«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


ТІЛ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАНЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет36/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

ТІЛ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАНЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ. 
Э.Н. Оразалиева - 
филол..ғыл. д., 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы 
мемлекеттік саясат ұлттық мектебі «Үштілділік» бағдарламасының жетекшісі 
Әлеуметтік танымның қажеттілігі тілдің шығу тегін зерттеу, оның табиғатын сұрыптау, 
өзге тілді меңгеру, базис пен қондырма мәселелерін анықтау, яғни адамның бар болмыс-
табиғатын түсіну-түсіндіру процестерінің шешілу мүмкіндігімен сараланады. «...таласы көп 
сөздер әлеумет мәселелері турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі - тоқсан түйіннің 
тоғысып шиеленісетін жері. Оны дұрыс шешуге көпті көрген көсем болуға керек. Адамның, 
халықтың, я бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін, ой жүйесін, тарихын, мұң-
мұқтажын жақсы білетін дана болу, ғалым болу керек. Тұрмыс мәселелері деп қандай 
мәселелер айтылады? Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі
өмір мақсатының мәселесі, яғни өмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, 
мемлекет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі»[ l; 221-6.] деп қазақ тіл білімінің 
көрнекті өкілі А.Байтұрсынұлы ұсынған мәселелер жіктемесіне назар аударсақ, адам 
атаулының қоғамдағы, күнделікті тіршіліктегі жүзеге асырар кызмет-қасиеттері оның 
әлеуметтік 
танымын 
айқындауға, 
когнитивтік 
бірліктерді 
коғамдық 
ұғымдармен 
сабақтастыруға мүмкіндік береді. Қоғам мен адам арақатынасы, ең алдымен, тілдік құралдар 
арқылы көрініс табатындықтан, жеке тұлғалардың катысымдық әрекеті, топпен араласу 
қабілеті, қоғамда атқарар қызметі, соған орай анықталар әлеуметтік жағдайы - барлығы дерлік 
тіл арқылы, тілдік қатынас негізінде дәйектелетін экстратанымдық факторларды құрайды. 
«Тілдік жағдай» ұғымының астарында да осы аталған фактілер жинақталып, жүйеленетіні 
сондықтан болар. Адамдар тіл арқылы құрылымдық не болмаса формалық өзгешеліктерді ғана 
емес, ең бастысы, сол тілді пайдаланушылардың ұлттық психологиясын, мәдени даму үлгісін, 


Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серинсы, Л’°2 (32),20Юж. 
әлеуметтік негіздерін танып білу қасиетіне ие болады, сол себепті тілдің шынайы болмыспен, 
қоршаған әлеммен, өркениетпен, адам жаратушысымен байланысы ғалымдар назарын ғылыми 
қалыптасудың алғашқы кезеңдерінен бастап өзіне аударды. Ежелгі үнді, грек, кытай 
ойшылдары да тіл табиғатын зерделеуде адам мен қоршаған орта ұғымдарының байланысын 
негізге ала пайымдады. Айталық, Платон өзектеген мәселелер қатарында «Сөздер танымның 
құралы бола ала ма? Олар тілден сырт жатқан болмыспен байланысты ма?» деген сауалдар 
қарастырылып келді. 
Қоғам мүшесі туралы толыққанды мәлімет жинау үшін, оның өмір сүру ерекшелігін, 
әлеуметтік ойлау жүйесін, бойында тұнып жаткан сан алуан қабілеттер желісін айқындап алу 
кажет. Адам мәңгі қозғалыста жүретін жаратылыс иесі ретінде үғынылатындықтан, әлеуметтік 
танымның ұстанымдары да сол қозғалыстың динамикалы сипатына, латентті мінездемесіне 
қатысты, яғни жеке субъектілердің өмірі де, мәдени қалыптасуы да өзара байланыссыз 
тізбектер жиынтығы емес, олар бүтіннің бөлшектері, әлеуметтік дамудың құрамды бөліктері 
деп танылады. Шынайы болмыс, қоршаған орта өзгерген жерде танымның өзі де, оның 
дереккөздері де өзінің қалыпты жағдайынан ауытқып, нәтижесінде әлеуметтік заңдылықтардың 
жаңа теориясы қалыптасады, өзгеше бағыт-бағдары анықталады. Осындай өзгерістер 
қатарында элеуметтік танымның тілдік құралдарын атауға болады. Ғалым А.Байтұрсынұлы 
дәйектеп өткендей, олар «Адамның, елдің, жұрттың басындағы келіссіз ғамалдарын, мінездерін 
айтып көрсету, халықтың құлқын түзеуге зор пайдасы тиетін нәрсе» [1; 227-6.] болғандықтан, 
тіл коғам мен оның даму ерекшелігін сипаттайтын әрі оның адамзат жадында сақталар 
нормаларын белгілейтін құндылықтардың бірі болып табылады, сондықтан тілдік деректерді 
жинақтау, олардың экстратанымдық ұстанымдарын саралау, ең бастысы, коғамдық 
маныздылығын уәждеу қазіргі лингвстикалық зерттеулердің қажет діңгегін құрайды. «Әрбір 
халықтың тарихында үлкен әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өзгерістер дәуірі болатыны хақ. 
Халық тарихындағы осындай өзгерістер сол халық тілінің сөздік қорына әсерін тигізбей 
қоймайды. Өмірге қанша жаңалык, канша жаңа зат пен жаңа ұғым қосылса, тілге де соншама 
жаңа сөздер мен сөз тіркестері қосылып отырады» [2; 103-6.], -деп ғалым Ш.Сарыбаев 
ескерткендей, тіл дамуын айғақтайтын бұл өзгерістер халықтың тілдік қорынан ғана емес, 
өмірлік тәжірибесінен де, мұрагерлік қазынасынан да орын алары анық. 
Когнитивтік әлеуметтану мен әлеуметтік тіл білімі мәселелерін сабақтастырудан 
туындаған бұл бағыттың да бүгінгі күні өзіндік ұстанымдары да, тұжырым-қағидалары да 
өзекті тақырыптарға ұласып, маңызды тілдік зерттеулерге арқау болып отыр. «Халықтың әдеби 
тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты... Әдетте 
қоғамның азаматтық тарихының тіл дамуына әсері едәуір кідіріспен, кешеуілдеп жүреді. 
Әлеуметтік-саяси, идеологиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп шыға келмейді. 
XIX ғасырдың II жартысынан бермен қарай қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде не бір 
өзгерістер, жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын түбегейлі өзгерткен жоқ, 
рас, сөздік қазына молықты, грамматикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық 
стильдердің жеке белгілері айқындала түсті т.т. ...», - деп атап көрсетеді тілші Р.Сыздықова [3; 
23-6.]. Шын мәнінде, тіл мен қоғамның байланысы, бір-біріне әсер ету ерекшеліктері бір күнде 
не бір мезетте байқала қоятын катынастар құрамына енбейді. Ол үшін қоғамдық-саяси 
жағдайлардың деңгейін, әсер ету күшін әрі танылу сипатын сұрыптайтын арнайы уақыт керек, 
өйткені тіл адамзат жаратылысының негізі ғана емес әрі сол адамдар өмір сүретін қоғамның, 
қарым-қатынас нормаларының сарапшысы да бола алады. «Заман қозғалысы тілді де қозғады» 
деп тұжырымдаған Р.Сыздықтың ғылыми-танымдық талдаулары әлеуметтік тақырыппен, 
қоғамдық фактормен тығыз байланысты. Тіл табиғатын анықтау, оның таныммен байланысу 
нормаларын сұраптау мәселелерінің бүгінгі күні әлеуметтік және саяси ықпалмен түсіндіріле 
зерттелуі тілдік танымның уақыт пен заман сұрыптаған заңдылықтармен ұштасуы деп 
түсіндіруге болады. Оның айқын айғағы ретінде осы кезге дейін тілшілер лексикалық қабаттың 
өзгеру, толығу жолдарын талдап, сөздік құрамға енген бірліктердің кірігу уәжін айғақтауды 
мақсат етсе, қазіргі тілдік ізденістердің дені экстратанымдық себептердің тарихи тұрғыдан 
дәйектелген, пәлсапалық болмыс тұрғысынан айқындалған әрі әлеуметтік сана тарапынан 
қабылданған қорытындыларына негізделіп келеді. Бір жағынан, «сөздік құрамның дамуына 
әсер ететін факторлар - қоғамның әлеуметтік құрылысының өзгеруі, өндірістің, 
мәдениеттің,ғылымның дамуы» деп талданса [4; 62-6.], екінші жағынан, қазақ әдеби тілдің 
қалыптасуы мен даму тарихы «қоғамдық сананың», «патриоттық танымның», «халықтардың 
өзін-өзі тану санасының оянуының» жемісі деп танылды. 
Сондықтан автор «Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл - сөйлеу тәжірибесі, оның лексикасы сол 
қоғамның тыныс-тіршілігіне орай әр алуан тематикалық серияларға бөлініп, бірқатарының 
мағыналары өзгеріп, енді бірсыпырасы тұрақталып, терминденіп жатады. Қысқасы, лексиканың 
белгілі бір топтары сол қоғамның сол дәуірдегі мазмұн-мәнін көрсететіндей дәрежеде қызмет 
етеді...» [4; 141-6.J деп тұжырымдайды. Демек, әлеуметтік таным - тілдік қордың молаюына
сөйлеу тәжірибесінің қалыптасуына тікелей әсер ететін экстралингвистикалық фактор. Ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет