Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, Л
г
в2 (32),2010ж.
күтесіз, не де болса жарқылдап тұрған сөз жақсы емес пе? Бұл әрі-беріден кейін жыр
толғағының сиқырлы, сүйкімді сәті. Сүйкімді сәттен гөрі, сиқырлы сәттен гөрі де, ащы
толғағы деген дұрыс-ау! Жыр толғағы! Әлбетте қазақ поэзиясы бұлт атаулының қай-
қайсысына кем де емес. Абайдың «көк ала бұлтынан» бастап, Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша
бұлтына» дейінгі аралықта тіпті онан да бері де, әріде де бұлтка теңеу, бұлтты теңеудің
түрлері көп. Жауар бұлтта, жарқ-жұрқ еткен сөз жасын да орнымен, қиюласа қолданылып тұр.
Енді бір өлеңінде ақын:
Жер көгерді
Мен қашан көгеремін?
Көгермей ішімде өлді көп өлеңім.
Өлең туралы толғанбаған ақын жоқ. Ақын омонимдес сөздер - арқылы «көгеру» сөзінің
екі түрлі мағынасын ұсынып отыр, тура мағынасы әрине жердің көгеруі де, екінші «көгеру»
ауыспалы мағынасы «көгермей ішімде өлді көп өлеңім». Өлең - бойға біткен баладай, ол да
тоғыз ай тоғыз күн толғанда тууы мүмкін, әрине ең қиыны ішінде өлген бала ғой, ең қиыны,
ең қорқыныштысы да өлі туу емес пе? Өкінішті- ақ!
М.Мақатаевтың «жапырағы арса-арса кәрі еменге, келер көктем білмеймін не береді?»
деген жыр жолдарымен жапсарлас.
Көп кешікпей көктем де келер
енді Көгереді бәрі де көгереді.
Әрине, қара жердің көктеуі, көгеруі. Бұл - Мұқағали Мақатаев.
Жер көгерді,
Мен қашан көгеремін
Көгермей ішімде өлді көп
өлеңім.
Бұл - Жәркен Бөдеш. Көктем - біреу де, ақын - екеу. Әр ақын өзінше өрнектейді, бір
ақын кәрі еменнің қамын ойлап камықса, екінші ақын өр өлеңнің жайын ойлап жабығады.
Аймағы бір болғанмен, айтары бөлек.
Поэзияның басты байламы да - бір-біріне ұқсамау ғой.
Қадыр Мырзалиев: Бір-біріне ұқсамасын ақындар,
Ақын түгіл ұқсамайды жақындар.
Ұқсай берсе бәрін қуып, халайық,
Тек біреуін қалдыруға хақың бар, -
Олай болса, Жәркен Бөдешұлы мен Мұқағали Мақатаев бір-біріне ұқсас ақындар емес,
бірін-бірі толықтырушы «Жыр жүйріктерінің әр кезде, әр аймақта ғұмыр кешкеніне
қарамастан олардың өлеңдеріндегі түрлі образдар жинақталып, тұтастық құрайды. Заманның
келбеті де, адам бейнесі де бәріне ортақ сарындарды салыстыра саралаған кезде айқынырақ
танылады» [7, 367].
Болардай қалай да бір керемет сын
Құбылып түсі өзгерді төңіректің
Салмағын көтере алмай майысты гүл -
Қанаты дымқыл тартқан көбелектің[8,
133].
Тағы да табиғат туралы жыр, тағы да көктем көрінісі, көк нөсер күткен көктем.
Көктем емес-ау, көктемнің көк байрақтары - көбелек пен гүл. Өлеңде кенеттен күн райы
нілдей бұзылып көк нөсердің лебі еседі. «Қалайда бір керемет сын болғалы тұр», бұл сын -
кім үшін, не үшін? Алғашқы жолдағы табиғаттың тосын мінез танытуы мен бірге төңіректің
де түсі өзгеріп шыға келеді. Ақын шендестіру тәсілі арқылы көбелек те, гүл де желмен бірге
ұшып кетті демей, керісінше «салмағын көтере алмай майысты гүл» деуінде де заңдылық бар.
Осының өзі адамдарды былай қойғанда, табиғат құбылыстарының арасында да қарама-
қайшылық қана емес, үндестік барын аңғартпай ма?
Түсі өзгерген төңірек, салмағын көтере алмай майысқан гүл, қанаты дымқыл тартқан
көбелек... Үшеуінің басын біріктіріп, біріне-бірін тәуелді етіп қойған, тіпті тағдырластырып,
туыстастырып жіберген құбылыстың аты - көк нөсер, көк ала қанатты көктем. Өлеңдер ой
жинақылығы, идеялық мазмұн, мақсат бірлігі байқалады.
Мәселе тіпті өлеңнің қысқалығы мен ұзындығында, яғни көлемінде емес, көрерінде,
көрегенділігінде. Немесе:
Бауыры ақ теректің жалтырайды
Қойғандай ақ аюдың майын жағып.
Қазақ поэзиясында Төлеген Айбергеновтін «сен отырдың сазанның бауырындай
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г.
жарқылдап» немесе Есенғали Раушановтың «қара бауыр қасқалдағы» бары белгілі. Бірақ екеуі
де жанды дүние - адам мен құс, әрі екеуі де қозғалыста, біреуі ән айтып отыр, екіншісі ұшып
бара жатыр. Ал Жәркеннің ақ терегінің бауыры неге жалтырайды? Қимыл-қозғалыс жоқ. Бұл
кәдімгі мамыражай мүлгіген тыныштықтағы ақ терек емес, нөсер алдындағы ақ терек. Әлсін-
әлсін соққан жел, ақ теректің бауырын, ақ сазанның бауырындай «жалтырата» түседі.
Қаралтан қарап ақ теректің бауыры жалтырамайтыны белгілі ғой, бұл ақ нөсерге алдын ала
дайындық. Қарап отырсаңыз барлығы ақ. Ақ нөсер. Ақ терек. Ақ бауыр. Ақ аю. Ақ май.
Барлығы бір-бірімен үндесіп, үйлесіп, теңесіп, теңгеріліп тұрғандай «теңеу - екі нәрсені,
құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі
болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса,
енді бірде айтылып отырған нәрсенің сипат белгісін түсін, дыбыс - үнін, тағы басқадай жеке
ерекшелігін өзге бір нәрседен басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты тірек етіп
салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі»[9, 210]. Қалай десек те «ақ теректің
бауыры мен ақ аюдың майы! Бұрын-соңды болмаған бейнелеулер. Әлбетте ақ қайың, аққу
туралы жырлар қазақ, орыс поэзиясында жеткілікті. Ал теректің, ақ теректің бауыры, бәлкім
бірінші теңеліп отыр. Ақ нөсер келе жатқанда ақ терек түрленбей кім түрленеді, ақ терек
сәнденбей, кім сәнденеді? Бұл Абайдың «күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынысты» атты
жолдарымен астарлас, тұспалдас, төркіндес жақын-жуық жолдар.
1.
Назарбаев М, Замани тудырған әдебиет. -Алматы: Ғылым, 1997, -230 6.
2.
Айтматов Ш. Сөзстан. Бірінші кітап, 1989. -82-6.
3.
Жумалиев Қ, Стиль өнер ерекшелігі, -Алматы, 1966,-136.
4.
Бөдешұлы Ж. Бұрылыс. Сөздік-Словаръ, 2007, -294 6.
5.
Қабдолов 3. Сөз өнері. -Алматы: Қазақ университет 1992. -352 6.
6.
Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. -Алматы: Білім, 2000. — 367 6.
7.
Бөдешұлы Ж Емендер түнде бүрлейді. —Алматы: Анатілі, 20(12. -303 6.
8.
Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. ~.Алматы, 1979. -2106.
Резюме
В статье исследуются художественные особенности поэтической системы
Ж.Бодешулы. Кроме того дается сравнительный анализ поэтики Ж.Бодешулы и поэгики
К.Мырзалиева, Ж Л аж и ме де но на. Т. А йб ер генов а.
Summary.
In this article artistig particularities of poetig system of Zh.Bodeschuly are considered,
comparative analysis of poetigs of Zh.Bodeschuly and K.Myrzaliev, Zb.Nazhmeclenov,
T.Aibergenov is given.
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гьиымдары» сериясы. М'2 (32),2010ж.
Достарыңызбен бөлісу: |