«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л



Pdf көрінісі
бет127/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж. 
сияқтылардан арылып, нағыз ұстаз деген атқа лайық өз заманының өжет адамдарын табар еді. 
Резюме 
В этой статье автор проанализировал общественно-политическую характерстику героя 
Беликова в рассказе А.П.Чехова «Человек в футляре» 
Summary. 
In this chapter the author has analysed socail-political evaluation of hero Belikov in hte story 
A.P.Qehov's «The man in a case» 
АҚЫН ӨЛЕҢДЕРНІҢ ПОЭТИКАСЫ
 
Ш.Ә.Рамазанова - 
әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
Ж.Бөдешұлының фольклорға бет бұруы кездейсоқтық та, күтпеген құбылыс та емес. 
Қазақ поэзиясында ауыз әдебиетінің алуан түрлі үлгілерін кәдеге жаратып, жыр жүгін 
артушылар да аз емес. Әйтсе де Жәркеннің жетістігі бай мұраны мысқалдап кіргізбей, 
батпандап байытуында, байырғы сөздердің сырын сақтай отырып, сынын жетілдіруінде, 
ұлттық табиғатын тап басып танытатын сыралғы сөздердің сыңарын тауып жарасымды 
жұптастыруында ғана емес, үзеңгілес ұғымдарды теңестіріп, тебістіріп тізгіп қақтыра 
білуінде. 
Санамдағы бір тал қылын 
тұтаттым Шақпағымен жарқ 
еткізіп жақтым да 
немесе: 
Көлбеңдеген көлеңкемді қайық 
қып Жүзіп өттім дариялар 
үстіңнен 
болмаса: 
Бөріні қамап аузыма 
Жүрегімді еттім жем
Тарының құйттай 
қауызына
Тау сыйгызып кеттім 
мен. 
Иә, бұл Жәркен Бөдешұлының бүгінгі заманда жазған жырлары, ертегілер елінен, 
батырлар жырынан көшіп келген кәнігі кебенек киген жырлар емес, айдарынан ақ самал есіп 
келген тәуелсіздік тұсындағы тәуекел жырлары, ол бізге осынысымен қымбат, осынысымен 
ортақ. Бұл баяғы тұяғымен жер тарпып тұрған тұлпарлардың бір тал қылы ма, әлде ақын 
қиялындағы қанатты шалқұйрықтың, шабыт құйрығының «бір тал қылы» ма, әйтеуір бір тал 
қыл! Дұрысы әрине шақпақты жаққан соң ғана, бір тал қыл тұтанады ғой! Біздің 
пайымдауымызша, бір тал қыл - ақынның қиялы да, шақпақ - шындығы ғой. Шындықтың бір 
тал қылы тұтанғанда жан-жағымызды самаладай жап-жарық қылып жібермесіне кім кепіл? 
«Жарқ етіп жанған шақпақтай» жалт етіп түскен сәуледен жалтарып кетер жан болар ма, 
себебі бұл жай жарық емес, санадағы сәуленің жарығы болып тұр! Әлі жай ғана тұтата салып 
тұрған жоқ, көзіңді қарықтыратын етіп «жарқ еткізіп жағып тұр». Мәселе, Тайбұрыл ма, 
Шалқұйрық па, Шалқасқа ма, Құлагердің қылы ма, онда емес қой! Ақын ол жағын айтпайды, 
ол жайында сөз қозғамайды. Бәлкім тіпті жүрек қылы шығар?! Неде болса жарасып тұр! 
Басқа ұлттың өкілі өгей тұтса да, қазақ ақыны жазған екен: айқын аңғарылады «көркем тіл - 
әрбір көркем дүниенің өзі сыйпаттас, ол жиі айтылып күнбе-күн қолданыла бермейді» [ 1, 
230]. 
Жәркен ақын да күнбе-күн бір тал қыл тұтатып, шақпағын жаға бермес, олай болса, 
ұмытылып бара жатқан ұлттық ұғымдарды ұтымды пайдалана білу, ұтқырлық қана емес, 
үнемділік үлгісі, үрдісті үлгіні ілгеріге ілестіру. Ауыз әдебиеті үлгісіндегі халық әндерінде 
«сырғанды қайық қылып өткіз мені» десе, Жәркен ақын: көлбеңдеген көлеңкесін қайық 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
қылады. Сырға да көлеңке де - жансыз құбылыс қой, дегенмен де, ақынның абыройы да сол 
жансызға жан бітіріп, қимыл-қозғалысқа көшіруінде емес пе? «Бұл әрине талант табиғатына, 
әркімнің өмірдің жымы мен жықпылын, сіледі суреттерін, тылсым сырларын қаншалықты 
терең білетіндігіне де байланысты»[2, 82]. 
Міне, көріп отырсыздар Жәркен ақын «көлеңкесін қайық қылып өтетіндей» 
кемелдікке, шеберлікке қол жеткізіп отыр. Қазақ поэзиясының арғы-бергі үлгілерін алып 
карасақта көлеңке туралы жыр көп, Абайдың өзі де «көлеңке басын ұзартып» демей ме, ал 
Жәркеннің көлеңкесі олардың бірде-біріне ұқсамайтын қияндағы көлеңке. Ақын әлгі 
қияндағы көлеңкені қол созым жерге жеткізіп, қиялымен қайтып қайыкқа айналдырады да, 
дариялардың үстінен жүзіп өтеді». Ақын жырларының басты ерекшелігі де халық ауыз 
әдебиеті үлгілерінен үріп ауызға салғандай талғамды, таңдаулы туынды жасай білуінде 
«Стиль жазушының барлық туындыларын түгел қамтиды. Жай қарағанда бір-біріне 
ұқсамайтын сықылды жазушының әр шығармаларын тереңірек зерттесек өзара жақындығын 
бірліктерін көреміз. Олар бір жазушының қаламынан туған туындылар ден сыбырлап 
тұрғандай. Өйткені стиль жазушының өзі» [3. 13] 
Ақын жырларының бет-бейнесін айқындай алатын, төлқұжаты болып табылатын 
тұстары қазақтың қара өлеңінің қолына сиқырлы таяқ ұстатып қалтасына бір тал қыл салып, 
асқар-асқар таулар мен айдын шалқар көлдерден аман-есен өткізуінде, ой орамдарын орынды-
орынсыз тықпалай бермей, жігін тауып жымдастырып, тілін тауып табыстыруында, 
жатсындырмай, жатырқатпай үйірдің үрейін кіргізіп, шындықтың шылбырын, талғам тізгінін 
ұстата білуінде. Бір сөзбен айтқанда «қазақтың қара өлеңіне күпі де кигізбей, шекпен де 
жаппай» қиял кейіпкеріне айналдыруында немесе қара өлеңді қиял-ғажайып әлемнің 
әміршісіне айналдыруында. 
Жалпы Жәркен Бөдешұлы жырларында келісті кейіптеулер де, тосын теңеулер де, 
мазмұнды метафоралар да, сүйріктей символьдар да табылады. 
Жұлын, жүйке тұрған кезде 
жұқармай Аңқиды екен адам миы 
жұпардай.[4,40] 
Теңеудің тегеурінділігі сол айналаңыздың бәрінен жұпар иісі аңкып шыға 
келеді. Жұпар болғанда да таңның, түстің, шықтың, шөптің, көктің жұпары болса бір сәрі-ау, 
жоқ бұл мидың жұпары, «адамның ардан артық жері бар ма деп Абай айтқандай, адам 
баласының мидан маңызды мүшесі болушы ма еді, о заманда, бұ заман мидың иісін сезіп, 
иіскеп көрген адам бар ма? Әрине жоқ! Сонда бұл не болғаны? «Нағыз поэзияның басты 
белгісі жалғандықтан жалтару, ақынның көңіл күйі мен сезімін суреттейтін қиял қарғыны 
болып табылады»[5, 259]. 
Иә, расында дәл солай! Қиял қарғыны, қарғыған қиял, көк пен жердің екі ортасын емін-
еркін кезіп, жүген-құрық көрмеген қанатты қиял. «Жұпардай аңқыған мидан» тек осындай 
ауыздықпен алысқан аруақты қиял туады. Адамның миы жұпар аңқып тұрмаса, ол 
айналасындағы күллі дүниенің тылсым тіршіліктің жұпар иісін бағалай, саралай алар ма еді. 
Әрине жоқ. Өлең жазу бар да, өленді образ жасау тағы бар»[6, 352] яғни образды түрде 
ойламасақ адамның миы жұпар аңқуы екіталай ғой, олай болса, ақын адамның миының 
жұмыс істеп тұруының өзі де жұпар иісін шашу емес пе? Тағы да иіс! Бұл жолы адам емес, 
жылқының иісі! 
Жылқының исі 
бұрқырап Табаққа 
салған қазыдай. 
Сөз құдіреті - қимыл әрекетке көшуінде ғана, қара желдей өсуінде теңнің жібін 
шешуінде, қара өзендей тасуында, қара таудан асуында яғни сәт сайын серпіліп, сәт сайын 
жаңғыруында, түн сайын түлеп, күн сайын көкті тіреуінде, қысқасы қысқа күнде қырық 
құбылуында. «Құбылған сөз - әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ, бір сөз бір 
нәрсені таныта, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. 
Демек, троптың ең басты мәні таным тарапында» [6,352] Жәркен Бөдешұлы да сөзді 
құбылтып қана қоймайды, тыңнан түйін түйеді. 
Ой - жауар бұлт, 
Жарқ-жұрқ еткен сөз жасын. 
Бұл метафораның жай ғана қарапайым түрі.Көрдіңізбе ақынның өзі айтса айтқандай 
«жасындай жарқылдап» тұрмаса сөз сөз бола ма? Төмен қарап түнеріп тұрған сөзден не 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет