«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л



Pdf көрінісі
бет123/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
болмайды. Ал Қаркөзайымды батыр еліне алып келмегендіктен «Жаныш-Байыш» және «Баттал Газидегі» сияқты 
батырдың елінде онымен де тойы болмайды. Жырдың аяғында батырдың уәдесі бойынша Қаркөзайымға да 
барып тұратыны ескертіліп жыр аяқталады» [10-72]. 
«Қобыландыда» батыр Көбіктінің кегін алуга келген Ағанас пен Тоғанас деген батырларды Қарлығамен 
бірігіп жеңіп өлтіріп, соңынан Қарлыға өзінің інісі Біршымбайды да айламен қаза етеді. Біршымбай өлген соң 
бүкіл қыпшақ Қобыландыға қосылып он сегіз күн шауып Алшағыр ханның қаласын өздеріне қаратып, көп олжа 
қолға түсіріп елі Қараспан тауга алып келіп құтты жұрттарына қонады. Енді кезек батырдың тойына келеді. 
Барлық елі жиылып Қобыландыға некесін қиып Құртқаны жырларымыздағы ортақ дәстүр болған «отыз күн 
ойын, қырық күн тойын жасап» қосады [10-139]. 
Ал «Қобыландыда» бір ерекшелік тұтқын болған кезінде батырға ғашық болып көмектескен және 
онымен бірге батырдың еліне келген Қарлығамен тойы басқа жырлардағыдай бірден болмайды. Батыр онымен 
сегіз жылдан кейін үйленеді. Және ол өте қызық болады. Көбіктінің жиені Шошай батыр кек алуға 
Қобыландының еліне келеді. Қобыланды мен Шошай дәстүр бойынша үлкен соғыстың алдында жекпе-жекке 
шыққанда Қарлыға өзімен сегіз жыл үйленбеген және бір рет те болса бір ауыз сөзге де келмеген батырдан кек 
алу үшін найзасымен қапыда оны қатты жарақаттайды. Шошаймен соғыс аяқталған соң батырдың ұлы Бөкенбай 
барып Құртқаны әкесіне алып келеді. Батыр Қарлығамен үйленуге шешеді. Кейін Қараманның елінде некесін 
киярда айтқан сөзінде Қарлыға Батыр үшін елінен, әкесінен, інісінен баз кешкенін, бәрін батыр үшін қиғанын, 
бірақ батырдың өзін сегіз жыл далада қалдырып, бір рет те болса келіп жағдайын сұрамағанына ренжіп оны кек 
алу үшін жарақттанын айтады. Батыр болса Қарлығаға «өзінің ең жақыны әкесін қалай өлтіретініне кеңес берген 
және туган інісін өз қолымен өлтірген кісіге мен кіммін өзі. Қыпшақ қалай саған сенеді?» - деп жауап береді. 
Қарлыға батырдан кешірім сүрайды. Осыдан кейін екеуі табысады. Қараман олардың екеуінің некесін қиып 
қосады. Осылай басқа жырларда батырлар елдеріне оралғанда бірден жау елінен алып келген қалындықтарымен 
/Жаныш-Байыш, Баттал Гази/ той жасап қосылса «Қобыландыда» ол той сегіз жылдан кейін болады. Себебі де 
«өзінің еліне, ен жақын деген туыстарына опасыздық қылған кімге опалы болады» - деген қисынмен 
түсіндіріледі[10,140-153]. «Жаныш-Байыш» жырында да батырлар құлдарды жазалағаннан кейін елімен 
косылып артынан тоқсан келін және тоқсан қызбен елін, жерін тастап келген Белқысты алуға аттанып кейін оны 
алып келеді. Барлық жұртты шақырып Байьыш пен Белқыс тоқсан күндік үлкен той жасап қосылады. Батыр 
осылай уәдесінде тұрады[ 11,115] және жырда батырлардың жау елінен алып келген сүйіктісімен үйлену дәстүрі 
жалғастық табады. Олардың сапарға шақпастан бұрын тойлары болғандықтан еліндегі әйелдерімен қайтадан 
үйлену тойлары болмайды. «Ертабылды» жырында да батырдың еліне аман-есен оралуына арнап елі той жасау 
элементі орын алады[ 12-309]. Сапарға шықпастан бұрын тойы болғандықтан «Алпамыстағы» және «Жаныш-
Байыштағы» сияқты елінде калдырып кеткен әйелімен және де басқа жырлардағы сияқты батыр жау елінде 
тұтқынға түспегендіктен жау хан-бегінің қызымен үйлену тойы осы жырда кездеспейді. 
«Баттал Гази жырында» батырдың бірнеше рет сапарға шығуы және бірнеше рет үйленуі эпизоды 
кездеседі. Біріншісі, қайзердің баласы алып қашқан алғашқы жары Зейнепті құтқаруға қайзердің еліне барып 
оны құтқарады және кайзердін кіші қызы Махпейрузды да қоса альш елі Малатияға келеді.Жеті күн түні-күні 
той жасап батыр Махпейрузбен қосылады[13-106]. Екіншісі, Қайзердін бектерінен Тариюнның елінде тұтқын 
болып, сонда өзіне ғашық болған Тариюннын қызы Гүлендаммен бір жылдай бірге тұрып, кейін кайзерді өлтіріп 
еліне келгеннен кейін батыр оны ұмытпай, оның әкесі Тариюнга хат жазып жасауымен бірге қызын жіберуін, 
әйтпесе келіп елін талқандайтынын айтады. Тариюн хатты алғаннан кейін батырдан қатты қорқып кызын 
жасауымен бірге Батталға жібереді. Осылай батыр Гүлендамға берген уәдесін де орындайды. Жырда 
Гүлендаммен той болмайды /бұрын қосылғандыктан болса керек/. Гүлендаммен қосылған батырдың біраз 
уақыттан соң бір ұлы болады. Атын олар батырдын кетерде айтқанындай Бешир деп қояды [13-207]. Үшіншісі, 
Индия сапарында жүргенде кайзердің қалың қолы батырдың елін шауып қалындығы Фатиманы алып кетеді. 
Батыр еліне оралғаннан кейін бар жайды естіп қалыңдығы Фатиманы Қобыландының Құртқаны жау елінен 
құтқарғаны сияқты құтқарып еліне алып келеді. Малатия бегі Әмір Омар жеті күн той жасап кызын Батталға 
қосады. Осылай батыр сүйіктісіне қосылып мұратына жетеді[ 13-241]. Жаудың батырдың қалындығын 
тұткындап еліне апаруы, кейін ол жайлы естіген батырдың барып қалыңдығын жау қолынан босатып алып еліне 
әкелуі жағынан «Баттал Гази» жыры мен «Қобыланды Батыр» жыры ұқсас болып келеді. Төртіншісі, батыр 
Кайзердің елінде тұтқынға түскенде салынған зынданнан құтылып, өзіне ғашық болған Кайзердің қызы 
Кетаюнды бірге алып еліне келгенде елі жаудың қоршауында болады. Батыр кайзердің және қитай патшасының 
қосылған қалың қолын ойсырата жеңіп осы соғыс үстінде Кетаюнды алмақ болған өзінің бәсекелесі қитай 
патшасы Қыравани Магрибиді де өлтіріп, халқымен қауышады. Батырға елі үлкен той жасап Кетаюнды қосады. 
Осылай батырдың сапарының нәтижесі жау елінен алып келген жарымен де кауышуымен аяқталады [ 13, 266]. 
Ал «Данишменд Гази» жырында батырдың тойы бір рет болады. Және оның жары да бас жауы кайзердің 
бектерінен Кайталдың қызы Гүлнұш Бану болады. Гүлнұш Бану түсінде батырдың өзін алып үйленетінін көріп, 
әкесіне қашып бара жатқан жолында оны батырдын жолдастары Артухи және Эфрумийе көріп, қолға түсіріп 
батырға әкеліп сыйға тартады.Ол кейіннен мұсылмандықты қабылдаған соң батыр онымен үйленеді. Жырда 
басқа жырлардағыдай батыр жау елінде тұтқынға түспегендіктен оның жау елінен оралуы және екінші рет 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
үйленуі тойы болмайды. Батырдын тойы ұдайы сапарда жүргендіктен сапар кезінде және де ол дәстүрлі жеті күн 
болады. Бір қызығы той дайындығы кеңірек суреттеліп тойға қанша сарбаздың қатысқаны және тойға қай 
малдардың қаншадан сойылғаны толық аталады. Жырда жүз елу жылқы сойылғаны да айтылады. Жырда жылқы 
сойылғандығының айтылып өтілуі өте қызық. Өйткені қазіргі таңда Түркияда жылқы союға қатты тиым 
салынған және көпшілік аталарымыздын жылқы етін жегеніне сенінкіремейді[14, 151-156]. Батырдың досы 
Артухидің тойында да жылқы сойылады[14, 86-87]. 
Міне қорыта келе «тұтастай алғанда,қаһармандық эпостағы той көрінісі әлеуметтік ортадан, елдің бейбіт 
тіршілігінен тыңдаушыға мағлұмат беретін жыр экспозициясы мен аяқталуының негізгі типтік белгісі. Мекен 
мен мезгіл тұтастығы /бір жерден, бір дәуірден бастап, сонымен аяқтау/сиякты құбылыс мұнда да бар. Анығырақ 
айтсақ, той соның бір бөлшегі. Тоймен басталған оқиғанын тоймен аяқталуы- эпос үшін типтік жағдай. 
Халықтың аңсары ауған қоғамы батыр келгенде қайта орнайды. Той сол коғамның басты белгісіне айналады. 
Сюжет идеалды жағдайдың қалпына келуімен тамамдалады» [1-205]. Бұл ерекшелік біз қарастыратын жоғарыда 
аталған жырларда да толығымен сақталады. Жырларда жырдың басында батырлардың туу құрметіне, кейін ілкі 
ерлігіне байланысты және алғашқы қалыңдығымен үйленгенде той жасалса, жырдың аяғында жау елінде ұзақ 
уақыт тұтқын болуына т.б. әр түрлі себеппен елінен алыста жүріп, ақыры жұртына аман оралған батырға елі 
тағы да той жасайды. Біз қарастыратын жырларда осы тойлар үш түрлі себеппен жасалады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет