Біріншіден, елі осы тойды батырдың келуімен бұрынғы бейбіт, молшылық кезеңнің яғни батыр бардағы
идеалды жағдайдың қайтадан орнайтынына қуанып жасайды/Ер табылды/.
Екіншіден, батырдын жау еліне аттанып кетуімен той жасап үлгермей елінде қалып қойған
қалындығымен косылуына байланысты жасалады
/ Қобыланды-Құртқа, Баттал Гази-Фатима/.
Үшіншіден, батырлардың жау елінде тұтқын болып, басына іс түсіп, киындық көрген көмекке зәру
кездерінде оларға ғашық болып көмектескен және олар үшін елін, жерін, отбасын тастап келген жау қыздарымен
қосылып үйленуіне арналып той жасалады. Жырларда олармен тойлары негізінен еліне келгенде бірден болса
/«Жаныш-Байыш», «Баттал Гази»/, тек Қобыланды жырында ғана сегіз жылдан кейін болады. Қобыланды жыры
осы жағынан басқа жырлардан бөлінеді.
Түйін
Түркі
халықтары
эпикалық
жырларында
халықтык
дәстүрлерден
тойға
ерекше
назар
аударылады.Жырдың басында батырдың туғанына,кейін ілкі батырлығын көрсетіп ат-атақ алуына және алғашқы
жарымен үйленуіне ал жырдың аяғында болса ұзақ уақыт жау елінде сапарда жүрген батырдың еліне қайтып
келуіне, болмаса елінде қалдырып кеткен қалыңдығы яки жау елінен өзімен бірге алып келген қалыңдығымен
қосылуына арналып жасалады.
Резюме
В данной статье рассматриваются традиционные элементы эпических произведении, в частности
элементы той /пир/ в тюркских эпосах. Тематика и жанровое особенности эпосов во многом зависит
дополнительных и в то же времея сюжетоброзующих элементов. Таким и является разное пиршество в
структуре эпоса.
Типологически сравнивая тюркских эпических произведении автор статьи выдвигает свое видение к
данной проблеме.
Summary.
The following article discusses the traditional elements of epic works, in particular elements of festivities and
weddings in Turkic epics. Topic and genre features of epic depend on additional and at the same time plot forming