«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет126/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки». А'' 2 (32), 2010 г. 
бірі, ол да анадан туған, Ол өмірге осылай тұмшаланған күйде келмеген, ешбір ана өз баласын 
осылай болса екен деп ойламайды, олай тәрбиелемейді де, қайта ерлікке, намысқойлыққа, 
мейірімділікке тәрбиелейтіні даусыз, олай болса, Беликов осындай күйге қалай кіріптар болды 
деген сұрақ туады? Жауап сол - сол кездегі қоғамдық-саяси орта мен қоғамдық қатаң тәртіп-
түзім. Демек Беликов бір дәуірдің айнасындай қоғамдық сипат алатын кейіпкер. Жазушы 
оның жан-дүниесін , мінез-құлқын, бет-бейнесін суреттеу арқылы оқырманға сыртқы 
формадан гөрі ішкі мәнге басты назар салуды жөн санайды, сол арқылы қоғамның қараңғы 
тұстарын ашып көрсетеді. Аталмыш шығарманы толықтай танып түсіну үшін шығарма 
жазылған кездегі қоғамдық жағдай туралы аз-кем тоқтала кетуде жөн болар, бұл әңгіме 1898 
жылы жазылған, ол кез Патшалық Ресейдің қоғамдық, әлеуметтік және саяси жағдайы 
тығырықка тіреліп, кақтығыстар ұшығып, қоғамдық қатынастар мейілінше шиленісіп тұрған 
кез еді. Жалпы қоғам алдында не істеу керек, қалай бағыт aлy тиіс деген аса жауапкершілігі 
мол, күрделі де маңызды сұрақ тұрған-ды. Қоғамда болып жатқан дүмпуі көп, толғақты 
мәселелердің қым-қуыттылығы сондай адамдар нені қолдап, неге қарсы келулері керектітін 
білмей сарсаңға түскен кезең еді бұл. Әлде бұрынғы сарпалдаңмен жүре беру керек пе,әлде 
жаңаша бір жол табу керек пе? Керек болса ол қандай жол және қалай жүру тиіс? Miнe 
қоғамның дерті осы еді. Осындай дертті ортада Беликов не істеу керек? Ол сол баяғы қапаста 
қала ма, жоқ әлде санасы серпіліп жаңаша екпінге үн қоса ала ма? Міне осы мәселелер автор 
көзқарасының түп қазығы және басты мақсаты болып табылады, шығарманың да шиленісі 
шарықтап барып шешіледі. 
Шығармадағы Беликов 1880-1890 жылдарда қалыптасқан Патшалық Ресей саяси 
үстемдігінің бірден бір символы. Ол өте орайшыл, күманқор, қоян жүрек қорқақ. Оның осы " 
Ғажайып адам " сипаты үрей мен оқшаулану ерекшелігіне ие. Беликовтың осындай 
психологиялық үрейі өзімен ғана шектелмейді, айналасындағы әр турлі адамдарға, олардың 
қоғамдық қимылына, кісілік қатынасына да әсерін тигізіп жатады. Ол бейне патшаның көз-
құлағы, жуандардың сілтер шоқпары, сақшылардың көзірі, жауыздықтың қайнары, түрменің 
түпсіз тереңі, жұқпалы дерт тәрізді қоғамдағы әр топтар мен әр түрлі жастағы, ер мен 
әйелдердің барлығына да қорқу сезімін тудырып отырады. Ол осы үрейі арқылы өзі паналап 
отырған рухани түрмеге барша адам баласын шақырып тұрғандай әсер етеді. Беликовтың 
бойындағы осынау қорқыныш пен үстемелеген үрей оның сана-сезімінен адам баласына ортақ 
құндылық болып саналатын махаббат пен достық сынды ізгі сезімдерді алыстатып жіберген. 
Осындай түйсікке ие кейіпкер осы қасиетті сезімдер аясындағы қоғамның алға дамуынан 
барынша бойын аулаққа салып, алаңдаумен жүреді. Беликовтың бойында бұдан басқада 
тоңмойындық, тәкапарлық, сыңар езулік және кері кеткендік қасиетері бар. Бұл қасиеттер 
адам баласының ең нашар сипаттары болып табылады. Автор осы сипаттардың келеңсіздігін 
Беликовтың бейнесімен көрсету арқылы адамдар арасында осы сияқты адамдардың барынша 
азаю керектігін сөз етеді. 
А.П.Чехов Беликовтың елден ерек ғажайып сипаты арқылы сол кездегі Патшалық 
Ресейдің тозығы жеткен саяси үстемдігін сынаумен бірге сол жүйеге қолдау көрсетіп отырған 
қоғамның тоңмойын топтарын мінейді. Әрі адамзаттың ең құнды байлығының бірі еркіндік 
пен оған қарсы мәнге ие тұмшаланудың арасындағы қарама-қарсылықты ашып көрсетіп адам 
үшін рухани және адами бостандықтың баға жетпес жарқын баса бағалап, адал да, ашық 
қоғамдық жүйенің қалыптасуын армандайды. Автор Беликовтың өлімі арқылы бұл топтағы 
адамдардың түбі бір күн құрдымға баратынын ескерткенімен саяси жүйенің әлі де тым ұзақ 
өзгерістерді басынан кешіруге тура келетіндігін де ескертеді. Жазушы осынау ерекше образ 
арқылы кез-келген қоғамда түрлі топтар арасында түрліше көзқарас пен пікір алауыздығының 
және қым-қуыт қайшылықтардың болатынын суреттесе, екінші қырынан қоғамда 
қайшылықтар белен алғанда азаматтардың тұмшаланып , оқшауланып жүрмей, сергек 
ойлылық танытып, белсене араласып дұрыс жол табуға ат салысуын талап етеді. 
А.П.Чехов Беликовтың образын мектеп оқытушысына беруінің де зор мәні бар. 
Беликовты басқа мамандық иесіне телуге де болар еді, алайда оқытушының бала 
тәрбиесіндегі, болашақ дүниенің қалаптасуындағы орнын бағалай отырып осылай шешімге 
келген болуы мүмкін. Ұлт келешегі саналатын, елдің ертеңгі тірегі есептелінетін ұрпақ 
тәрбиесі от басынан тыс, мемлекет үшін де аса жауапкершілікті талап етері анық. Сондықтан 
аға ұрпақтың келесі ұрпақтан күтері де көп, талабы да ауыр. Олай болса Беликов секілді 
оқытушыдан қандай үміт күтуге болады, ол қандай қасиетімен жас ұрпақ жүрегіне жол таба 
алады? Ендеше қай кезеңде болмасын, қай елде болмасын оқытушының қоғам алдыңдағы, 
мемлекет алдындағы жауапкершілігі зор болмақ, Егер қоғам оқытушы алдындағы міндетін 
шынайы сезінсе, оқытушы да жас ұрпақ алдындағы парызын адал атқара білсе еліміз Беликов 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет