қолында
тұтқын болып аяғында оларды жеңіп еліне оралған батырдың ата-анасы, сүйген жары, баласы және елімен қайта
табысу окиғасына байланысты «Қазан Бектің баласы Ораз Бектін жауға қалай тұтқын болғаны туралы жырда»
[5-66 ], «Оғыз Қазылық баласы Иекенк туралы жырда» [5-89], «Жаныш-Байыш», «Ер Табылды», «Баттал Гази»
т.б. жасалады.
Кейде осы тоймен батыр елінде қалдырып кеткен қалыңдығымен қосылса «Алып Манашта» [6-415],
«Алпамышта» [6-415], «Байбөрі Баласы Бәмсі Байрақ туралы жырда»[5-53-54], «Қобыланды», «Баттал Гази»,
«Бозұғлан,Ахметбек һәм Жүсіпбек жырында» [7-82 ], «Ашық Гарипте» [8-92 ] т.б. Кейде жау елінде батырдың ең
қиналған, елінен ешкімнің комекке келе алмаған кезінде батырға өлердей ғашық болып, оған қол ұшын беріп,
оны құтқарған немесе оның құтылуына септігін тигізген, батырмен қосылып оның еліне келген қалыңдықпен
қосылу қуанышына арналып та той жасалады.
Мәселен, «Байбөрі Баласы Бәмсі Байрак туралы жырда» [9-89], «Қобыланды», «Жаныш,Байыш»,
«Баттал Гази» т.б.
Міне «Батырлар ерлігінің соңы көбіне осылай той думанмен аяқталады» [1-202]. Енді біз қарастыратын
үш халыктың жырларына кеңірек токталар болсақ;
«Алпамыста» батыр Ұлтан құлды өлтіріп жазалаған батырдың әйелі Гүлбаршынмен кайтадан тойы